Бақытсыздығымыз қашан аяқталады?
Аталған сауалға грек стоигі жауап береді
Саналы адам ешқашан әлдебір жағдайға күңкілдеп наразылық білдірмейді, өйткені ол нағыз қайғы қасірет басымыздан өткен оқиғадан емес, ол жөнінде жөнсіз ой қорытатынымызға қатысты туады. Осы бір оғаш ойларды санамыздан шығарсақ болғаны, біз бақытсыздық ретінде көріп жүрген дүниеміздің бәрі сап тыйылады.
Эпиктет (шамамен, 50–138 ж.) — ежелгі грек философы-стоик, еркіндік алған құл, Никополдегі мектептің негізін қалаған тұлға.