ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАКСР-ГЕ БІРІККЕНІНЕ 100 ЖЫЛ

Тойлауға себеп бар ма?

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАКСР-ГЕ БІРІККЕНІНЕ 100 ЖЫЛ

Белгісіз суретші. Шығыс әйелін босату. Постер 1921 жылы Мәскеуде шығарылды. Ол Кеңес Түркістан қыздарын комсомолға қосылуға шақырады / Wikimedia Commons

1924 жылғы 12 маусымда КСРО Коммунистік партиясының басшылығы Орталық Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізу туралы шешім қабылдады. Сол жылғы 24 қазанда кеңестік квазипарламент бұл шешімді заң жүзінде бекітті.

Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан дүние жүзінің саяси картасында одақтас республика және автономия мәртебесінде пайда болды, міне, сол кезде бұған дейін құрылған Қазақ Кеңестік Республикасы өз шегарасын едәуір кеңейтті. Бүгін бұл жүзжылдық нені білдіреді?

Мазмұны

Қазақ Автономиялық Социалистік Кеңестік РеспубликасыiДәлірек айтсақ, ол кезде ол «қырғыз» деп аталды. Атап айтарлығы, Ресей империясында да, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да іс жүзінде қазақтарды орыс тілінде қырғыздар, кейде қырғыз-қайсақ деп атады. Қазақша және басқа түркі тілдерінде олар әрқашан «казактар» деп аталды. Қырғыздардың өздерін қарақырғыз деп атаған. Қырғыз АССР-і 1925 жылы Қазақ АССР-і болып аталды; 1936 жылы Қазақ КСР-і болып КСРО құрамына қосылды. 1920 жылы жарияланды. Бірақ дәл 1924 жылғы ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде, ҚАКСР-сы қазақтар мекендеген жерлердің көпшілігін дерлік, соның ішінде, Алматы мен Шымкентті біріктірді,iҚАССР құрамына Сырдария облысы, Қазақстанның солтүстік бөлігі, Жетісу облысы және Самарқанд облысының 6 болысы кірді. Бұдан бөлек, ҚАКСР құрамына 1936 жылы Өзбек КСР-не берілген Қарақалпақ автономиялық облысы кірді сөйтіп ол РКФСР құрамындағы ең ірі автономияға айналды. Сол кезде Кеңестік империяның құрамында жаңа Орта Азия республикалары — Өзбек КСР-і, Түркімен КСР-і, Қара-Қырғыз Автономиялық округі және Тәжік АКСР-і пайда болды.iiӨзбек және Түрікмен КСР-і бірден одақтық республикалар ретінде КСРО-ға бағынышты болды, РКФСР құрамында Қара-Қырғыз (яғни Қырғыз) Автономиялық облысы, 1936 жылдан бастап одақтас республика; Өзбек құрамында Тәжік АССР-і құрылды, 1929 жылдан — одақтас республика. Республикалардың кейбір шегаралары кейінірек өзгергенімен, жалпы, Орталық Азияның қазір біз көріп отырған саяси картасы 1924 жылы қалыптасты. 1926 жылғы халық санағы ұлттық-мемлекеттік межелеуден кейін Қазақстан халқының саны 6 миллион 500 мың адамға дейін өскенін көрсетті. Оның ішінде, халықтың басым көпшілігін қазақтар құрады: 3 миллион 713 мың, бұл межелеуге дейінгіден бір жарым миллионға жуық артық.

Бұрын қазақтардың үлесі, шамамен, 46%-ды құрады, тек Орынбор губерниясы есебінен (600 мың), республикада орыстар саны басым болды.

Орта Азия республикалары мен облыстарының ұлттық межелеуге дейін және одан кейінгі картасы / К. Рамзиннің "Орта Азиядағы Революция" кітабынан. 1928/Wikimedia Commons

Орта Азия республикалары мен облыстарының ұлттық межелеуге дейін және одан кейінгі картасы / К. Рамзиннің "Орта Азиядағы Революция" кітабынан. 1928/Wikimedia Commons

ҚАКСР астанасын Орынбордан Қызылордаға көшіру және Түркістан облыстарының Қазақстанға қосылуы Қазақ автономиясының шартты орталығын Ресеймен бұрынғы шегаралық аймақтан оңтүстікке жылжытты, бұл КАСР-ның Орталық Азияның қалған бөлігімен жақындасуын және Башқұртстан мен Ресейдің Сібір және Орал облыстарымен байланысының әлсіреуін білдіреді.

1924 жылға дейін КАССР негізінен, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған аумақтарды басып алды. Тиісінше, ҚАКСР басшылығында осы рулық құрылымдардың адамдары басым болды.

1924 жылы ҚАКСР құрамына негізінен, Ұлы жүз қазақтары алып жатқан аумақтар кірді. Сондай-ақ бұл аймақта ислам діні тараған кезеңде араб миссионерлерінен шыққан жеке қожа тобының көптеген өкілдері болды.
Атап айтқанда, оның құрамына Түркістан партиясының көрнекті партия қайраткері Сұлтанбек Хожанов кірді.11Сұлтанбек Хожанов i(1894–1938). Ішкі істер халық комиссары, одан кейін Түркістан АКСР-нің Ағарту халық комиссары, Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы. Бутырка түрмесінде атылды. Одан бөлек, Қазақстан басшылығының құрамында Тұрар Рысқұлов22Тұрар Рысқұлов i(1894–1938) сияқты Түркістаннан шыққан қазақтың басқа да өте белсенді коммунист саясаткерлері болды. Орталық Атқару Комитетінің төрағасы және Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы АКСР, РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары, Түрксіб құрылысын ұйымдастырушы, 1938 жылы атып тасталынды және Ораз Жандосов.33Ораз Жандосов i(1899–1938) Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының және хатшылығының мүшесі. КАССР Халық ағарту комиссары, 1937 жылы Алматыда атылған.

Константин Михайлович Махарадзе "В. И. Ленин". 1972. Грузия, Әзірбайжан және Армения суретшілерінің көрмесі/РИА Жаңалықтары

Константин Михайлович Махарадзе "В. И. Ленин". 1972. Грузия, Әзірбайжан және Армения суретшілерінің көрмесі/РИА Жаңалықтары

«ХАЛЫҚТАР ТҮРМЕСІ»

Кеңес өкіметі Ресей империясының халықтарын ғасырлар бойғы езгіден босатып, оларға мемлекеттілік бергенін пафоспен жариялады, бұл, әрине, олай емес еді. Оның үстіне, бұл Вергилийдің сыйлық әкелетін данайлықтардан қорқу керек деген ойына сай келетін жағдай44Данайлықтардың сыйы Вергилийдіңм «Энеида» поэмасынан алынған әсерлі сөз (б.з.б. 70 - б.з. 19). Троялық діни қызметкер Лаокун гректер (данайлықтар) қалдырған ағаш атты көргенде, оны айтады. Гректер Троялық деп аталып кеткен осы аттың ішіне тығылып, Трояға кірген.
Ұлттық-мемлекеттік межеленудің ғасырлық мерейтойына бүгін қалай қарау керектігін ақырындап анықтауға тырысып көрейік.

Шын мәнінде, Ресей империясында барлық жаулап алынған халықтар бірте-бірте егемендіктің барлық атрибуттарынан айырылды, тек Финляндияның Ұлы Герцогтігін қоспағанда,iРесей империясының құрамындағы автономиялық князьдік (1809-1917). Финляндияның ұлы князі атағына император ие болды. Хиуа хандығының,i17 ғасырдан (1512-1920) Ресейде қабылданған Хорезм мемлекетінің атауы). 1873 жылдан – Ресей империясының протектораты. Бұхара әмірлігініңi1756-1920 жж. Орталық Азиядағы мемлекеті, 1868 жылдан – Ресей империясының вассалы. және ішінара Бөкей ордасының.55Бөкей Ордасы 1801-1845 жылдары Ресей империясының құрамындағы жартылай автономиялық Қазақ хандығы. Хан билігі жойылғаннан кейін Орданы Қазақтар кіретін Ішкі Қырғыз Ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңес басқарды. Әкімшілік жағынан, Орда Астрахань губернаторына бағынды. Атап айтарлығы, Ресей жаулап алған немесе бағындырған аумақтардың көпшілігінде, соның ішінде, Қазақ хандығының жерлерінде де бір кездері олардың өз мемлекеттілігі болған.iСонымен қатар, Қазан, Астрахань, Қырым, Сібір және Қоқан хандықтарында, гетмандық Украинада, Грузияның Картли және Кахети патшалықтарында, Эриван және Нахичеван хандықтарында, басқа да жартылай тәуелсіз армян және әзірбайжан сұлтандықтарында, Поляк-Литва Достастығында және Молдавия Князьдігінде. Ноғайлардың, башқұрттар, қалмақтар, түрікмендер және кавказ тайпаларында мемлекеттіліктің белгілі бір нышандары болды. Алайда, уақыт өте келе бұл мемлекеттердің барлығы империяның құрамында ыдырап кетті. 1863-1864 жылдардағы көтерілістен кейін, тіпті, Польша Корольдігі де губернияларға таратылып, ал оның атауының өзі саяси сөздіктен өшірілді.

Ресей империясы халықтар мен діндердің теңдігін мойындамайтын біртұтас мемлекет болды.

Василий Верещагин «Күтпеген жерден шабуыл»  1856 жыл /Wikimedia Commons

Василий Верещагин «Күтпеген жерден шабуыл» 1856 жыл /Wikimedia Commons

Ұлттық қозғалыстардың өсуіне билік зорлық-зомбылықпен және орыстандыру саясатымен жауап берді. Ол империяның неғұрлым дамыған аймақтарында, мысалы, Польшада осылай әрекет етті.

Басқа колонияларда, соның ішінде, Орталық Азияда Петербург жергілікті өмірге, әдет-ғұрыпқа көп араласпауды жөн көрді. Мұнда орталық тарапынан қысым басқа да нысандарда болды.

Столыпиннің аграрлық саясаты66П.А. Столыпин Ресей империясы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1906-1911). орыс шаруаларының тығыз қоныстанған Орталық Ресейден Сібір мен қазақ даласына жаппай қоныс аударуына түрткі болды.

Мысалы, Британ империясынан айырмашылығы, Ресей империясында еуропалықтардың логикасы бойынша «артта қалған» деп атауға болатын өз отарларын жаңғырту бағдарламасы болған жоқ. Ресейде ұлттық оқу орындары ашылмады, басқаша айтқанда, заманауи ұлттық элитаны өсіруге, ең болмағанда, отарларды тиімдірек басқаруға талпыныс жасалмады. 15 ғасырдан бастап, үкімет ұлттық элиталарды сыйлықтармен, жер таратумен, атақ және титулдармен сатып алуды, сөйтіп, оларды империялық ақсүйектермен біріктіруді жөн көрді.

1 / 4

ЕГЕР ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ БОЛМАСА...

Алайда, 1917 жылғы революция болмағанда, Ресей империясы сол күйінде қалар еді деп ойлауға болмайды. Сірә, ол 20 ғасырда барлық басқа империяларды қамтыған отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес процестерінен өткен болар еді. 1917 жылға қарай барлық дерлік жерде қандай да бір түрде ұлттық автономияны алу жөніндегі қажеттілік, пайда болды, мұндай жағдай Қазақстанда да қалыптасты. Мәселен, «Қазақ» газеті 1913 жылдан бастап шығады,iнемесе «Қазақ» Қазақстанның революцияға дейінгі ең маңызды газеті (1913-1918), оны А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және М. Дулатов редакциялады ал болашақ алашордашылардың ұрпағы (1917-1920 жж. Қазақ мемлекетінің атауы «Алаш-Ордадан») өзінің гүлдену кезеңінде болған-ды, олар Петербург либералдарымен өте қарқынды байланыста болды, алғашында, тіпті, Мемлекеттік Думада77Мемлекеттік Думадағы қазақтар, бірінші Мемлекеттік Думаға (1906) Ә. Беремжанов, Ә. Бөкейханов, Ш. Көшеғұлов және Ә. Қалменов кірді. Екінші Думада (1907 ж.) өкілдік ұлғайды: Т.Аллабергенов, Ә.Көшеғұлов, Т.Нұрекеев, М.Тынышпаев, Б.Қаратаев. Олардың барлығы «Мұсылман Одағы» фракциясының негізін қалаушылардың бірі және ықпалды мүшелері болды. өкілдік етті.

Ресей Бостандығы. Кадет Партиясының Постері. 1917/Alamy

Ресей Бостандығы. Кадет Партиясының Постері. 1917/Alamy

1917 жылғы революция болмағанда, Ресей империясы ағылшындар мен француздар сияқты 20 ғасырдың 50-60 жылдарына қарай колонияларының көпшілігінен айырылып, қазіргі Ресей Федерациясының шегіне дейін қысқарған болар еді.

Әрине, біз, мәселен, Орталық Азияда қандай мемлекеттердің, олардың нақты қандай шекараларда пайда болатынын ешқашан біле алмағанбыз. Сондай-ақ қазақ даласының тағдыры да беймәлім болған-ды.

1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтерілістің жеңілуі көптеген қазақ руларының ата-баба жерінен тезірек ығысуына және жерді орыс қоныстанушыларының пайдасына түбегейлі қайта бөлуге алып келуі мүмкін еді. Мәселен, Түркістан генерал-губернаторы орыстың қаны төгілген жердің бәрін қазақтардан тартып алуды ұсынды.iБір ғана Жетісу өңірінің өзінде 2,5 млн десятина жер қазақтардан тартып алынды Бәлкім, қазақтар өздерінің көшпелі өмір салтын сақтауға тырысып, резервацияларға айдалып кеткен американдық үндістердің тағдырын қайталар ма еді.

Солай десек те, билік тарапынан жасалған қуғын-сүргін мен орыс қоныстанушыларының қыспағы қазақтардың тәуелсіздік идеясы төңірегіне жұмылуын айтарлықтай күшейтуі мүмкін еді.

Ал егер Ресейде большевиктік қазан революциясы болмай, тек Ақпан төңкерісі орын алғанда, империяның шетіндегі ұлттардың азаттыққа ұмтылыс процестері бірнеше есе жеделдейтін еді. Украинаның Орталық Радасы 1917 жылғы наурызда, Николай II тақтан тақтан бас тартқаннан кейін көп ұзамай, шақырылды, өз кезегінде, Ресейдің Уақытша үкіметі Польшаның тәуелсіздігін тануға дайын екенін мәлімдеді.

1917 жылғы мамырда 1-Мұсылман съезі орталығы Қазан қаласы болатын түркі-татар автономиясы туралы шешім қабылдады.

Сол жылғы шілдеде Қазақстанның ұлттық автономия алу жолын таңдаған «Алаш» партиясы құрылды. 

Сонымен бірге, шілде-тамыз айларында башқұрттар өз автономиясын құруға ниет білдірді.

Әзербайжанның «Мусават» федералдық партиясы да автономия алу жөніндегі талаптарын алға тартты. «Дашнак» армян ұлттық партиясы 1890 жылы құрылды және ол Арменияның болашағын тек Ресеймен ғана емес, сонымен қатар, Түркиямен де байланыстырып, үлкен жоспарлар құрды.

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы88Құрылтай жиналысы 1917 жылғы қарашада сайланған және Ресейдің саяси жүйесін анықтау үшін 1918 жылғы қаңтарда шақырылған Ресейдегі өкілетті орган болып табылады елдегі жоғарға орган болды деуге толық негіз бар.
Сайлауда көпшілік дауысты Социалист-революционерлер партиясы жеңіп алды (766 орынның 374-і), большевиктер 180 орынға ие болды.

Алаш партиясы 12 орынға табан тіреді, оның ұлттық фракциясы украиндықтардан кейінгі екінші орынға ие болды.

Құрылтай жиналысын 1918 жылы 15 қаңтарда большевиктер таратып жіберді, әйтпесе, өсіп келе жатқан ұлттық қозғалыспен санасуға мәжбүр болар еді.

Алғашқы жиналысында-ақ ол Ресейді федеративтік демократиялық республика деп жариялады. Шамасы, Ресей жақын арада Польша, Финляндияi1917 жылы желтоқсанда Финляндия тәуелсіздік туралы декларацияны қабылдады. немесе Украина сияқты ұлттық шеттердің бір бөлігінен айырылуы мүмкін еді. Кейбір колониялардың тәуелсіздік алуы басқаларды радикалды талаптарға шабыттандыратыны сөзсіз.

Сонымен, Британдық Ұлттар Достастығына ұқсас Ресейлік Commonwealth сол 1924 жылы пайда болуы мүмкін еді.

1 / 4

ХІХ ҒАСЫР ҰРПАҒЫ: МАРКСИЗМ ЖӘНЕ ҰЛТШЫЛЫҚ

Дегенмен, бұл әңгіме қаншалықты тартымды болғанымен, оның мағынасы тек айқын фактіні айту ғана: ұлттық республикалар мен автономиялардың мәртебесін беру (толық формальды) большевиктер тарапынан салыстырмалы түрде «игі іс» болды.

Ресейдегі ұлттық мәселе өткір болды және солай болып қала береді. Империяның ыдырауы мен ұлттық мемлекеттердің құрылу процесі сол кездің өзінде жүріп жатты және ол большевиктердің қатысуынсыз да жалғаса беретін еді. Түптеп келгенде, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден төрт отар империясы – Ресей, Австро-Венгрия, Осман және Германия ыдырады. Және барлық жерде бірдей жағдай орын алды - ұлттық мемлекеттер құрылып жатты.

"Патша ұзақ өмір сүрсін, ұлт ұзақ өмір сүрсін - үш орден жинағы", 1789 /Квебек ұлттық бейнелеу өнері мұражайының коллекциясы

"Патша ұзақ өмір сүрсін, ұлт ұзақ өмір сүрсін - үш орден жинағы", 1789 /Квебек ұлттық бейнелеу өнері мұражайының коллекциясы

Бүгінгі Ресейде коммунистерді мейірімділігі мен саяси соқырлығы салдарынан-мыс, жерлерді шашты, тіпті, Одақтан шығу құқығына да жеңіл-желпі қарады деп айыптау сәнге айналды. Большевизмнің мұндай сынаушылары оның ілімінің мәнін де, тарихи сәттің ерекшелігін де түсінбейді. 19 ғасыр марксизмді ғана дүниеге әкелген жоқ. Бұл отарлық империялармен күресіп, жаңа елдерді ұлттық бірегейліктер төңірегінде біріктірген ұлтшылдықтың ғасыры болды. Бұл жерде ұлт ұғымының 19 ғасырдағы ойшыл адамдар үшін не болғанын түсіндіру қажет. Ұлы Француз революциясынан (1789-1799) аман қалған Батыс Еуропа бостандық, теңдік және прогрестің жаңа идеалдарын бойына сіңірді.

Құдайдың рақымымен халықтың қалың бөлігінің клерикализмге, таптық тосқауылдарға және феодалдық тәртіпке толы монархиядан қатты көңілі қалды. Сол дәуірдің саясаткерлері мен ойшылдары ұлт идеясынан тәж киген деспот басқаратын бірнеше арамтамақ ақсүйектер мен епископтардан гөрі қалың бұқараның мүддесіне сай мемлекеттердің жаңа ассамблеясының тиімді құралын көрді.

Марксист-революционер ретіндегі қызметін енді бастаған Ленин 1902 жылы социалистік, ал болашақта итальяндық фашизмнің, аса ұлтшыл идеологияның атасы Бенито Муссолинимен кездесті деген аңыз бар. Екеуі де өздерін ұзамай, билікке әкелетін саяси жолын енді ғана бастаған-ды: 1917 жылы Ленин, ал 1922 жылы Муссолини.

Джерардо Доттори "Дуче", 1933 Г.

Джерардо Доттори "Дуче", 1933 Г.

Ескі дүниеге наразылық қазанында таптық та, ұлттық та идеяның қайнағаны анық. Ұлтшылдықтың социалистік идеяларды иемденгені сияқты – Муссолинидің өзі популист болған – социализм де ұлтшылдықты өзіне бағындыруға тырысты.

«Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы» 1903 жылдың өзінде большевиктердің ұраны болды. Айтпақшы, Ресейдегі басқа саяси күштер, соның ішінде, кадеттер,iтолығымен: Конституциялық демократтар партиясы, Ресейдегі ең ірі орталықшыл партия, «Алаш» партиясы алғашында соған жақын болды. байсалды социалистер, кейін ақ гвардияшылар, ұлттық мәселеге мән бермеді. Ең қызығы, Сібірде билікке келген адмирал КолчакiРесейдің Жоғарғы билеушісі (1918-1920) 1919 жылдың басында бірден Семейдегі Алаш-Орданы таратуға бұйрық берді. Ұлттық қозғалыстардың маңыздылығын жете бағаламау – ақтар қозғалысының жеңілуінің бір себебі.

Билікті армандаған Ленин халықты отан үшін жанын пида етуге мәжбүрлеген, тексіз жаужүректерді дүниенің ең биік шыңына оп-оңай көтерген ұлтшылдықтың құдіретін жақсы түсінді.

Сонымен бірге, ол ұлтшылдықтан өзінің таптық күрес теориясына қауіпті баламаны көрді, өйткені ұлтшылдық қоғамға «таптан жоғары мақсаттарды» қойды және сол арқылы оны ұлттық элитаның төңірегінде шоғырландырды.

"Халықтардың пролетарлық бірлігі" орыс, кеңес, коммунистік насихат плакаты. Маяковский. 1920/Alamy

"Халықтардың пролетарлық бірлігі" орыс, кеңес, коммунистік насихат плакаты. Маяковский. 1920/Alamy

ТАПТАР МЕН ҰЛТТАР

1917 жылдан кейін Ленин үшін ұлтшылдықты бақылаудан шығару билікті жоғалтуды білдірді. Ұлт-азаттық қозғалысы объективті түрде болмай қоймайтындықтан, большевиктерге оны басқару қажет болды.

Мұны іс жүзінде қалай жүзеге асыруға болады? Ең алдымен, ұлттық қозғалысты «таптан жоғары сипаттан» айыру қажет болды. Большевиктер жасаған жаңа саяси тіл кейде жаңылыстыруы мүмкін. Барлық сөздер таныс сияқты, бірақ кейде мүлдем қарама-қарсы мағыналарды білдіреді. Мысалы, «автономия» сөзі. Әдеттегі тілде бұл термин дербестікті, өз ұстанымдары негізінде әрекет ету құқығын білдіреді. Мұндай ештеңе жоқ. «Автономия - бұл форма, - деді 1918 жылы Сталин. - Бұл формада қандай таптық мазмұн бар деген сұрақ туындайды. Кеңес үкіметі ешбір жағдайда автономияға қарсы емес, ол автономияны жақтайды, бірақ барлық билік жұмысшылар мен шаруалардың қолында болатын, барлық ұлттардың буржуазиясы тек биліктен ғана емес, сонымен бірге, үкіметтік органдардың сайлауына қатысудан шеттетілуі тиіс».

Алашорда дейсіз бе? Қазақ даласында Құрылтай жиналысына сайлауда абсолютті көпшілік дауысқа ие болды дейсіз бе? Бұлар «революция барысында әшкереленген» «буржуазиялық ұлтшылдар» олардың билігін дереу «қырғыз пролетариатының диктатурасы» ауыстыруы керек (мұны да айтқан Сталин).

Әлбетте, большевиктер қазақ даласына бақылау орнатқан бойда, Алаш Орда жойылып, Алаш Орда саяси шетке ығыстырылып, кейін оқшауланып, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргін кезінде түбегейлі дерлік жойылар еді.

Карпов Степан Михайлович "Халықтар Достығы", 1923-1924 жж / Ресейдің қазіргі заманғы тарих мұражайы, Мәскеу / РИА

Карпов Степан Михайлович "Халықтар Достығы", 1923-1924 жж / Ресейдің қазіргі заманғы тарих мұражайы, Мәскеу / РИА

Немесе большевиктер жарнамалаған ұлттардың Одақтан бөлініп шығуға дейінгі өзін-өзі билеу құқығын алайық. Ленин де, Сталин де большевиктер мұндай құқыққа кепілдік берді деп мәлімдеді.

Ол қасиетті. Бірақ бөліну «еңбекші халыққа тиімді» болуы керек, партия бұқараны реакцияшыл бектердің, байлардың, молдалардың, қожалардың (қажетіне қарай қосылады) мейіріміне беруге ешқашан келіспейді.

Большевиктер, өздері құрған жүйеде «еңбекші халықтың» атынан сөйлеуге, оларға не тиімді, қай уақытта тиімді екенін шешуге партияның ғана құқығы бар екенін жасырмады.

«Жұмысшылар» мұны аксиома ретінде қабылдауға мәжбүр болды, ал оны қабылдамағандар жоқ болды. Большевиктер өздеріне ыңғайлы бұл демагогияны, әдетте, «диалектика» деп атады.

Мұндай «диалектика» «жаңа дүниені» жасаушылар әрекет еткен барлық әлеуметтік ұғымдарға сіңірілді: мемлекет, республика, одақ, ұлт, бостандық, құқық, заңдар, гуманизм.

Большевиктер әлемінде кеңестік ұлттық республика осылайша, қауіпті «буржуазиялық» ұлтшылдықты өзінің тозған таптық нұсқасымен ауыстырды және сонымен бірге, «еңбекшілерден» шыққан ұлттық кадрлар үшін әлеуметтік лифттерге кепілдік бере отырып, жаңа жүйенің негізін кеңейтті».

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің отырысы, 1939 ж. Солдан оңға қарай: Микоян (тұрып тұр), Сталин, Молотов, Калинин (оң жақта отыру). / Модоров Федор/Getty Images

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің отырысы, 1939 ж. Солдан оңға қарай: Микоян (тұрып тұр), Сталин, Молотов, Калинин (оң жақта отыру). / Модоров Федор/Getty Images

«БІЗ ЕРТЕГІНІ ОРЫНДАУ ҮШІН ТУДЫҚ»

Марксизм ГегельденiГ.В.Ф. Гегель, неміс философы (1770-1831) тарих прогрестің белгілі бір логикасына бағынады деген тұжырымдаманы алды.
Бұл тұжырымдамаға сәйкес, Маркс адамзаттың алғашқы қауымдық қоғамынан коммунистік қоғамға дейінгі прогрессивті даму кезеңдерін анықтады. Большевиктер коммунизмге қарай Маркс ашқан дүниежүзілік қозғалыстың логикасына сүйене отырып, тарихты бақылауға алуға, тіпті, оны алға жылжытуға, былайша айтқанда, уақытты серпілтіп, қазіргі сүреңсіз сәттен «жарқын болашаққа» үлкен секіріс жасауға болады деп есептеді. Большевиктер қоғамды «прогрессивті» өзгертудің рецепттеріне толықтай діни сенімде болды, бірақ олар оны «ғылыми коммунизм» деп атады. Бұл діни сенім болмаса, бәрі бекер болар еді.
Өйткені, пролетарлық революцияның классикалық марксистік теориясы бойынша Ресей империясы оған мүлдем жарамсыз болды. Капитализм енді ғана дами бастаған жартылай феодалдық елге социалистік революция емес, буржуазиялық-демократиялық революция қажет болатын-ды. Алайда, Ленин және оның серіктестері әлеуметтік инженерияның фанаттары болды, сондықтан архаикалық отаршыл империяны жер бетіндегі ең «прогрессивті» мемлекетке айналдыруға ынтамен кірісті.

Ресей империясының кейбір халықтары, мысалы, поляктар, украиндар немесе Закавказье халықтары, Сталин 1913 ж.i«Ұлттық мәселе және социал-демократия» мақаласында Бұл Сталиннің марксистік теоретик ретіндегі дебюті болды. Шамасы, мақала Лениннің басшылығымен жазылған болу керек, автономия берілуі тиіс «анықталған бірлік» деп аталады.

Иванов В. коммунизмнің салтанат құруына! Постер 1953/ашық дереккөздерден

Иванов В. коммунизмнің салтанат құруына! Постер 1953/ашық дереккөздерден

Қалған ұлттар, большевизм идеологтарының пікірінше, Ресейде енді ғана қалыптаса бастады, өйткені Орта Азия халықтары сияқты тиісті қауымдастықтар капиталистік даму жолына әлі түспеген еді. Ал ұлт, марксистердің сеніміне сәйкес, капитализмге тән кезең.

Сондықтан большевиктер маркстік доктрина бойынша әлі өмір сүре алмайтын халықтарды «құруға» мәжбүр болды. Ал бұл рулар мен тайпалардың ұлттарға қайта айналуын, «феодалдық» артта қалудан арылуды, яғни, бүкіл өмірді қоғамдық құрылымдардан шаруашылық жүргізу түрлеріне дейін жаңғыртуды білдірді. Осылайша, кеңестік ұлттық республикалар мен автономиялардың құрылуы ыдырай бастаған Ресей империясын жарқын, бірақ елес болса да, идея төңірегінде нығайтып, 70 жылға ұзартатын ауқымды жаңғырту жобасына айналды.

Бұл жобаның мақсаты ірі социалистік ұлттарды ұйымдастыру болды, бірақ ұлттар үшін емес. Қатаң партиялық вертикалға енгізілген жаңа ұлттық элиталар халықты бүкіл «ескі дүниені» жоюға және социализмнің алып құрылысына жұмылдыруы керек еді. Ұлттың және мемлекеттіліктің барлық сыртқы белгілері бар ұлттық Кеңестік республика, ең алдымен, партияның, дәлірек айтсақ, оның көшбасшыларының «жарқын болашаққа» жасаған сапары барысында олардың ерік-жігерін мүлтіксіз жүзеге асыруға тиіс жұмылдыру машинасы болды.

А. н. Самохвалов "Кеңестік дене шынықтыру" панносы 1936 ж/Wikimedia Commons

А. н. Самохвалов "Кеңестік дене шынықтыру" панносы 1936 ж/Wikimedia Commons

МЕЖЕЛЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛДІ

Империяға біріккен қазақ жерлері мемлекет құру тұрғысынан Дала өлкесі мен Бөкей Ордасына аса қиын мәселе туғызған жоқ. Бір тілде сөйлейтін біртұтас қазақ этносыiҚазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады далалық аймақтарды басып алып, негізінен, көшпелі өмір салтын жүргізді. Сол себепті ҚАКСР 1920 жылғы тамызда Орта Азияның басқа республикаларына қарағанда, ертерек құрылды. Сол кезде РКП(б) Орталық Комитеті Түркібюросының мүшесі Георгий Сафаров99Георгий Сафаров (1891-1942). Кәсіби революционер, ол Ленинмен бірге Ресейге «пломбаланған арбамен» оралды. 1919 жылы Жетісуға жіберілді. Содан бері ол Орталық Азияның маманы болып саналады. (1936 жылы тұтқындалды, 1942 жылы атылған РКП(б) Орталық Комитетінің Түркістандағы ұлт саясаты жөніндегі пленумының мәжілісіне құжаттар дайындап жатқанда, онда тұратын қазақ халқын Қазақстанның қалған бөлігіне қосуды ұсынды, бұл ұсыныс 1924iТашкентті қоспағанда, оны билік Түркістандағы ықпалды қазақ коммунистерімен келіспеушіліктерге қарамастан, Өзбекстанға қалдырды жылы жүзеге асты. Кең байтақ Түркістанның ұлттық-мемлекеттік шекарасын белгілеу әлдеқайда күрделі іс болды. Оны талқылау ҚАКСР құрылуымен қатар басталды.

Ленин орта Азия халықтарының өкілдерімен кездесуде". Белгісіз суретші. 1981/sovcom.ru

Ленин орта Азия халықтарының өкілдерімен кездесуде". Белгісіз суретші. 1981/sovcom.ru

1920 жылғы маусымда Ленин келесі мәселені шешуді талап етті: «Өзбекстан, ҚырғызстанiҚазақстан және Түркіменстанға бөлінетін Түркістанның картасын (этнографиялық т.б.) жасау, сондай-ақ осы 3 аймақтың қосылуының немесе бөлінуінің шарттарын егжей-тегжейлі анықтау». Айтпақшы, Лениннің бұл бұйрығы коммунистер Орта Азия халықтарын «жасанды ойлап шығарды» деген кең тараған мифті жоққа шығарады.

Большевиктер, әрине, аймақтағы ең көп этникалық топтар туралы жалпы түсінікке ие болды, міне, солардың арасында шекаралар сызылуы керек болатын-ды. Әлбетте, Ленинді қара қырғыздарiқырғыздар мен тәжіктерді ұмытып кеткені үшін сөгуге болады, өйткені көсем кабинетіндегі сөреде тұрған Брокгауз мен Эфрон сөздігінде олар туралы біраз дүние айтылған. Алайда шекараны дайындауға атсалысқан этнограф ғалымдар бұл халықтарды, әрине, жақсы білетін.

Кейбір тарихшылар Кремль Орталық Азиядағы ұлттық республикалардың шекарасын өз еркімен сызып тастады деп есептейді. 

Сонымен бірге, большевиктер «бөліп ал да, билей бер» деген ежелгі империялық қағиданы үнемі есте ұстаған және картаны жасанды түрде шиеленіс нүктелерін жасайтындай етіп кесіп алған-мыс. 1920 және 1930 жылдардағы кеңестік ұлт саясаты туралы іргелі еңбектің авторы Франсин Хирш бұл танымал пікірді миф деп санайды.

Большевиктер марксизмнің «ғылыми сипатын» қатты атап көрсетті және практикалық саясатта ұтымды ғылыми білімге, атап айтқанда, ескі, патша мектебі этнографтарының, географтарының, фольклоршыларының және лингвистерінің тәжірибесіне сүйенуді жөн көрді. Егер империяда оларға «шетелдіктерге» жанашырлық танытып, Ресейді бөлшектегісі келетініне сеніп, салқын қараса, Кеңес өкіметі кезінде С.Ф. Олденбург, айтпақшы, өткенде, Уақытша үкіметтің курсанттары және министрі болғанi1863-1934). Императорлық және Кеңестік Ғылым Академияларының академигі, шығыстанушы және үндітанушы. Л.Я. Штернберг,i(1861-1927). Орталық және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі Ресей комитетінің хатшысы, КСРО ҒА-ның Солтүстік шағын халықтар бөліміндегі корреспондент-мүшесі. В.В. Бартольдi(1869-1930). Орыс шығыстану мектебінің негізін салушылардың бірі. Императорлық және Кеңестік Ғылым Академиясының академигі және басқалары академиялық иерархияда да, шекараны белгілеудің негізгі ғылыми-практикалық орталығы - КСРО және көршілес елдердің рулық құрамын зерттеу жөніндегі комиссияда да көрнекті орын алды.iқұрылды патша тұсында, 1917 ж. ақпанда

1 / 3

Демаркацияны дайындаған тағы бір маңызды зерттеу орталығы жаңа республикалардың шекараларын анықтауға экономикалық негізділік тұрғысынан қарайтын Мемлекеттік жоспарлау комитетіi1923-1991 жылдардағы кеңестік экономиканың негізгі жоспарлау органы болды. КСРО-ны мақта мен зығыр, көмір мен металл, руда мен мұнай, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің федерациясы ретінде елестетті. Шекараларды белгілеу барысында жоғарғы партиялық басшылық этнографтар мен экономистер арасында ымыраға келуге ұмтылды және жергілікті ұлттық элитаның - Бүкілодақтық коммунистік партия (большевиктер) Орталық Комитетінің Орталық Азия бюросының пікірлерін және Исаак Зеленский басқарған Орталық Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі Орталық аумақтық комиссиясының (1890 -1938) тұжырымдамасын мұқият тыңдады.

1924-1931 жылдары РКП(б) Орталық Комитеті Орта Азия бюросының төрағасы, Өзбекстан Компартиясы (б) Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1929). Мәскеуде де олар ағымды мұқият зерттеді. Жергілікті тұрғындардан тікелей түскен шағымдар мен ұсыныстар 1924 жылғы бөліністен кейін бірден өсті.

Абдурахманов Михаил Абрамович және Яралова Гретта Александровна "Тәжік КСР-нің жариялануы" 1975 - 1977 жж / Чуваш мемлекеттік өнер мұражайы

Абдурахманов Михаил Абрамович және Яралова Гретта Александровна "Тәжік КСР-нің жариялануы" 1975 - 1977 жж / Чуваш мемлекеттік өнер мұражайы

Бұл Мәскеудің озбырлығына немесе «бөліп ал да билей бер» саясатына қатысты емес еді. Демаркацияға қатысқан сарапшылардың бірі, көрнекті шығыстанушы Василий Бартольд ұлттық межелеу ұлт идеясына - «ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа тарихы» әзірлеген және Орталық Азияға «мүлдем жат» идеяға негізделгенін алға тартты. Шынында да, бөліну басталғанға дейін Орталық Азия тұрғындарының көпшілігі өздерін ұлттық терминдермен анықтамаған болатын.

С.Ф. Ольденбург пен Л.Я. Штернберг революцияға дейін де ұлттық сананың өсуін тек қазақ даласында ғана тіркеген, өйткені қазақтар Ресейден шаруалардың жаппай қоныс аударуына тап болды. Басқыншылық отаршылдықпен танысу ұлттық сезімді біріктіріп, ұштай түсті. Түркістанда жағдай басқаша болды. Мұнда әр түрлі халықтар: көшпелілер, жартылай көшпелілер және егіншілер, қыпшақ, қарлұқ, оғыз тілдерінде сөйлейтін түріктер және олардың қоспалары – шағатай диалектілері, ирандықтар, сарттар, түркі тілдес және иран тілдес халықтар өмір сүрді. Этникалық, тілдік, діни, тайпалық және рулық шекаралар жиі сәйкес келмеді, ал адамдар көбінесе, бір мезгілде өзіне бірнеше сәйкестіктерді жатқызды. Отырықшы тұрғындар үшін жеке басын куәләндыруды, жалпы, тұрғылықты жері – Бұхар, Ферғана, Ташкент төңірегінде жүзеге асыруға болатын еді.

Егер Беларусь және Украина республикаларының шекарасын картаға түсіру кезінде кеңес этнографтары тек лингвистикалық деректерге сүйенсе, Түркістанда басқа да көптеген факторларды есепке алуға тура келді.

Сол Василий Бартольд қазақ және қырғыз республикаларының шекарасын белгілей отырып, туыстық қатынастың тұрмыс-тіршілігі, физикалық түрі мен құрылымы туралы мәліметтерді ескерген.

Қосымша күрделілікке ғылыми білімдегі айтарлықтай олқылықтар себеп болды. Атап айтқанда, Хорезм (Хиуа) мен Бұхара жерлері, Ауғанстан және Қытаймен шекаралас аймақтар ақ дақ деп аталды.

Бір сөзбен айтқанда, большевиктер қойған міндет – осы аралық аймақта еуропалықтарға ұқсас ұлттық-территориялық бірліктерді ұйымдастырып, олардың арасына шекара сызу – қайшылықтарды тудырды. Және олар жаңа ұлттық элиталар ұлттық республика мәртебесі оларға адамдарды, жерді, минералды ресурстарды, су ресурстарын бақылауға құқық беріп, азшылықтарды ығыстыруға немесе кемсітуге мүмкіндік беретінін түсінген кезде басталды.

Терри Мартин «кезкелген ұлттық шекараны сызу – этникалық қақтығысты тудыру», деп жазған-ды. Ал Кеңестер Одағында ондаған мың ұлттық шекаралар сызылды. Нәтижесінде, кез келген, ауыл, ал шындап келгенде, әрбір адам өз этносына адалдығы туралы мәлімдеуге және ұлттық азшылдық емес, көпшілік болуға күресуге мәжбүр болды. Этникалық жұмылдыру мен этникалық қақтығыстарға ықпал ететін басқа шараны елестету қиын».

Орталық Азияда мұндай қақтығыстар қосылысқаннан кейін бірден басталып, соңғы уақытқа дейін жалғасты..

 Марина Маргарина / Медиазона

Марина Маргарина / Медиазона

БАЛАМА БОЛДЫ МА?

Бұл өте қызықты сұрақ. Тіпті, бөлініс кезеңінде де В.В. Бартольд 1920 жылдан бастап халықтық кеңестік республика мәртебесіне ие болған Хорезм (Хиуа) және Бұхара сияқты ежелгі мемлекеттік құрылымдардың жойылып кеткеніне өкініш білдірді. Шын мәнінде, неліктен, большевиктер оларды сақтамады?

1 / 2

1920 жылы Түркістанда қазақ партиясының жетекшісі Тұрар Рысқұлов пен жергілікті жәдидшілер1010Сөзбе-сөз «жаңартушылар» 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы Ресей империясындағы исламдық модернизмді жақтаушылар Түркі коммунистік партиясы мен Түркі республикасын құруды ұсынды. Тікелей бөліну кезеңінде Орталық Азия федерациясының осындай идеясын тағы бір қазақстандық коммунистік саясаткер Сұлтанбек Хожанов жасады. Неліктен бұл жобалар Мәскеу тарапынан қолдау таппады?

Бұл сұрақтардың жауаптары большевиктік саясаттың құпия серіппелерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Біріншіден, көп ұлтты Хорезм мен Бұхараның болуы, сондай-ақ мегареспубликалық жобалар большевиктердің мемлекеттік құрылыстың моноұлттық принципіне қайшы келді. Екіншіден, Хорезм де, Бұхара да, Орталық Азияның мегареспубликасы идеясы да трансұлттық ғана емес, сонымен бірге, пантүркілік және әлеуетті панисламдық болды.

М. В. Мальцев, А. и. Сологуб "Иван Поскребко басмашылар бандасымен шайқаста", 1950 ж.

М. В. Мальцев, А. и. Сологуб "Иван Поскребко басмашылар бандасымен шайқаста", 1950 ж.

Бұл кезде аймақта большевиктер атағандай, «басмашылармен» күрес жалғасты, оған шетелдік түріктер жаппай қатысып, орысқа қарсы, пантүркисттік және панисламдық қозғалыс орын алды.

Айтпақшы, Түркиядағы жас түріктердің жетекшілерінің бірі Энвер паша.iбилеуші ​​жас түрік триумвиратының мүшесі және Осман империясының қорғаныс министрі (1913-1918). Түркістанда қызылдармен шайқасты және 1922 жылы Бұхара жерінде қаза тапты.

1 / 2

Азамат соғысының соңғы актісі деп аталатын босмашыларға қарсы күрес Азиядағы тектоникалық ығысулар аясында өрбіді.

1923 жылы Мұстафа Кемал еуропалық басқыншыларды қуып шығып, Түрік Республикасын жариялады. Бұдан бұрынырақ Ауғанстан әмірі Аманулла хан британ билігін құлатып, тәуелсіздігін жариялап, 1923 жылы конституция қабылдады. Жас түріктер мен жас ауғандықтардың тәжірибесі сыртқы көмексіз-ақ отаршылдықты жоюға және өзіңнің ұлттық мемлекетіңді құруға болатдығын көрсетті.

Осыған ұқсас жаңашылдық идеологиялар, оның ішінде, жас хиуалықтар, жас бұхарлықтар және жалпы, жәдидтер Түркістанда өте ықпалды және жергілікті коммунистермен де, шетелдермен де кең байланыста болды. КСРО-ның оңтүстік шекарасындағы егемендіктер шеруі большевиктерді қобалжытты. Олардың Орталық Азиядағы кеңестік республикаларды өз қалауынша құрып, кез келген жергілікті ұлттық-мемлекеттік еркінсуді асығыс көміп тастауы ғажап емес еді.

Аманулла Хан және Мұстафа Кемал Ататүрік, 1928 /ашық дереккөзден

Аманулла Хан және Мұстафа Кемал Ататүрік, 1928 /ашық дереккөзден

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ» ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Өмірінің көп бөлігін айдауда өткізген Ленин де, большевиктер де Ресейді шынымен білмеді. Ленин, тіпті, оны мойындады: «Мен Ресей туралы аз білемін. Симбирск, Қазан, Санкт-Петербург, жер аудару, бар болғаны осы!».

Алайда бұл Ленинді де, большевиктерді де алаңдатқан жоқ. Өйткені, олар ғылыми ақиқатына толық сенімді болған марксизмді білетін-ді. Кресло ойшылы Маркс капиталист Энгельстің ақшасына ойлап тапқан ілім «еңбекші халықтың еркі» деп жарияланды. Бұл ілімді түсіндірудің айрықша құқығына ие бола отырып, большевиктер әлемде теңдесі жоқ зорлық-зомбылық аппаратын - «пролетариат диктатурасын» құрды.

«Жарқын болашақ» үшін бұл диктатура тұтас таптарды тамырымен құртып, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын жойып, халықтарды қоныстандырып, миллиондаған адамдардың еңбегі мен мүлкін иемденуі мүмкін еді.

мТәжірибе – ғылыми ақиқаттың бірден-бір критерийі – 20 ғасырдың 80-жылдарының аяғындағы экономикалық, ұлттық және саяси дағдарысқа әкелген орыс марксистерінің барлық конструкцияларының қателігі дәлелдегенге дейін ондаған жылдар қажет болды.

Диего Ривера "Пролетарлық бірлік", 1933/Nagoya City Art Museum, Japan

Диего Ривера "Пролетарлық бірлік", 1933/Nagoya City Art Museum, Japan

Бұл дағдарыс олар құрған империяның күйреуіне әкелді. «Модернизация» сөзі әдетте өте жағымды эмоцияларды тудырады. Бірақ кеңестік модернизация сансыз құрбандар мен қайғылы оқиғаларға ұшырады. Мэтт Пэйн: «Кеңестік ұлт саясаты жаңа қазақ ұлтын жоюшы ретінде де, құрушы ретінде де әрекет етті», - деп орынды атап өтті. Расында да, кеңестік модернизация кезінде сан ғасырлық дәстүрі бар дәстүрлі қазақ қоғамы жойылды. Большевиктер қазаққа жаңа болмыс әкелді – социалистік қазақ ұлтын таңып алғандай болды.

Кеңестік Қазақстанды құрған ұрпақтардың күш-жігері, ерліктері, жеңістері мен трагедиялары осы жаңа бірегейліктің бір бөлігі.

Бірақ бұл жерде парадокс бар. Бұрынғы дәстүрлі тайпалық қоғамның, өз мемлекеттілігінің жады ешқашан өлген емес және олар қазақтардың өзін-өзі тануы үшін бүгінгі күнге дейін маңызды болып қала береді. Бұл тағы да дәстүрлі экономикалық құрылымның бұзылуы мүлдем жаңа совет адамының дүниеге келуіне әкелетініне сенімді орыс марксистері қиялдарының қателігін көрсетеді.

Большевиктер, жалпы алғанда, «үстіңгі құрылым» деп атаған нәрселердің бәрін - әдет-ғұрып, мәдениет, дін, тарихи және отбасылық жадыны бағаламады. Осы мақаланың басында мен 1917 жылғы төңкеріс болмаса немесе ақпан төңкерісі болғанда не болар еді, большевиктер қазанда билікті басып ала алмас еді деп көп айттым.

Екі жағдайда да Қазақстан Республикасы дүниежүзілік картада пайда болар еді. Бұл уақыт еншісіндегі мәселесі болатын-ды. Бұл Ресей империясында басталған тарихи процестің қисыны еді. Оқиғалардың эволюциялық дамуымен қазақ қоғамының модернизациясы, бәлкім, бірте-бірте жүзеге асып, қайғылы да болмас еді. Бірақ большевиктер империяның жаңа редакциясында, өңделіп, кеңейтіліп, оның өмірін ұзарта алды. Алайда тарих ақыры бәрін өз орнына қайтарды.

Армян-американдық әнші Шер Лениннің сынған мүсінінде отыр, Ереван, Армения, 1993 ж/Мхитар Хачатрян

Армян-американдық әнші Шер Лениннің сынған мүсінінде отыр, Ереван, Армения, 1993 ж/Мхитар Хачатрян

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ

Акимбеков С. Казахская степь: от империи до утопии. Курс лекций для проекта Qalam, 2023.

Аманжола Д.А. Советский проект в Казахстане: власть и этничность. 1920–1930-е гг. — М., СПб, 2019.

Мартин Т. «Империя положительной деятельности». Нации и национализм в СССР, 1923–1929. — М., 2011.

Сактаганова З. «Эх, хорошо в стране Советской жить…» Хроника репрессий в Казахстане в 1920–1980-е гг. Статья для проекта Qalam, 2024.

Хирш Ф. Империя наций. Этнографическое знание и формирование Советского Союза. — М., 2022.

Ходорковский М. Степные рубежи России. Как создавалась колониальная империя 1500–1800. —М., 2023.

Чокобаева А. Восстание 1916 года. Прелюдия гражданской войны и антиколониальный протест в Казахской Степи и Семиречье. Статья для проекта Qalam, 2023.

Штернберг Л.Я. Инородцы. Общий обзор // Формы национального движения в современных государствах: Австро-Венгрия, Россия, Германия.// Под ред. А.И. Кастелянского. — СПб, 1910.

Olcott M.B. The Kazakhs. — Stanford. 1987.

Payne М. Stalin’s Railroad: Turksib and the building of Socialism. — Pittsburg. 2001.