Ана тілі

Тұманбай Молдағалаиев

Тұманбай Молдағалаиев/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де
Менің ана тілімде.
Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

 

Барлық тілді үйренесің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең, өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.

 

Мен анамды ұғындым деп мақтанам,
Тілін білдім, жырын білдім сақтаған.
Өз анасын сыйламаған пақырлар
Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам.

 

Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың,
Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
Ал басқасын өзің тауып аларсың.

Тұманбай Молдағалиев (1935-2011) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы