Петр Успенский

Жүз жылға дейінгі өмір туралы

Петр Успенский/ашық дереккөзден алынған

«Марс планетасынан жеткен хабар», «протоплазманы химиялық тұрғыда дайындау», «Жердің Күнді айналуын кәдеге жарату», «барлық аурудың алдын алатын сарысу», «жүз жасқа дейінгі өмір», ал әрі қарай «адамдарды жасанды түрде жарата алу» жүзеге асуы мүмкін, ал одан кейін қиялға да нүкте қойылады. Жер шарын мейлінше терең қаза беруге болады. Бірақ мұның пайдасы жоқ. Дәл осы тұста тығырыққа тірелу мен үмітсіздік сезімі бой көрсетеді. Расында жер шарын қаздық дейік, одан кейін не болмақ? Басқа жағынан қазу керек пе? Бұл қызықсыз ғой.


Петр Успенский (1878–1947) — философ, математик және эзотерик, Төртінші жол жүйесінің басты негізін салушылардың бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы