Элиот Уайнбергер

«Ду Фудың өмірі»-нен

Берлиндегі Клостерштрасседеғi әдеби салонда «Каскаден» атты кітабын таныстыруда. 2003 жылғы 17 мамыр / Qalam редакциясы/Legion

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Конфуцийдың анау үзіндісі жайлы ойладым, онда қырғауыл тау өткелінде үш рет пысқырып, ұшып кетті. Әлі күнге шейін ешкім бұның мәнін аңғармады.

Генерал Ин Хао жайлы ойладым, ол шайқаста жеңіліп, қатардағы адамның дәрежесіне түсірілді. Ол қалған өмірін ауада саусағымен екі сөзді қайта-қайта жазумен өткізді: «Қызық екен».

Элиот Уайнбергер (1949 туғ.) — американдық ақын, эссеист, қытай тілінен аудармашы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы