Салықтан құтылу амалы
«Шаншар» журналынан кеңес
![«Шаншар» № 1 (1925) / ашық дереккөзден](https://api.qalam.global/storage/media/r/1000x-/9e527795-590b-49cb-9df2-4ea8a63e8d70.webp)
«Шаншар» № 1 (1925) / ашық дереккөзден
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.
1925 жылы «Ақ-Жол» газетінде: «Түркістан уезінде малы жоқ Батырақтардан атқа мінерлер түтін салығын алып жатыр» деген жаңалық шықты. «Шаншар» журналының жауабы көп күттірген жоқ:
- Ау, Батырақтар! Сендер неге күшеніп отырсыңдар?
- Астымыздан бу шығарып, бой жылытайық деп жатырмыз.
- Одан да от жағып, жылынсаңдар болмай ма?
- Түтін шығарсаң салық алатынын естімеп пе ең?
- Солай ма?!
«Шаншар» — сатира журналы, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы — «Ақ жол» газетіне қосымша ретінде Ташкентте шыққан.