Бізді қой қайтесің, орнында бар оңалар

Бақыт Кенжеевтің рухына тағзым

Бақыт Кенжеев/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

«Өмір – өзен» дейді ғой. 

Сонда, адам – жылға ма?

Жылға ма, қара жер жұтатын түбінде?

От жанса, артында күл қалар.

Ал бізден қалмайды – күліңде. 

Дәл Лазарьдің қайта оралуы жайлы сандырақ секілді.

(Бұл өзі физиканың заңдылығын бұзған бір түсінік оңбаған).

Өзгенің жан жұмбағын майшамсыз оқу мүмкін емес, 

Бірақ ол майшам әуелден болмаған.

«Әуезді алдымен өзіне дарытып, 

Артынан жоқ қылған адамдар, 

Жазықсыз адамды өлтірген қылмыскер түсетін,

Тозақтың отында қор болар» – дейді жұрт.

О, бірақ, өлімді әлемді тазартар «ұлы жарылыс» деседі кей кісің.

Әй, қайдам, кешкі құлшылығын асығыс орындаған күнәһар,

Таңертең «періште» боп оянар деймісің!?

Бізді қой қайтесің, орнында бар оңалар,

Жүрміз ғой «Жер» дейтін түрменің ішінде,

Уайым сол, жер жұтқан – өлгендер: оларға не болар?!

Бақыт Кенжеев (1950–2024) — орыс тілінде жазған қазақтың көрнекті ақыны, Оңтүстік Қазақстанның тумасы, өмірінің соңғы жылдарын Нью-Йоркте өткізді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы