Ордақұлдағы бұғы петроглифі
Ғасырдан да ұзақ аңшылық
Алғашқы петроглифтер тасқа қашалған бейнелер — Қазақстанда палеолит дәуірінде пайда болды, бірақ ақпарат жеткізудің осынау тәсілі қола дәуірінде (б.з.б. 2 мыңжылдық – б.з.б. 8 ғ.) айтарлықтай кең тарады. Еліміздегі жартас суреттері жинақтарының басым бөлігі осы қола дәуіріне жатады. Бір ғажабы, тастағы петроглифтерді бейнелеу дәстүрі қазіргі заманға дейін сақталып келеді және бұл бейнелер маңызды тарихи дереккөз бола алады.
«Қазақтікі» деп те айтып жүрген этнографиялық кезең петроглифтері — Қазақстан территориясын бірнеше мыңжылдық бойы мекен еткен тайпалар мен халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпымен қатар мифологиясының сабақтастығын айғақтайтын мәдениетіміздің ерекше қабаты екені даусыз.
Осы тұрғыдан алғанда, тау аралық аңғардан орталық ғибадатханаға апарар асу арқылы өтетін жолдың үстіндегі кең жазықта қашалған Ордақұл, Даулыбай жотасы, Жетісудағы киік аулау сәтінің көрінісі бейнеленген. Бұл жол осында мал жайып жүрген шопандар мен аңшылар арасында әлі де танымал. Ал осы күнге дейін мұнда тұяқты жануарлардың, соның ішінде тау ешкілерінің табындары жайылып жүргенін көреміз.
Кескіндеме қола дәуірінде пайда болған композицияға негізделген. Сурет бірнеше рет жаңартылып, кейінгі дәуірлерде жаңа пішіндермен толықты. Бұл эпикалық кенепте ең соңғысы қосаяқ тіреуішті мылтығы бар ержүрек аңшы және тағы бір мылтық асынған адам бейнеленген.
Қосаяқты тіреуіш (Бипод) — дәл көздеп атуға арналған, үстіне орнатылған қаруды орнықты қылып тұрақтандыру үшін қолданатын құрылғы. Ордақұлдағы суретте қос аяқтысы бейнеленген. Атыс қаруына биподтарды алғаш рет қолдану 12 ғасырдағы қол зеңбіректеріне орнатудан басталады, бірақ бұл біздің жағдайымыздан бөлек. Мылтық қойылған қос аяқты биподтар алғаш рет әлемде 19 ғасырдың ортасында пайдаға жарай бастады. Этнографтардың пікіріне сүйенсек, шамамен сол уақытта олар Қазақстан аумағында пайда болып, 20 ғасырдың басында кеңінен қолданылған.
Ордақұлдағы суретте киік аулаудың драмалық сәті бейнеленген, жалғыз айырмашылығы — қола дәуірінің суретшісі күн-киікті аулау туралы белгісіз мифтік көріністі бейнелеп, ал қазақстандық суретші өз аң аулау сәтін сәтті түсірген болуы мүмкін немесе аңшының арман-мұратын таңбалағанда шығар.
19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басынан бізге беймәлім суретші композицияны бұзбай, өзінің бейнесін ежелгі сахнаға шебер жазып қана қоймай, сонымен қатар садақшылар мен қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі басқа кейіпкерлердің фигураларын мұқият жаңғыртып, олардың арасын мыңжылдықтар бөліп жатқанына қарамастан, мақсаты бір екенін көрсетті. Жалпы алғанда, барлық дәуірлер, барша халықтардың аңшылары арасында өзара толық түсіністік пен келісім бар.