Шаққанда мені бізгекпен инеден ұсақ…

Күміс ғасырдың нәзіктігі туралы

Мария Моравская/Qalam редакциясы

Шаққанда мені бізгекпен инеден ұсақ,

Жарасы оның жылдарға тарамдасады да.

Шабылған шырша мен үшін уайымға ұқсап,

Жоғалған күшік алаңдатады да.

 

Жасым да батып

Әр тамшы тауысып төзім,

Азанда жылап байқұсқа көңілі құса.

Нәзіктеу болған соншалық жаман ба өзі?

Жаным ашығаны көзімнен көрініп тұрса?

Мария Моравская (1890–1947) — тегі поляк орыс ақыны, Күміс ғасырдың Петербург бикеші, 1917 жылы болған революциядан кейін Америкаға көшіп кеткен.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы