Тастағы айна
Біздің ата-бабаларымыздың айнаға сиқырлы зат ретінде қарағанын көне петроглиф дәлелдейді
Ежелгі қорымдардағы айналардың табылуы ара-тұра кездесетін жәйт емес, бірақ олардың жартастарда бейнеленуі сирек кездесетін құбылыс.
Жамбыл облысы, Шулы тауындағы Құлжабасы шоғырынан алынған бұл петроглифтің атрибуты мен мерзімін белгілеуде ерекше қиындық жоқ, бірақ бұл нысанның ежелгі адамдар өміріндегі маңызы қандай және оған неліктен киелі жерде қашалу құрметі берілді — бұл пікірталас тудыратын мәселе.
Құлжабасы шоғыры ежелгі көші-қоң жолында, Орталық Азиядан Іле өзеніне, одан әрі солтүстік-шығысқа қарай Оңтүстік Сібір мен Моңғолияға баратын бірнеше жолдардың тоғысқан жерінде орналасқан.
Бұлақтары бар жайлы шатқалдарда барлық желдерден қорғалған көптеген елді мекендер жасырынған, ал барлық жоталардың бойындағы аласа төбелерден біз ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы тасқа қашаған суреттерін көреміз.
Әңгіме болып отырған көрініс терең бұлағы бар шатқалда орналасқан, оның жоғарғы ағысында ерте темір дәуірінің бірнеше ірі қоныстары бар.iдалаларда бұл кезең б.з.б. 8 ғасыр – б.з. 4 ғасырға сәйкес келеді
Айна — ол кезде өте сирек кездесетін шыныдан емес, металдан, әдетте, қоладан жасалған — ол кезде айна өте құнды заттан кедей адамдар да пайдалана алатын қарапайым нәрсеге айналды, археологтар қоладан жасалған кішкентай айналарды өте қарапайым қорымдардан да тапқан. Атап айтарлығы, олар тек әйелдерге ғана арналмаған.
Өйткені көптеген халықтар, соның ішінде, мысалы, сарматтар, айнаны мистикалық нысан деп санап, оны жиі салт-дәстүрлік мақсатта пайдаланған. Айна Ай және су іспетті болды, ол бойтұмардың және керемет сиқырлы қарудың функциясына ие болды. Ол басқа әлемдермен байланысты зат болып саналды.
Сондықтан да болар айна бұрын да, қазір де кейбір халықтарда бақсылардың атрибуты болып табылады. Айна жерлеу рәсімдерінде де маңызды рөл атқарған-ды. Мәселен, көп ретте, символдық оюлармен безендірілген тұтас айна да, сынған айна да қабірлерге қойылған.
Археологтар бір айнаның түрлі бөліктері бірнеше қорымдардан табылған жағдайларды тіркеді.
Құлжабасыдағы айнаның жартаста кездейсоқ пайда болмағанын жақын маңдағы ерекше қасиетті мәнге ие көріністердің орналасуы дәлелдейді, міне, босанып жатқан әйел мен аттар байланған Дүниежүзілік Ағаш және ғұрыптық саят көрінісі.
Ежелгі шаман суретшісі шебер жеткізген айнаның өзіне тән пішіні — түзу, жалпақ сабы бар жалпақ диск. Дәл осындай айналар қазба жұмыстарына қарағанда, біздің дәуірімізге дейінгі 8 ғасырдан біздің дәуіріміздің 5 ғасырына дейін Батыс Қазақстанда да өмір сүрген сарматтар арасында кеңінен тараған.