Обаның басты тұлғасы
Әулие Себастьян жөніндегі миф
Бұл ерте христиандық кезеңнің әулиесі ережелерді құрметтегені сонша, жаза кезінде тірі қалып, өлім құшу үшін жан алғыштарға қайта барған.
Өнер әлемінен хабары бар жұрт — жауынгер, христиандарды қатты жек көретін, қартайғанда Далмацийде ештеңе болмағандай орамжапырақ егіп күнелткен Рим императоры Диоклетианның (284–305) әскерінің сапында болған Әулие Себастьянның образын жақсы біледі. Арызқой біреу Себастьянды биліктегілерге ұстап беріп, ақырында оны өлімге кескен.
Оның өлім құшқан сәті (садақпен атқан), тіптен зайырлы әлемнің өзінде де ең мәшһүр сюжеттің біріне айналды. Дегенмен жартылай жалаңаш, бағанға байланған денесін тесіп өткен жебеден азап тартқан осы бір жас жігіттің ғаламат бейнесінің секс-символға айналған нағыз парадокс.
Аталған жарақаттан Себастьянның қалайша қаза таппағанына таңданғандар жетерлік. Дегенмен оны жұрт жазаға тартқан бағаннан шешіп алғанда, хәлі мүшкіл болған көрінеді. Бірақ христиандар оның ем-домын жасап,iбұл істе қайырымды Ирина есімді әйелдің еңбегі орасан ақырында Себастьян аман қалған. Алайда ол сауыққан соң, көз көрмес, құлақ естімес елсіз мекенге қашып кетіп, бас сауғалаудың орнына, түк болмағандай бұрынғы қызмет еткен әскери бөлімінің сапына барып қосылған. Басшылық қолға өзі келіп түскен жаудың көзін қуана-қуана құртып,iбұл жолы аман жібермей, өлтірген денесін Римнің негізгі құбыры жүрген Үлкен шұңқырға (Cloaca maxima) тастаған.
Осыдан кейін Себастьянның елесі өзге бір қайырымды Луцине есімді әйелге келіп, денесін тауып, Аппий жолындағы жер асты қабіріне қою керегін жеткізген. Содан бері және қазірге дейін Әулие Себастьянның қабірі — христиандық Римнің ең ілкі әрі ең маңызды киелі мекеніне айналды.
Ежелгі уақыттарда (7 ғасырдың аяғынан бастап) Әулие Себастьянның бейнесі түрлі жұқпалы жаралардан, бірінші кезекте, обадан я қазіргі кезде біз оба деп атап жүрген аурулардан айығумен астастырылатын болған. Ежелгі pestilentia-дің, яғни дерттің неліктен эпидемияға айналып кеткені, әлбетте, түсініксіз күйінде қалып отыр.
Мәселен, ежелгі дәуірден бері жұрт жұқпалы ауруларды жазалаушы-құдайлармен тығыз байланыстыратынiайталық, Артемида және Аполлонмен болған. Ашуға мінген құдайлар асау пенделердің жазасын беру үшін, улы жебелермен атып, үлкен эпидемияларды тудырған. Ең қызығы, аталған дерттің емін жұрт дәл осы ауруды жіберген Құдайлардан іздейтін болған. Христиан дінінің орнауымен Аполлонның күні батып кеткенімен, дұға етуші жұрттың қажеттігі сол күйінде қалған.iжебенің аурудан айықтырар символы соны мән үстеп, жаңаша қолданысқа ие болды.
Римде және Бенедикт11Әулие Бенедикт Нурсий (547 жылы қайтыс болған) атындағы Батыстың ең көне монахтық дәстүрінің бірі ордені құрылған Павияда оба өршіген уақытта монах әрі тарихшы Павел Диконғаi799 жылы қайтыс болған бір уахи келеді: Павиядағы кісенделген Әулие Петрдің шіркеуінде азап шеккен Әулие Себастьянның алтарі салынбайынша, бұл оба тоқтамайды.
Шамамен сол уақыттарда Әулие Себастьянның бейнесі салынған мозаика жоғарыда сөз болған Рим шіркеуіне (Микеланджелоның соққан мүйізі бар Мұсаның мүсіні тұрған шіркеуге) қойылды. Айталық, аталған мозаикадағы Себастьянның бейнесі секс-символға болуға мүлдем жарамайды: тобығынан мойнына дейін киім жабылған, қаусаған әрі басы таз шал.