1945-жылдың алмалары

Шавкат Гафуров

Шавкат Гафуров. 1945 жылдың алмалары. 1988 / Белгісіз дереккөз

1988 жылы салынған бұл туынды соғыс жылдары әртүрлі ұлт өкілдерінен 14 бала асырап алған ташкенттік ерлі-зайыптылар Шахамудовтардың отбасылық өмірін бейнелейді. Өзбек суретшінің аталмыш туындысын дәл осы сюжет танымал етті. Бірақ, сюжет тарихын білу шарт емес — туынды тым күрделі әрі өте жүрек тебірентерліктей әсерлі болып шыққан, сондықтан одан көз алу мүмкін емес.

Сары шашты қыздың қасында жатқан, бір қарағанда қорқынышты көрінетін қуыршақ, орта ғасырлық икона салу дәстүрінің негізінде салынған таумен астасқан зеңгір көктің алдамшы тып-тыныш пейзажы, алманың мөп-мөлдір сары түсі, жерде жатқан батпырауық, әр жерде шашылып қалған «тағдырларды» ып-ыстық қойнына алып, жылытқан қиық көрпеше, ақсақалдың айналасына жарық беріп тұрған аспан көк сәуле, күнәға белшеден батқан, бәрін білетін ересек сананы тазартатын әппақ шүберек.

«1945-жылдың алмалары» сезім тұнығын барынша шайқайды, сол себепті, сезімдердің тереңдігіне жету мүмкін емес болып қалады. Балалардың алаңсыз ұйқысы және бесіндегі асқа арнап балажан адамның бар ықыласын салып сүрткен алмасы... Теперіш көрген, зәбір шеккен және тәлкекке ұшыраған кішкентай тағдырлар бөтен елден пана тапқанмен, бәрібір түсінде тұншығып, өткен өміріндегі сұмдықтарды көреді. Ащы жеңістің алтын алмалары. Ұрланған бала шақтың орнын алтын жеміспен толтырғысы келген қария. Қараторы бала — суретшінің әкесі. Қыз бала, Маруся, Маруся-апа, кейіннен Өзбекстандағы ең танымал акушер-дәрігер атанды және тағдыр соқпағында күтпеген жерде кездесіп, қиын жағдайда суретшінің әйелін босандырып, баласының кіндігін кескен.

Туынды суретшінің жеке топтамасында

Шавкат  Гафуров. 1945 жылдың алмалары. 1988 / Белгісіз дереккөз

Шавкат Гафуров. 1945 жылдың алмалары. 1988 / Белгісіз дереккөз

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы