НАМАЗШЫЛ КОМСОМОЛ
«Еңбекші қазақ» газетіне келген хат
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.
Қазақстанда совет билігі орнағаннан бері шыға бастаған газет-журналдар ақпарат көзі мен идеологиялық үгіт құралына айналып қана қоймай, қоғамға ұнамсыз тұлғаларды масқаралау, айыптау алаңына да айналды. Совет газеттерінде анонимді хаттар да жарияланды. «Еңбекші қазақ» газетінің «Жастар арасында» айдарында 1927 жылы жарияланған осындай хаттардың бірі:
Жаңақорғанның сегізінші ауылындағы Табыланұлы Бесбай жолдас 25-жылдан бері комсомол1
Комсомолдардың уездік комитеті ескі әдет салтқа түсіп жүрген Бесбай секілділердің тиылу шарасын істеу керек қой.
А ұлы Б.
«Еңбекші қазақ газеті — Қазақстан Компартиясы өлке комитетінің баспа органы ретінде 1921 жылдан бастап шығып келе жатқан қазақ тіліндегі облыстық газет. Совет заманында газеттің аты әуелі «Социалды Қазақстан», кейін «Социалистік Қазақстан» деп бірнеше рет өзгерді. Қазір газет «Егемен Қазақстан» деген атпен шығады.