Құпия петроглиф

Өзгеше дөңгелек пішін

Дөңгелек-күн. Фрагмент. Құлжабасы/Ольга Гумирова

«Он екі кегейі бар,

Тозбас заң дөңгелегі

Айналар көк жүзінде.

Үстінде оның, о, АгниiiАгни — үнді дәстүріндегі от құдайы,

Жеті жүз жиырма ұлың

Жұп құрасып тізілген.

Бұл жұмбақ жыр 3500 жыл бұрын жазылған. Қазірдің өзінде кейбіреулер осы «Ригведа» мәтініндегі сөздердің мәнін оңай түсінеді. Бұл — ведалық тілде жазылған үнді әдебиетінің ең көне ескерткіші. «Ригведа» шамамен б.з.д. 1700–1100 жылдары құрастырылған деп есептеледі. Ол ең көне үндіарийлік мәтіндердің бірі әрі әлемдегі ең ежелгі діни мәтіндердің қатарында.

Жұмбақтың жауабы айқын. Бұл — Жыл он екі ай, ал дөңгелек дегені — Күн. Жұмбақтағы 720 саны кейбіреулерді шатастыруы мүмкін. Бірақ логикаға жүгінсеңіз, мұнда күндер мен түндер жайлы сөз болып отырғанын түсінесіз. Ежелде үндіарийлер жылды 360 күн мен 360 түнге бөлген.

Дөңгелек-күн. Фрагмент. Құлжабасы/Ольга Гумирова

Дөңгелек — бұл қола дәуірінің және Қазақстанның әртүрлі жерлеріндегі петроглиф топтамаларында ең көп кездесетін символдардың бірі.

Ежелгі адамдардың діни дүниетанымында дөңгелек — мәңгілік пен құдіретті Күннің бейнесі болған. Ол әлемнің құрылымы мен адамзаттың ондағы орнын көрсеткен. Дөңгелек бейнелері Жамбыл облысындағы Құлжабасы петроглифтер топтамасынан да көре аласыз.

Арқарлы станциясы жанынан пойызбен өтіп бара жатқан жолаушылар сол станцияның шығысындағы Шу-Іле тауларының төменгі жотасында Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Еуразиядағы ең үлкен петроглифтер топтамасы тұрғанын білмеуі әдбен мүмкін.

Дөңгелегті бейнелейтін зооморфты көрініс. Құлжабасы/Ольга Гумирова

Иә, ол жерде күнге күйген тастар мен терең шатқалдар арасында ежелгі суреттердің бүтіндей бір көркем галереясы жасырылған. Солардың ішінде дөңгелек пішінді бейнелер де бар. Жазық беті патинамен жабылған, сондықтан нақты орнын білмей, оны табу оңай емес. Суреттің бөлшектерін тек күн батар алдында, көлденеңдей түскен сәуленің жарығымен анық көруге болады.

Бұл дөңгелектің жұмбақтағыдай 12 емес, 11 кегейі бар, бірақ шаман-суретшілер оны шамамен «Ригведа» гимндері жасалған дәуірде қашап салған. Бұл суретшілердің қай руға немесе тайпаға жататынын әзірге дәл айту мүмкін емес. Күлжабасы археологиялық кешеніндегі зерттеулер әлі аяқталған жоқ, қоныстар мен қорымдарға кең көлемде қазба жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан нақты жауап жоқ. Дегенмен ғалымдар бұл қасиетті орынды жасауға Андронов тайпаларының қатысы болуы мүмкін деп есептейді.

Табиғат көрінісі/Ольга Гумирова

Мүмкін, шаман-суретшілер үшін дөңгелектегі кегей санының аса маңызды мәні болмаған шығар. Бірақ сол топтамадағы күйме дөңгелектерінің төрт кегейінің бағыттары әлемнің төрт бұрышына сәйкес келген. Ол заманда Күн арбамен жүреді деген түсінік кең таралған еді, яғни Күн арбаға жегілген аттармен күн сайын көкжиекте бойында белгілі бір нүктелерден көрініп, қайтадан ғайып болады деп сенген. Бәлкім, Шу-Іле тауларының ежелгі тұрғындары үшін бұл ақпарат маңыздырақ болған шығар. Ал неге бұл дөңгелекте он бір кегей салынған? Мұны жай ғана орындаушының қателігі дей салу оңай, бірақ, мүмкін, бұл бізге белгісіз көне халықтардың басқа күнтізбесі болғанының дәлелі шығар. Ежелгі халықтар бір жылды бізге беймәлім тәсілдермен бөлген болар. Мысалы, ежелгі Британия тұрғындары жылды он үш айға бөлсе, мезоамерикалықтарда бір жылы 260 күннен тұратын күнтізбе қолданылған.

Жылқылар Шу Іле тауларында жайылады/Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді