Көрдіңіз бе сіз Айды?

Абзал Сүлейменнің өлеңі

Абзал Сүлеймен/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Көрдіңіз бе сіз Айды?

Бетін сипаған әже төсек тартқалы бері

Айға сәлем беруді қойған.

Терезеден түскен сәуле

Оның да бетінен сипай алмас.

Шегара сызығына айналған өзен де тартылуға шақ,

Бұл жерде тіршілік болмағалы қашан?

Жағадағы қамыстар жапырылғанда

Су бетінде тек Ай сәулесінің дірілі ғана көрінетін.

– Жүріңіз , тас атып ойнайық!

– «Енді бұл жерде су да жоқ!»*

– Жүріңіз, қолымнан ұстаңыз!

– «Шіркін, бір тамшы су болсашы!»i(Т.Элиоттың «Шөл» поэмасынан)

Сор түбінен ұшқан топырақтан да ауыр қайғыға,

Жон арқасын желге тосқан

Дала шөбі де шөгеді.

Сіз зират басына көшкен мыңдаған Айды көрдіңіз бе?

Мүктің үнемі ағаштың солтүстік бетіне бітетінін айтқанда,

Сіз көрдіңіз бе? Мыңдаған айдың сөнгенін?

Абзал Сүлеймен, 1992 жылы 7 қазанда Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. «Желге ұшқан түстер» жинағының авторы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы