Геркулес бағаналары: миф пе әлде?...

Әлем тарихындағы ең құпия бағаналар туралы баян

Геркулес тіректері. Сеут Порты. Испания/Alamy

Қайда орналасқан, неден жасалған және әйгілі бағаналар қай елдің елтаңбасында бейнеленген?

Гибралтар бұғазының кіре берісінде қазықтай қағылған қос тауды көрген жұрт, оларды сол жерге біреу әдейі апарып қойған деп ойлауы әбден мүмкін. Еуропа жағынан — Гибралтар тауы, ал Африка жағынан Жебел-Мұса және Абила деп аталатын қос бірдей таудың ортасында орналасқан.

Мифтерде аталған тауларды ілкіде ұлы қаһарман Геракл тұрғызып, жердегі тіршіліктің ақырын таятқаны жөнінде айтылады. Римдіктер оны Геркулес деп атайды. Геркулес бағаналары деген атау да осыдан шыққан. Мифтің кейбір нұсқасында Гибралтар шығанағын Гераклдың өзі жасаған делінген (ол Жерорта теңізін жауып тұрған тауларды қопарып, мұхитқа жол ашқан). Бұл оқиғаны СенекаiЛуций Анний Сенека (б.д.д. IV ғасыр – 65 ж.) — Рим философы әрі жазушысы«Геркулестің ессіздігі» деп аталған трагедиясында:

«Шыжыған күн астында бұйрықты орындап,

Жер ортасындағы елдің тынысын қиып,

Тауды ол екіге бөліп, бөгетті бұзды

Мұхит суына жол салып берді» – деп суреттеген.

Гректер бұл мифті жоғарыда сөз еткен тауды Мелькарт бағандары деп атаған финикиялықтардан алғанға ұқсайды. Мелькарт дегеніміз — теңізшілердің жебеушісі болған финикиялық құдай. Саудагерлер бұл құдайға қатты табынған, оған арнап ғибадатханалар салып, балық құйрықты, атқа мінген сақалды еркек бейнесіндегі ескерткіштерін орнатқан. Дейтұрғанмен, бертін келе гректер өздеріне таныс болған Мелькартты Гераклмен байланыстырған. Геркулес бағандарын жасаған сол болса, басқаша болу мүмкін бе?

Пейтингер тақтасы. Геркулес бағаналары белгіленген фрагмент. 13 ғасырдың басындағы қолжазба/Alamy

Пейтингер тақтасы. Геркулес бағаналары белгіленген фрагмент. 13 ғасырдың басындағы қолжазба/Alamy

СтрабонiСтрабон (б.д.д. 64–24 жж.) — римдік Греция тарихшысы әрі географымен ГеродотiГеродот (б.д.д. 484–425 жж.) — грек тарихшысы әрі саяхатшысы Ливандағы Тир қаласындағы финикиялықтардың Мелькартқа арнап салған ғибадатханасы туралы жазғанда, теңіз құдайының атын — Геракл деп өзгерткен.

Екі автор да, ені сегіз шынтақ болатын (шамамен, 3 метр 30 сантиметр) ғибадатханадағы үлкен бағаналар жөнінде сөз етіп, жартылай құдай Геракл бағаналарының төбесі ретінде жасағанымен, ғибадатханаға кейінірек жеткізілген деп сипаттаған. Мұндағы алтын түстес бағаналар Африканы, ал көк-жасыл түс — Еуропаны бейнелейді.

«Мен онда Геракл ғибадатханасы бар екенін естіп, Финикиялық Тирге жолға шықтым. Іші құдайға сый ретінде қойылған түрлі әшекей бұйым толы ғибадатхананы көрдім. Құдайға сый ретінде тартылған алуан түрлі бұйымдардың ішінде бірі таза алтыннан, екіншісі түнде жарқылдап жанатын смарагдадан жасалған бағана болды».iГеродот, «Тарих» II кітап

Егер біреуіне алтын жалатылған, ал екіншісі — жасыл түсті балқытылған әйнекпен қапталса да, ғаламат сұлулықты көруге болады. Сондықтан Тир қаласына өзге елден келген қонақтар, көздің жауын алатын қымбат Геркулес бағаналары жайында өз өлкелеріне мифті таратқаны анық. Геркулес бағаналарының көркемдігі туралы Платон да жазған.iПлатон (шамамен б.д.д. 428–347 жж.) — философ

Дегенмен аталған бағаналарды көрген саяхатшылардың көпшілігі олардың — жай тау екенін, ешқандай да жүбәржат пен алтыннан құйылған бағаналардың жоқ екенін айтқанымен, ол жөніндегі аңыз тарап кетті. Әрмен қарай бұл аңыз қымбат болмаса да, тастан тұрғызылған бағаналар болған, бірақ 8 ғасырдың басында араб әскербасы Тарик ибн Зияд оларды бұзуға бұйрық берген.

Геркулес тіректерді алып бара жатыр. Лимождық эмаль. 16 ғасыр/Wikimedia Commons

Геркулес тіректерді алып бара жатыр. Лимождық эмаль. 16 ғасыр/Wikimedia Commons

Пиреней түбегін жаулаушы Тарик ибн Зияд, шынтуайтында, шығанақ маңайындағы жердің бәрін бағындырған. Бұл аймақ әлі күнге дейін әскербасының есімімен аталады.iГибралтар — «Джабаль әл Тарик» дегеннің қысқартылған түрі, Тариктің тауыБірақ қолбасшының бағананаларды қиратқанын және Гибралтар тауында қандай да бір бағаналар болғанын айғақтайтын ешқандай да сенімді дереккөз жоқ.

Нақты дереккөз болмаса да мифке айналған екі баған император V КарлдыңiКарл V Габсбург (1500–1558 жж.) — Қасиетті Рим империясының императорыжеке эмблемасы арқылы жетіп, Испанияның елтаңбасында жарқырап тұруға кедергі келтірмеді. Бұл белгі империяның Геркулес бағаналарынан тысқарыда жатқан, Атлантикалық иеліктерін меңзейді. Бұл сөзімізді елтаңбадағы бағаналардың төбесінде жазылған Plus ultraiлат. «Шектен тыс»деген ұран дәлелдейді.

1 / 2

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы