Страбон

Ганг өзенінің жағалауында тұратын адамдар туралы

 Страбон портреті. 1584 жыл / Boston Public Library

Бұл жабайылардың өкшесі алдыңғы жағында, ал табаны мен бақайлары артында. Әйтсе де аузы жоқ бірнеше адамды алып келудің сәті түсті; олар Ганга өзенінің бастауында тұратын момын адамдар еді. Олар тек қуырған еттің буымен және жемістер мен гүлдердің иісімен ғана қоректенеді, өйткені олардың ауыздарының орнында тек тыныс алатын тесіктері ғана бар, олар сасық иістен зардап шегеді, сондықтан әсіресе әскери лагерде әзер-әзер тірі қалады.

Страбон «География», 1 ғасыр

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы