Қол үлкен болса, жомарт болғаны ма?
Қазақ тауларындағы көне жұмбақтардың жаңасы
Бұл қызық петроглифті 2024 жылғы 12 шілдеде Еуразия банкінің қызметкерлері, Ешкіөлмес тауында «Петроглифтердің із кезушісі» деген археологиялық эспедициялық құрамның мүшесі болған Сұлтан және Әмірхан Жалишевтер тапқан. Суретте әлдебір антроморфты адам құшағын жайып, күллі әлемді сыйдыруға дайын тұрғандай.
Еуразиядағы тастағы суреттердің ең көп шоғырланған жерінің бірі — Ешкіөлмес. Оны А.Н.Марьяшев деген археолог 1982 жылы ҚазПИ студенттерімен бірге ашқан, бірақ әлі күнге дейін бұл жер толық зерттелмеген. Бұл сайда, жартастың солтүстік-батыс беткейінде бұрын табылмаған әртүрлі дәуірге жататын петроглифтерді ғылыми-практикалық конференция қатысушылары кездейсоқ тапқан, дегенмен ешкім бұл жерде зерттеу жұмыстарын жүргізбеді.
Соңғы эскпедицияда құнды жәдігерлердің біршамасы ашылды, ал қолы үлкен құдай тектес бейне — соның бірі.
Неге ғалымдар петроглифте Құдай бейнеленген деп санайды? Аналогия бойынша бұл петроглиф шумерлердің, ежелгі мысырлықтардың және ассириялықтардың суреттеріне ұқсас. Бұл мәдениеттерде мәртебесі жоғары кейіпкерлер басқалардан өлшемімен ерекшеленеді — құдайлар адамдардан үлкен, патшалар өз қызметшілерінен үлкен, ал өлгендер тірілерден үлкен бейнеленген. Кезеңі де сәйкес келеді — петроглифтің бейнеленген уақыты шамамен б.з.д. 2 мың жыл. Жоғарыда аталған өркениеттердің гүлденуі де осы уақытқа сай келеді.
Құдайдың пропорционалды емес үлкен алақандары ерекше қызығушылық тудырады. Оның кім болғаны және қандай билікке ие болғаны белгісіз, біз тек оны болжай аламыз. Ежелгі ең танымал құдайлардың бірі, біраз аумақта құдай саналған, оның ішінде Қазақстанда да, үнді-иран құдайы Митраның «Үлкен қолды» деген аты да болған. Ведалардыңii үнді әдебиетінің ең көне (2 ғасыр соңы – біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр басындағы мың жылдықтар) діни және философиялық мұралары. айтуы бойынша, Митра аспанның жоғарғы Құдайы Варунамен бірге бүкіл әлемді аралап, күн шыққаннан кейін күн сайын таққа отырды. Айтпақшы, петроглиф Алабас таулары мен Көксу өзенінің аңғарының ғажайып бейнесі көрініс табатын төбенің шыңында орналасқан.
Кейіннен Митраның міндеті қиындап кетті — ол жарықтың иесі атанып, бұзуға болмайтын антты қабыл алатын құдайға айналды. Митра өте танымал еді және оның рақымына бөлену үшін дұға жасайтындардың саны шексіз болатын, бәлкім сол үшін де оны «Үлкен, ашық қолды» деп атап кеткен болар. Көне суретші-шаман Ешкіөлместе соны салды ма, жоқ па белгісіз, бірақ автор мен оның тайпаластары өтінішін бір құдай қабыл алады деген ниетте болғаны сөзсіз. Осыған арналған оның үлкен қолы да бар ғой. Тым үлкен.