Төрт мүйізді бұқа

Алматы облысындағы рух тасушы

Аққайнарлық бұқалар. Сурет/Ольга Гумирова

Бұл петроглиф Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Аққайнар археологиялық кешенінің орталық ғибадатханасында орналасқан.iiҒибадатхананы 2008 жылдың жазында Ә. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші қызметкері Алексей Марьяшев басқарған экспедиция тапқан

Қасиетті жартаста бастан аяқ қола, ерте темір және орта ғасырдың елеулі оқиғалары бейнеленген. Біз ол тастан садақ атқан адамдар мен жануарлардың жыпырлаған бейнесін көреміз. Олардың ішінде адамды таңғалдыратын сурет — ұзын төрт мүйізді, оның әрбірінінің ұшында адам тұрған бұқаның кескіні бар.

Кейіннен ғибадатханада көлемі бұдан кішірек тағы бірнеше төрт мүйізді бұқа табылды. Олардың бәрі дерлік қола дәуіріне (б.з.д. 2–3 мың жылдықтар) жатады, бірақ Шу-Іле таулары аймағында нақ қандай тайпа өмір сүргені белгісіз. Бәлкім индоирандық тайпалардың біреуі болар.

Тарихшы М.Е. Килуновскаяның нұсқасы бойынша, бұған Марьяшев те келісіп отыр, төртмүйізді бұқа — бұл мифтік Сарсаок. Оның міндеті — қайтыс болған адамдардың рухын арқасына салып алып, ана дүниеге жеткізу. Бұл бұқа зороастризм мифологиясы мен парсы сенімдерінен белгілі. Ол өте үлкен, жуас, бірақ ашуланса тау қопаратындай алапат күш иесі.

Дегенмен Аққайнардағы бұқаға қатысты тағы бір шешілмеген жұмбақ бар еді. Мифтерде Сарсаок ай және сумен тығыз байланысты. Бірақ петроглифті тапқандай ғибадатхананың жанында бірде-бір өзен, көл жоқ екенін айтқан. Тек оңтүстікке қарай жарты шақырым жерде бұлақ табылған. Шу-Іле таулары — құрғақ жер, маусымнан қыркүйекке дейін жанып тұрады. Тек петроглифтерді қайта зерттеу арқылы ғана жұмбақтың шешімін тапқандай болды. Көктемде жауын-шашын мол жауғанда, сайға сарқырап жылғалардан су ағады екен де, жаңағы қасиетті бұқаның суреті салынған жартастың астында кішігірім көлшік пайда болады екен.

Аққайнарлық петроглифтердің тағы бір тобы/Фото: Ольга Гумирова

Аққайнардағы бұқаға табынған адамдардың материалды мәдениеті әлі де толыққанды зерттеле қойған жоқ, тұрақта зерттеу үшін табылған заттар әлі күнге дейін жиналып жатыр. Сондықтан, бәлкім, Қазақстан тарихшыларына жақсы танылған Аққайнар әлі бізді таңғалдырып қалдыруы әбден мүмкін.

Тағы екі Аққайнарлық бұқа/Фото: Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді