Жетінші түйсік

Мұхтар Шаханов

Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз.

 

Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп
Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

 

«Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

 

Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.

Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған) — совет және қазақ ақыны, жазушысы. Қазақстанның халық жазушысы. Қырғыз Республикасының халық ақыны.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы