Ежелгі хороводтың құпиясы

Сауық құрған адамдар не істеп жатыр? Бұл той ма әлде жаназа ма?

Ешкіөлмес. Хормен жүру. Сурет/Ольга Гумирова

Ілкіден жеткен өнер туындысының құдіреті – ЮНЕСКО-ның қорғауындағы нысан «Таңбалы тас» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері мен гидтерінің айтуынша, ілкі кезеңде тасқа өнер туындысын қашап салған бақсы-туындыгердің туындысынан шабыт алған туристер, айрықша әрі көздің жауын алатын петроглифтердегі бейнені дәлме-дәл қайталау үшін жиі фотосессия ұйымдастырып тұрады-мыс.

Би өнері палеолит кезеңінен бері діни жоралғының бір бөлшегі болғанын археологтар мен этнограф ғалымдар растап отыр. Дәл хороводтағыдай бір-бірінің қолынан ұстап, топтасып билеген адамдардың бейнесі әлемнің әр түкпіріндегі тасқа қашалған суреттердің арасынан табылады. Қазақстан аумағындағы петроглифтерде де бұл үрдістен қалыс қалмаған. Солардың арасынан ең мәшһүрі — Таңбалы тастағы билеген төрт адамның бейнесі болса керек.iб.з.б. 13-11 ғғ. Көркемдік тұрғыдан қарастырар болсақ, бұл туындыны нағыз жауһар деп бағалауға болады. Айталық, аталған туындыны салған суреткер қылқалам я құс қауырсынымен емес, қара тасқа темір сынамен қашап салған. Соған қарамастан туындыгер рәт күйге еліткен адамдардың қимылын дәл жеткізген. Мәселен, Ешкіөлместегі (Жетісу) петроглифтегі бейне мұншалықты әсерлі шықпаған.iб.з.б. 13-11 ғғ.

1 / 3

Ғалымдардың басым бөлігі дөңгелек болып топтасып билеудің негізінде — Күнге табыну жоралғысы жатыр деп есептейді. Аталған жоралғылар көбіне-көп күнге байланысты мерекелердің құрметіне байланысты өткізіліп тұрған.

Егер Таңбалы тас пен Ешкіөлместегі петроглифтерді осы бір тұжырым негізінде қарастыратын болсақ, онда сөз етіп отырған хороводтардың әртүрлі мақсатта ұйымдастырылғаны айқын бола түседі.

Ешкіөлместегі хороводтағы адамдар күн бойымен, яғни шығыстан батысқа қарай қозғалған. Оны бейнедегі адамдардың табанына қарап аңғару қиын емес. Адамдар күн бойымен қозғалған хороводтар, әдетте, көктем мезгілінде күн мен түн теңелген уақытта өткен. Мұндай жоралғыларды әртүрлі мәдениет өкілдері орындағаны белгілі. Мәселен, саха халқында қазіргі күні де жұрт жаппай тойлайтын Ыһыах (салтанат кезінде Оһуохай жоралғысы жасалатын дәстүрлі мейрам) хороводы бар. Аталған мейрам кезінде жиылған жұрттың бәрі бірігіп, дұға түріндегі биді бірге орындайды. Бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрған жұрт, Күннің қозғалысына қатысты ежелгі адамдардың түсінігіне сай тербеліп, ән шырқап, би билейді.

1 / 2

Ал Таңбалы тастағы адамдар күннің қозғалысына кері бағытта, яғни батысқа қарай айналып тұр. Тіптен бейнедегі сол жақ шетінде тұрған кейіпкер хороводқа қарсы бағытта қозғалған. Сол жақтағы сол бір кейіпкер мен оның оң жағында тұрған адам келісім я дұға еткен тұрыста бейнеленген.

Практикалық сиқыр мен фольклорлық дәстүрде күнге қарсы қозғалыс, зұлым пиғылды сиқырға қатысты ишарат саналады. Мәселен, ағылшын фольклорында аңдамай шіркеуді күнге қарсы бағытта айнала жүгіріп, қарғыс атып рухтар әлеміне аттанып кеткен қыздар я балалар жөніндегі баяндар көп кездеседі.

1 / 2

Бірақ Таңбалы тастағы петроглифтегі сюжетке мұндай мағына таңыла қоюы екіталай. Айталық, этнографтардың сөзінше, башқұрттардың жоралғыларында жұрт ата-бабасының рухына тағзым еткенде күнге қарсы бағытта қозғалатын болған (Арғы әлемде күн кері бағытта қозғалады деген сенім көп халықтың танымында бар). Сонымен қатар күнге қарсы бағыттағы қозғалыстар той кезіндегі орындалатын билер де кездеседі. Мәселен, ұзатылған қыз үй ішімен қоштасқанда күнге қарсы бағытта қозғалып билеген. Өйткені қалыңдық ұзату кезінде өз отбасы үшін «өліп», өзге ошақтың иесі ретінде жаңа рөлде «туатын» болған.

Таңбалы тастағы петроглифте той жоралғысы я ата-баба рухына тағзым етіліп жатыр ма, әзірге белгісіз. Дегенмен келешекте ғалымдар осы бір сауалдың жауабын табады деп үміттенеміз.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы