Әлемнің бейнесі қандай?

Уэльстің ұлы ақынының ойынша

Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Мынау әлем,

Қимылдан үзілген,

Жалғаннан түзілген — бір кесек материя сынды.

Мұнда сен бәрін сүйгенмен, 

Сені ешкім сүймейді.

Әрі көрген түсің өлгендерді,

Көрге енгендерді,

Күлкі әлемінен тысқарыға жетелеп,

Олардың күлін қасиет тұтып,

Көкке көтереді, 

Иә, біздің әлем осындай екеніне илан!

Біз таңдағы қораздай шақырып,

Мақтан қылып,

Қайтқандарды өлгендер әлеміне аттандырдық,

Бірақ атылған оқтай болған естелігіміз,

Ескеріңіз,

Кино таспасындағы бейнелер ұмыт қалдырады,

Ал сонда не десеңіз?

Қауышып, сүйіп, өмір үшін күресіп,

Жүргендермен қайтадан өмір ағына ілесіп,

Ғұмыр кешеміз.

Сол үшін аумалы-төкпелі жүрегімізге мадақ болсын!

(«Біздің әтектеу түстеріміз» өлеңінен алынған үзінді) 

Дилан Томас (1914–1953) — 20 ғасырда өмір сүрген көрнекті валлий ақыны, жазушы, драматург, романтика бағытының барлық дәстүрлерін, соның ішінде ішкілікті де берік ұстанған тұлға.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы