Ниссалық Григорий

Айуанша ақыру туралы

Ниссалық Григорий

Егер адамда қол болмаса, онда төрт аяқтыларға ұқсас, бетінің бөліктері тамақ ішу мұқтаждығына сәйкес қалыптасар еді, беті ұзын болып, танауына қарай жіңішкере түсер еді. Ерні шөп жұлып жей алатындай мүйізгекті, қатты әрі қалың болып, алға қарай ұмсынып тұрар еді. Тістерінің арасына қазіргісінен өзгеше — етті, серпімді әрі қатты, тіске көмектесетін немесе ит пен өзге де шикі қоректілер сияқты дымқыл және жиегі жұмсақ, тістің өткір қатарларының арасында айналып тұратын тіл кіріп тұрар еді. Сондықтан егер денеде қол болмаса, онда аузының құрылымы сөйлеу қажеттілігіне бейімделмеген кезде ол анық естілетін дыбысты қалай шығарар еді? Адамға не маңырау, не мөңіреу, не үру, не кісінеу немесе өгіздер мен есектер сияқты ақыру, әйтпесе әлдебір тағы аң сияқты ырылдау керек болатыны шүбәсіз еді. Ал қазір, денеде қолы бар да, ауыз сөйлеу үшін бос.

Ниссалық Григорий, «Адамның қалай жасалғаны туралы», 4 ғасыр

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы