1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІС

Азаматтық соғыстың басталуы және Қазақ даласы мен Жетісудағы отаршылдыққа қарсы наразылық

1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІС

Семен Чуйков. Қытайға қашу. Гапар Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері мұражайы. 1936 жыл

Тарихшы Әминат Чокобаева Орталық Азия мен Қазақстан тарихындағы ең маңызды эпизод  Дала өлкесі мен Түркістандағы 1916 жылы болған көтеріліс туралы. Ресей империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуға жергілікті халықты қалай жұмылдыруға тырысты, көшпелілер қалай көтеріліс жасады, партизандық соғысты қалай ұйымдастырды және көтерілістің аяусыз басып-жаншылғанына қарамастан патша үкіметке неге жеңіліске ұшырады?

1916 жылы қарашаның суық күндерінің біріндегі таң атар-атпас мезгілде 15 мың қаруланған атты әскерден тұратын көтерілісшілер Қазақ даласы шалғайындағы Ресей империясының форпосты Торғай уездік қаласын қоршауға алды. Бұл отаршылдық әкімшіліктің жергілікті ер азаматтарды мәжбүрлеп еңбекке жұмылдыруына және басқа да езгілеріне берілген жауап еді. Көтерілісшілер қаланы басып алып, жергілікті үкіметті құлатуды көздеді. Ақыры сәтсіз болғанымен, Торғайдың бұл қоршауы кейінірек бүкіл Орта Азия аймағын қамтыған жаппай көтерілістің ең қайғылы эпизодтарының бірі болды. Көтеріліс орасан зор шығынмен аяқталды: жергілікті халықтың 88 000 қырылып, 250 000 Шығыс Түркістанға қашты.iJonathan D, Smele, The 'Russian' Civil Wars, 1916-1926. Ten Years That Shook the World (New York, NY: Oxford University Press, 2015).

Жан түршіктірер қантөгіске айналғанынан бөлек бұл көтеріліс Түркістан мен жалпы Дала өлкесі қазақтарының келешегі үшін маңызды рөл атқарды. 19 ғасырдағы екі поляк көтерілісі секілді 1916 жылғы көтеріліс те орыс отаршылдығына қарсы жасалған ең ірі көтеріліс болды. Ол жергілікті халықтың наразылығының көрінісі ғана емес, империяның сол кезде болып жатқан Бірінші дүниежүзілік соғысқа жұмсаған күштеріне қатысты шиеленіскен ірі қайшылықтарының бөлігі болды. Сонымен қатар 1916 жылғы көтеріліс Ресей империясының ыдырауының басталуын белгілеп, Азаматтық соғыс дәуіріндегі көптеген зұлымдықтардың алғышарты болды. Аймақтық деңгейде ол жергілікті қоғамды империяның зорлық-зомбылығын және халықтың жерлерін тартып ала беруін тоқтатуға шақырып қана қоймай, осы мақсат төңірегінде саяси тұрғыда жұмылдырып, біріктірді.

Көтерілістің негізгі себептері қандай?

Көтеріліс тақырыбы кеңестік оқу бағдарламасының тарих пәніне жақсы деңгейде енгізілген болатын. 1916 жылғы көтеріліс туралы алғашқы зерттеулер сол оқиғадан бірнеше-ақ жылдан кейін жарық көре бастады. Бұл көтеріліс жаңадан құрылған Кеңес үкіметіне Қазан төңкерісінің мазмұнын кеңітіп, оны өлке тарихы мен ондағы халықтар тарихымен біріктіріп, төңкерісті патшалық империяның отарланған халықтарын азат еткен оқиға ретінде сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл тарихи деректі басқа көзқараспен қарастырған бірқатар жаңа зерттеулер КСРО ыдырағаннан кейін де жарияланды.

Алайда көтерілістің кейбір аспектілері әлі де аз зерттелген. Ғалымдардың көбі көтерілістің негізгі себептерінің бірі — көшпенділердің жерін орыс шаруаларының пайдасына тартып алып беруі, ал жұмысқа жұмылдыру итерме себеп қана болды деген пікірде. 1916 жылғы оқиғалардың сипаты ғылымда бүгінгі күнге дейін даулы мәселе болып отыр. Бұл көтеріліс халықтың үкіметке көрсеткен қарсылығы болды ма, ұлт-азаттық қозғалыс болды ма, әлде еш ұйымдастырылмаған, ешқандай саяси мақсат көздемеген зорлық-зомбылықтың аяқасты өршуі болды ма?

Мұрағат деректерінде 1916 жылғы оқиғаны жергілікті халықтың ойынша оларды заңды құқықтарынан айырып отырған патша үкіметінің күшейген жазалау әрекеттеріне қатысты көрсеткен қарсылықтың ұйымдасқан түрі ретінде қарастыру қажет деп жазылған. Ашық көтеріліс — наразылық білдірудің ең қатал формасы. Бастапқыда халық өз наразылығын билікпен келіссөздер жүргізіп және жұмысқа жарамды ерлердің тізімін беруден бас тартып білдірген еді. Алғаш қан төгілген кез отаршылдық әкімшілік жұмыс күшін қазақ болыстарынан қорқытып аламыз деген мақсатпен солдаттары мен полициясын жіберген кезде басталды, яғни қолға қару алу туралы шешімнің қабылдануына еңбекке жұмылдыруды уақытша немесе мүлдем тоқтатуды сұраған халықтың әрекеттеріне жауап ретінде адам өлтіруден тайынбаған, қаталдығы күннен күнге өршіген биліктің қылығы себеп болды десек те болады.

Еңбекке жұмылдыру туралы жарлық. Николай II қол қойды. 1916 жылғы 25 маусым / Wikimedia Commons

Еңбекке жұмылдыру туралы жарлық. Николай II қол қойды. 1916 жылғы 25 маусым / Wikimedia Commons

1916 жылғы көтерілістің ең қайғылы оқиғалары орын алған негізінен қазақтар тұратын қос аймақта Дала генерал-губернаторлығының Торғай облысында (Қазақстанның қазіргі Ақмола және Қостанай облыстары) және Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысында (қазіргі Алматы және Жетісу облыстары) қалай өрбігеніне тереңірек үңіліп көрейік.

Көтерілістің өзі туралы айтпас бұрын алдымен ауқымды наразылықтарға себеп болған тарихи контекстіні анықтап алуымыз қажет. Ол кезде қазіргі Орта Азия мемлекеттерінің аумағын қамтыған Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтарын Ресей империясы әскери күштерінің көмегімен өз колониялары ретінде басқарған. Әскерилер әкімшілік және сот функцияларын орындаған.iAlexander Morrison, Russian Rule in Samarkand 1868–1910: A Comparison with British India (Oxford: Oxford University Press, 2008), 126. Жергілікті халықты инородцы деп аталатын христиан немесе славян емес халық өкілдеріне жатқызған. Инородцы санаты ауқымды болған еді, ол қазақ көшпенділерімен қатар қалаларда қоныстанған еврейлер сияқты басқа да ұлттарды қамтыған. Алайда Орта Азияның мұсылман инородцы өкілдері мен еврейлер сияқты басқа да инородцы топтары арасында айтарлықтай айырмашылықтар болды. Азаматтық санасы (азаматтылығы) немесе отансүйгіштік сезімі жоқ деген сеніммен инородцы санатындағы мұсылман халқы әскери қызметтен босатылған екен. Ал олардың көбі бұны «ақ патшаның» берген сыйы деп біліпті.iОб инородцах см. John W. Slocum, "Who, and When, Were the Inorodtsy? The Evolution of the Category of “Aliens” in Imperial Russia," The Russian Review 57, no. 2 (1998); Alexander Morrison, "Metropole, Colony, and Imperial Citizenship in the Russian Empire," Kritika: Explorations in Russian and Eurasian History 13, no. 2 (2012). Сонымен қатар инородцы Ресей империясының басқа ұлттары пайдаланатын кей құқықтар мен жеңілдіктерінен айырылады. Инородцы халқына жерді меншіктеу құқығын бермеу Орта Азиядағы отаршылдық биліктің ең ірі салдарының бірі болды деуге болады. Патшаның заңнамасымен қазақ жерлері мемлекет меншігіне тартып алынып, қоныс аударып келіп жатқан славяндарға таратылып берілуі тиіс болған.

1 / 2

Орыс және украин шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру саясаты

1912 жылға қарай елестетудің өзі қиын 62 миллион десятина қазақ жері славян қоныстанушыларына таратып беріліп, 1916 жылы олардың саны 1 629 200-ге жетеді.iЕ. Р. Морозова, "Историко-географические условия формирования российской диаспоры в республике Казахстан", "Постсоветские исследования" 2, №. 3 (2019): 1099; Н. Е. Бекмаханова, Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы 19 в.–1917 г.) (Москва: Наука, 1986), 103. Қоныстанушылардың санының осыншама ұлғаюы 1861 жылғы басыбайлылық құқықтың жойылуына және соның салдарынан болған 19 ғасырдың екінші жартысындағы демографияның күрт өсуге байланысты болуы мүмкін. Қазақ даласы бостандық алып, жаңа мүмкіндік пен тегін жер іздеген крепостниктерге қоныс аударуға тартымды да ыңғайлы жерге айналады. Отарлаушылардың легі 1906 жылғы Столыпиннің жер реформасынан кейін де күшейеді. Бұл реформаның мақсаты Ресей империясының еуропалық бөлігінде орналасқан губерниялардағы жер тапшылығы мәселесін халықты Сібірге және Қазақ даласына қоныстандыру арқылы шешу болды. Орыс және украин шаруаларының қазақ жеріне үздіксіз қоныс аударуына байланысты олардың санының күрт өсуі жергілікті халық санының табиғи өсімінен асып түсті. Тиісті демографиялық деректер бұл кезеңде қазақтардың үлес салмағының Дала және Түркістан өлкелерінде де айтарлықтай төмендегенін анық көрсетеді. 18971914 жылдар аралығындағы небәрі жиырма жылға жетер-жетпес уақыт ішінде қос аймақтағы қазақтардың үлесі 74%-тен 58,5%-ке төмендейді.

Қоныстанушылардың үсті-үстінен ағылып келуі және жайылымы жақсы жерлерді күштеп басып алуының кесірінен қазақтар мал шаруашылығынан бірте-бірте айрыла бастайды. Осының салдарынан мал жайылымда болмаған мезгілдерде қазақтардың көбіне маусымдық егіншілікпен айналысуға тура келіп, жатақ деп аталатын кедей малшылар секілді тұрақты қоныстануға мәжбүр болды. 19 ғасырдың аяғында Ақмола облысында қазақтардың 32,2%-ы, ал Семей облысында 19,7%-ы егіншілікпен айналысты. Торғай және Орал облыстарында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 11,3%-ды және 22,2%-ды құрады. Соның өзінде егістік жерлер отаршыл биліктің басып алуынан қорғалған емес-тін. Қоныстандыру әкімшілігі, түптеп келгенде, бұрыннан суармалы немесе егіншілікке ыңғайлы деп саналған жергілікті халықтың жерлерін тартып алып отырды. Бұған қатысты бір ғана мысал келтірсек те жеткілікті. 1910 жылы Пішпек уезінен (қазіргі Бішкек, Қырғызстан) келген қырғыздар «жап-жақсы үйлері мен бақшалары, омарталары, диірмендері мен беде егістері, бабаларының бейіттері мен мен бірнеше мешіті бар екі мыңнан астам қыстақ болған» жерлерінен айрылған екен. iКушбек Исенбаев, 1916: Героические и трагические страницы (Бишкек: Шам, 1997), 33.

1897-1914 жылдар аралығындағы небәрі жиырма жылға жетер-жетпес уақыт ішінде қос аймақтағы қазақтардың үлесі 74%-тен 58,5%-ке төмендейд. Ал 1914 жылы славян халқының үлесі 1897 жылғы 12,9%-тен 29,6%-ке дейін өседі.

1 / 2

Жергілікті халықтың жерлерін басып алуын тоқтатпау — отаршылдар мен көшпенділер арасындағы қақтығыстарға, мал ұрлау, тіпті кісі өлтіру жағдайларына әкелді. Бұл жағдайларды отарлық аумақтардың билігі үнемі тіркеп отырған. Дала өлкесін отарлау саясаты түбінде көтеріліске әкелетін себеп болғаны айдан анық. Алайда жергілікті халықтың қоныс аударушыларға деген наразылығы, яғни көтерілістің неліктен дәл осы сәтте басталғанын түсіндіру қиын. Тұтанған наразылықтың қарулы көтеріліске айналуында Бірінші дүниежүзілік соғыстың жағдайлары шешуші рөл атқарды. Соғыс уақытындағы экономиканың күйреуі, бюрократиялық қабілетсіздік, империялық үкіметтің жергілікті жағдайларға немқұрайлылықпен қарауы, еңбекке мәжбүрлеп жұмылдыру туралы жариялауы осының бәрі бұрын басылып отырған наразылықтың шиеленісуіне ықпал етіп, ақырында қатал қақтығысқа айналды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен бұл аймақтардың жергілікті тұрғындарына түскен ауыртпалық одан сайын артып, олардың онсыз да қиын жағдайын ушықтырды. 1910–1913 жылдардағы қазақ даласының батыс және солтүстік аймақтарын шарпыған жұт пен қуаңшылықтың зардабынан есін әлі жия қоймаған қазақ ауылдарында малды реквизициялау әрекеттері басталады.iС. Д. Асфендияров, Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане (Алма-Ата: Казахстанское краевое издательство, 1936), 20-21. 1914 жылдың өзінде Түркістанның Жетісу және Сырдария облыстарының қазақтары патша әскерінің мұқтаждығына миллион қой берді.iТатьяна Котюкова, "Восстание 1916 г. в Туркистане: ошибка власти или историческая закономерность'?", Обозреватель", № 8 (2011): 102. Бейбіт уақыттың өзінде көтерілген салықтан бөлек үш сом тұратын соғыс уақытының қосымша салығы енгізілді. Десек те көшпелі шаруашылықтарды аса қиналтқаны астық тапшылығы болды. Жетісуда 1916 жылы басталып, 22 миллион пұт (360 375 тоннадан астам) тапшылық туғызған құрғақшылық пен астықтың әскер мұқтажы себебімен тартып алынуы әдетте қазақтарға сататын отырықшы халықтың да егін сатуын күрт азайтты. Оның үстіне малды әскер қажеттілігі үшін деп тоқтамай реквизициялай берудің кесірінен қазақтардың көбі қалған аз малын я сата, я астыққа айырбастай алмай қалды.

Жерлерінен айрылып, кедейіп, жағдайлары әбден нашарлап қалған қазақтардың отаршылдық биліктің әділетсіздігіне деген наразылығы күшейе түсті. Бірақ көтеріліске себеп болған шілденің бірінші жартысында жарияланған еңбекке жұмылдыру еді. Жұмысқа инородцы өкілдерін тарту туралы шешім 1916 жылы мамырда еңбекке жарамды халықтың майданға кетуіне байланысты болған жұмыс күшінің тапшылығына байланысты қабылданды. Министрлер кеңесі Қазақ даласынан 19 бен 43 жас аралығындағы 230 мың, Түркістаннан 250 мың ер адамды жұмысқа жұмылдыруды жоспарлаған.i«Разработка плана проведения мобилизации киргизов военными властями края, 2 июля 1916 г.» — Т. Р. Рыскулов, и др. Восстание 1916 года в Киргизстане. Документы и материалы, собрание Л. В. Леснойi (Москва: Сотсекгиз, 1937). Бір ғана Жетісу өлкесі 60 мың жұмысшымен қамтамасыз етуге тиіс болған, ол оның ер азаматтарының 18%-ын құраған еді.i«Протоколу частного совещания по киргизам» — А. Чулошников, «К истории восстания киргиз в 1916 г.,» Красный архив, № 3 (16) (1926): 58.

Жетісу казактарының өкілдері. Сол жақтағы 3-ші-Жетісу облысының әскери генерал-губернаторы М. А. Фольбаум. 1913 жыл/FOTO.KG

Жетісу казактарының өкілдері. Сол жақтағы 3-ші-Жетісу облысының әскери генерал-губернаторы М. А. Фольбаум. 1913 жыл/FOTO.KG

Царь қазақтарды қалай сан соқтырды?

Николай II жарлыққа 25 маусымда қол қояды да, еңбекке жұмылдыру шілденің басында-ақ жарияланып бастайды. Таңдалған уақыты өте ыңғайсыз болып, жұмылдыру егін жинау науқанына дайындықпен тұспа-тұс келеді. Жарлықтың мәтінінен еңбекке жұмылдырылғандар «белсенді әскер қызметі аймағына» жіберіліп, «қорғаныс құрылымдары мен әскери коммуникациялар құрылысына» тартылады деп түсінеді. i«Царский указ о мобилизации «инородческого» населения Астраханской губернии, Сибири и Средней Азии для работ по устройству оборонных сооружений в районе действующей армии от 25 июня 1916 г.» Е. С. Каптагаев и др. Восстание 1916 года в Киргизстане. Сборник документов (Бишкек: Центральный государственный архив КР, 2011), 6 Жарлықтың ана тілге аудармасы жергілікті халықтың наразылығын тудырады. Алаш Орданың болашақ көсемдері дайындаған баяндамада атап өтілгендей, жарлықтың қазақша аудармасы жергілікті тұрғындарды әскерге шақырып жатқандай әсер қалдырып, «оларды майданға... әскери дайындықсыз алып кететіндей» болып жазылған. i«Памятная записка о киргизах»; «Протокол частного свидетельства киргиз» — Чулошников, «К истории восстания киргиз в 1916 г.,» 62. Бұл түсініктің қазақтардың арасында кең тарағанын Қарқара жәрмеңкесінде жарияланған әскерге шақыру туралы хабарды халық «Патша бізді алдап кетті!» деп ашулы айқаймен қарсы алғаны дәлелдейді. i«Протокол писаря Курмановской волости» — Оргазлин Р. Е. и др. Karkara Kuzhaty: Karkara Koterilisi Muragat Kuzhattarynda (1916–1918 Zh. Zh.) (Алматы: Арыс, 2016), 18. Куәгерлердің айтуынша, жергілікті халықтың көбі отаршылдарға сенбеген екен. Мысалы, куәгер Горяинов қазақтар «болыс басшысына сенбеген», ол «өтірік айтады» деп ойлаған дейді. Олар «бізді жұмысқа емес, соғысқа сарбаз етіп алып кетпекші» деп ойлапты.i«Протокол пограничный стражник № 6 Текесского поста» – там же, 55.

Памир заставасындағы патшалық орыс шенеуніктері. Түркістан. 1915/ Sir Percy Sykes / Wikimedia Commons

Памир заставасындағы патшалық орыс шенеуніктері. Түркістан. 1915/ Sir Percy Sykes / Wikimedia Commons

Жетісу губернаторының жергілікті тұрғындарды окоп қазуға шақырып жатыр деген мәлімдемесі халықты одан бетер абдыратып тастайды. Бұл мәлімдемеден көпшілік «бізді жау шебіне жақын жерге жібермек екен ғой» деген қорытынды жасайды. Дәл осы кезде Торғай губернаторы да қазақтарды жұмылдырудан босату туралы бұрынғы уәдесінен бас тартып, олардың билікке деген үрейі мен ашу-ызасын одан сайын арттырады.iК. Б. Харлампович, Восстание тургайских казах-киргизов в 1916–1917гг. (Кызыл-Орда: Изд. Общество изучения Казахстана , 1926).

Алғашқы наразылықтар Түркістанның отырықшы аудандарында шілденің басында басталады. 1916 жылдың 4 шілдесінде Самарқанд облысының Ходжент қаласында (қазіргі Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд) қала үкіметі ғимаратының алдында 3 мыңға жуық наразылық білдіруші жиналады. Келесі күні де жиналған 2 000 жуық наразы топ жұмылдыру тізімдерін жоқ қылып тастайды. Содан соң олар жиналған халықты қуып таратуға жіберілген жазалаушы күшке шабуыл жасайды. Наразылық тез арада жақын маңдағы Дағбит пен Ғазы-Яғлық қалаларына тарайды. Бірнеше күннен соң бұл жалын бүкіл Самарқанд аймағын шарпиды. Халық қаһары 9 шілдеде Әндіжан мен Марғиланға, 11 шілдеде Түркістан астанасы Ташкентке жетеді.

Қазақ Жетісуында көтеріліс алдындағы оқиғалар басқаша өрбіген. Жұмылдыруға қарсы бірте-бірте қалыптасқан наразылық билікке қарсы тікелей қақтығыстарға бірден әкелген жоқ. Жетісу қазақтары өздерінің наразылығын халық арасында сайланған жергілікті басқарушыларға білдірді. Түркістанда болып жатқан толқуларға байланысты Жетісу әкімшілігі жергілікті тұрғындардың арасынан шыққан «үгіттеушілерді» тұтқындап, зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы шерулерінің алдын алуға тырысты. Шілденің аяғына қарай жұмылдыруға қарсы үгіт жасады деген күдікке ілінген адамдарға қарсы қуғын-сүргін басталады. Көп адам тұтқындалған, мысалы, 17 шілдеде бір күннің ішінде Верненск уезінің (қазіргі Алматы облысының бөлігі) үш болысында үгітші деп айыпталған 34 адам тұтқынға алынған.iEdward D. Sokol, The Revolt of 1916 in Russian Central Asia (Baltimore: Johns Hopkins Press, 1954), 118. Тұтқындау көбінесе жұмылдыру туралы ресми мәлімдемелер кезінде болғандықтан, қақтығыс пен наразылық одан әрі өршиді. Жетісу тұрғындары жиналыстарының ресми баяндамаларында қазақтардың жұмылдырудан үзілді-кесілді бас тартқаны туралы жазылған. Жаркент уезі (қазір Алматы облысына қарайды) Әлжан болысы іс жүргізушісінің баяндамасында осындай жиналыстардың бірінде жиналған жергілікті тұрғындар «жұмылдыруға қатысқысы келмейтінін... бірауыздан мәлімдеген».i«Рапорт писаря Альджанской волости Джаркентского уезда Комарова начальнику Нарынкольского участка А. Подваркову о невозможности составления мобилизационных списков, 11 июля» — А. В. Пясковский и др. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сборник документов (Москва: Издательство Академии наук ССССР, 1960), 324-25.

1 / 2

Көтеріліс шежіресі: партизандық, адам барымташылары, жазалаушы казак отрядтары

Жетісудағы қарулы қақтығыстар шілде айының соңғы аптасында әскерге шақырудан қашқан бір топ қазақ оларды ұстамақ болған шегара патруліне оқ жаудырған кезде басталады. Көп ұзамай бұл оқиға 36 тамыз аралығында Верненск уезінің Қызылбуров және Ботпаев болыстарындағы қақтығыстарға ұласады. Қызылбуров болысындағы қақтығыс уезд басшысының орынбасары Хлиновскийдің бес сағаттың ішінде жұмылдыру тізімдерін беруге мәжбүрлеу мақсатында қазақ ақсүйектерінің арасынан бірнеше адамды тұтқынға алған әрекетінен туындайды. Болыс өкілдері Хлыновскийге бірнеше рет тұтқынға алынғандарды босатуды және жұмылдыруды кейінге қалдыруды өтініп жүгінеді. Алайда бұл келіспеушілік Хлиновский ашуға булыққан топты таратпақ болып аспанға оқ атқан кезде күшейіп кетеді. Хлиновскийдің аспанға атуы халыққа оқ ат деген бұйрық деп түсінген қасындағы қарамағындағылар сол жерде екі қазақты атып өлтіреді. Бұған шыдай алмай, қолында аңшылық мылтығы бар наразылық білдірушілердің бірі полицейді де атып өлтіреді. Осы оқиғадан кейін бұл болысқа казактардың атты әскерінің эскадроны мен жарты рота әскері жіберілген екен.

Ботпаев болысындағы екінші оқиға да осыған ұқсас өрбиді. Оқиға орнына жиырма полицей ерткен полиция капитаны Гилев жетіп, он екі қазақты өлтіріп, бір казак ротасы, бір жаяу рота және қонтайшы жасақтардан тұратын жазалаушы экспедиция жіберіп, Пішпекке бет алғандардың бәрін қырады. Жергілікті шенеунік Мұхамеджан Тынышпаевтың баяндамасында қазақтарды толқулар болмаған жерлерде де қырған, мысалы, Қапал ауданында (қазіргі Жетісу облысының бір бөлігі) жергілікті казактар ​​40 қазақты өлтірген дейді. Орыс отаршылдарынан бірде-бір адам шығыны болмаған Лепсі уезіндегі (қазіргі Жетісу облысының бөлігі) толқу жүз қазақты өлтіру мен жүз қазақты тұтқындаумен аяқталады.

Көтеріліске қатысушылар / АКИрrеѕѕ

Көтеріліске қатысушылар / АКИрrеѕѕ

Бұл оқиғалардан биліктің күш қолдануы мен қорқытуына көшпенділердің ашулы түрде жауап бергенін анық байқауға болады. Әкімшіліктің халықты қорқытуы және жұмылдыруға қарсылықтарын басып тастау әрекеттері қазақтарды өздерінің қиын таңдау жасауына — окоп қазып, ауыр жұмыс істеп, неміс әскерімен соғысып майданда өлу немесе өз Отанында жазалаушы отрядтардың қолынан қаза табуға тура келгеніне көз жеткізеді. Казактар ​​мен солдаттардың ауылдар мен бүліктерге қатыспаған бейкүнә жандарға бей-берекет жасаған зорлық-зомбылықтары халықтың «билік көшпенділердің көзін құртатын сұмдық жоспарын іске асырмақ» деген қауесетке сенімін арттырады. Жаркент уезінің (қазіргі Алматы облысының бір бөлігі) қазақ қазысының мұсылмандарды әскерге «құрбандыққа шалған қой секілді сүйреп әкетеді» деген сөзі осындай ұғымның айқын көрінісі.i«Рапорт писаря Алджанской волости Джаркентского уезда Комарова начальнику Нарынкольского участка А. Подваркову о невозможности сохранения мобилизационных списков, 11 июля» — Пясковский, Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сборник документов, 325.

Қызылбуров және Ботпаев болыстарындағы оқиғалардан кейін көтерілісші қазақтар телеграф байланысын бұзып, Верный (Алматы) — Пішпек (Бішкек) тас жолындағы пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілісшілер, сәтсіз болса да, бірнеше қоныс аударып келгендер тұратын ауылды және егістікте жұмыс істейтін шаруаларды тұтқынға алу әрекетін жасайды.i«Всеподаннейший отчет Военного Губернатора Семиреченской области за 1916 год» – Жетісу — Ыстықкөл Қасіреті. Құжаттар мен Материалдар Жинағы. 1916–1920 жж. 1916–1920 Zhzh., 151. 10–11 тамыз аралығында көтерілісшілер Саратовское ауылын қоршауға алып бастағанымен, жазалаушы жасақтардың кесірінен шегінуге мәжбүр болады.i «Донесение вр. и. д. начальника Лепсинского уезда A. A. Маслова в Верненский окружной суд о восстании в Уезде» – Пясковский, Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сборник документов, 392. 13 тамызда Верненск уезіндегі Жайылмышев болысының қазақтары казак отрядымен шайқасқа түсіп, жеңіліске ұшырайды.i«Докладная записка и. д. военного губернатора Семиреченской области А. И. Алексеева генерал-губернатору Туркестанского края А. Н. Куропаткину о причинах и ходе восстановления в области» – там же, 372. Жаркент уезінде көтерілісшілер Ново-Афонское және Спицевское ауылдарын, сондай-ақ Қарқара өңіріндегі қоныс аударғандардың бірнеше шаруашылықтарын талқандайды.i«Всеподаннейший отчет Военного Губернатора Семиреченской области за 1916 год» в Койгельдиев. Жетісу – Ыстықкөл Қасіреті. Құжаттар мен Материалдар Жинағы. 1916–1920 жж, 158.

1 / 2

Торғай облысындағы көтеріліске ұласқан оқиғалар тізбегі де Жетісудағыдай болды. Жұмылдыру жарияланғаннан кейін Торғай қазақтары оны кейінге қалдыруды сұрап Петроградқа делегация жібереді.iВ., Восстание тургайских казак-кипчаков в 1916–1917гг, 19-20. Бұл кезде жергілікті билік те тәртіпті қалпына келтіріп, жұмылдыру жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге ұмтылып отырған еді. Түркістан мен Жетісуда болған оқиғалар кейбір патша шенеуніктерін «толқуларды лезде басып, аяусыз әрекет ету қажет ететініне» сендірсе керек. Әскерге шақыру парақтарын жасауға жауапты жергілікті әкімшіліктердің шабуылдар мен кісі өлтіру жағдайлары туралы хабарлары мен басқа да қауесеттерге сүйене отырып, отаршыл шенеуніктер тізімдерді жеткізуді тездету үшін жиі зорлық-зомбылыққа жүгініп отырған. Мысалы, капитан Ткаченко басқарған отряд тамыз айының аяғында қазақтың елді мекендерін талқандауға кіріседі. Жергілікті тұрғындардың айғақтарына сәйкес жазалаушы жасақтар қазақ ауылдарында зорлау, ұрып-соғу, тонау және қасақана өртеу сияқты жаппай жауыздықтарға қатысқан.i«Искак Альсугуров, Токат Тлеулин: Торговец и сын ишана» Тимофеев Н. Д. и др. Восстание 1916 года в Казахстане (Алма-Ата: Казгосиздат, 1937), 70–71. Ткаченконың айтуынша жақындаған орыс әскерлерін көрген көшпенділер «жынды сияқты» шоши қашыпты.i«Из дневника Я. Довбищенко о положении в осажденном Тургае» – Пясковский, Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сборник документов, 587.

Қыркүйек айының алғашқы толқуларынан соң біраз уақыт тыныштық орнайды. Алайда бұл тыныштық көп ұзамай қазан айының соңында кенеттен үзіледі. Көтеріліске дейінгі айлардағы тыныштықты Торғай қазақтарының ұйымдасқан қарулы қарсылыққа дайындалуымен түсіндіруге болады. Бұл мезгілде олар адам жинап, қару-жарақ жасақтап, күштерін біріктірген. Мұрағат деректерін оқысақ, Жетісудағы көтерілісшілерге қарағанда Торғай көтерілісшілерінің ұйымшылдығы мен үйлестіру машықтары жақсырақ болған екен. Торғай көтерілісшілерінің негізінен арғындар мен қыпшақтардан тұратын екі бөлек әскер құрғандығы мен өздерінің әскери басшылары болғаны да көңіл аударарлық жайт. Осындай көсемдердің бірі — Амангелді Имановтың аты көтерілістің кеңестік дәуірдегі тарихнамасында мәңгілікке жазылып қалды. Торғай көтерілісшілерінің саяси басшылығы да болған — Амангелді қыпшақтардың ханы болып сайланған Абдулғафар Жанбосыновтың әскерін басқарды. Арғын көтерілісшілерінің басшысы Оспан Шолақов болды.iВ., Восстание тургайских казак-кипчаков в 1916–1917гг, 12. Қос армия әскерінің саны 8 мыңға жетіп, сарбаздары негізінен салқын қару-жарақпен және аңшылық мылтықтармен қаруланған.

1 / 3

Торғай көтерілісшілерінің әрекеттері көбіне Жетісудағылардың әрекеттерін қайталайды. Жазалаушы жасақтардың алға жылжуына жол бермеу үшін Торғай көтерілісшілері Торғай мен Ырғыз қаласын байланыстыратын тас жолдың 160 верст (шамамен 170 шақырым) бөлігін, сондай-ақ жол бойында орналасқан пошта бекеттерін қиратып тастайды.i««Из дневника Я. Довбищенко о положении в осажденном Тургае»; «Телеграмма вице-губернатора Тургайской области С. Н. Обухова командующему войсками Казанского военного округа А. Г. Сандецкому о необходимости высылки войск для борьбы с восставшими, блокировавшими г. Тургай»; «Из журнала военных действий Тургайского отделения карательной экспедиции генерал-лейтенанта Лаврентьева» – Пясковский, Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сборник документов, 589, 95, 603. Жетісу көтерілісшілеріне қарағанда Торғай көтерілісшілерінің ұйымшылдығы жақсырақ болған, мұның дәлелін жазалаушы жасақтармен болған қақтығыстар туралы құжаттардан көруге болады. Ұрыстарда көтерілісшілер «шайқас тәртібін» орнатып, алға «колоннамен» жылжып, «толқын» тәсілімен келісілген шабуылдар жасаған.i «Телеграмма командующего войсками Казанского военного округа А. Г. Сандецкого начальнику Генерального штаба П. И. Аверьянову о ходе восстания в Тургайской области и о боях карательного отряда с восставшими» – там же, 610. Олар таңдай қақтырар батылдық танытып, «жауған отқа қарамай» шабуыл жасап, фанатизмге жақын дерлік намыспен шайқасқан.i«Важнейшая документальная зарисовка начальника Генерального штаба П. И. Аверьянова и начальника Главного штаба М. И. Занкевича Николаю II о ходе восстания в Тургайской области и о боях карательного отряда полковника Розена с крупными отрядами повстанцев» – там же, 615. Баяндамаларда көтерілісшілер жергілікті өлкені жақсы білгендіктен, көбіне қараңғы батқан кезде шабуыл жасауды жөн көргені айтылған.i«Телеграмма начальника штаба Казанского военного округа Н. Ф. Добрушина начальнику Генерального штаба П. И. Аверьянову о формировании новых воинских частей для передачи их экспериментальному карательному отряду генерал-лейтенанта Лаврентьева в связи с успехами в восставших» – там же, 606. Көтерілісшілер жазалаушы жасақтардың қозғалысы туралы ақпарат жинау үшін барлау желісін де пайдаланған екен.iИз журнала военных действий Тургайского отделения карательной экспедиции генерал-лейтенанта Лаврентьева» – там же, 602. Демалу үзілісі кездерінде олар атты әскерлік күзет құрып, 25 верст радиустағы бақылауды қамтамасыз ететін заставалар ұймдастырған.i «Телеграмма командующего войсками Казанского военного округа А. Г. Сандецкого начальнику Генерального штаба П. И. Аверьянову о ходе восстановления в Тургайской области и о боях карательного отряда с восставшими» – там же, 610. Бір сөзбен айтқанда, баяндамалардың бірінде айтылғандай, «көтерілісшілердің әрекеттерінде партизандық соғыс сипаты болған».i«Телеграмма начальника штаба Казанского военного округа Н. Ф. Добрушина начальнику Генерального штаба П. И. Аверьянову о формировании новых воинских частей для передачи их экспериментальному карательному отряду генерал-лейтенанта Лаврентьева в связи с успехами в восставших» – там же, 606.

22 қазанда көтерілісші қазақтар Торғай қаласын қоршауға алады. Қоршау қарашаның аяғына дейін созылады. 6 қарашаның таңғы мезгілінде көтерілісшілердің әскері қалаға қиян-кескі шабуыл жасайды. Куәгерлердің айтуынша 12 000 атты әскер қалаға төрт колоннамен басып кірген екен. Қаланы ала алмаса да, орасан зор зиян келтіріп, Торғай шетіндегі 100-ге жуық үйді қиратып, жақын маңдағы шабындықтар мен қамысты өртеп жіберген екен.i«Телеграмма командующего войсками Казанского военного округа А. Г. Сандецкого начальнику Главного штаба М. И. Занкевичу о действиях казахских повстанческих отрядов в Тургайской области» – там же, 617. Генерал Лаврентьев басқарған жазалау экспедициясының шабуылы көтерілісшілер әскерін шегінуге мәжбүр еткенімен, оларды толық жеңе алмады.

 Павел Лейбин. Жетісудың мұсылман-аңшылары. Верный қаласының маңында. 1913 жыл/ "Фольбаум альбомы"

Павел Лейбин. Жетісудың мұсылман-аңшылары. Верный қаласының маңында. 1913 жыл/ "Фольбаум альбомы"

Босқындар мен қалғандардың тауқыметті тағдыры

Кейінгі айларда құрамында 17 атқыштар ротасы, казактардың 19 ротасы мен эскадроны, 14 далалық зеңбірек пен 17 пулеметі бар жазалаушы жасақтар көтерілісшілермен далалықтағы күресін біресе жеңе, біресе жеңіле жүргізіп отырды.i«Из донесений командующего Казанского военного округа А. Г. Сандецкого в Главное управление Генерального штаба о численности карательных отрядов и ходе восстания в Тургайской области» — там же, 608. 30 қарашада жазалаушы экспедициялардың бірі көтерілісшілерге артиллерия, пулемет пен мылтықпен оқ жаудырды. Бірнеше күннен соң 3 желтоқсанда тағы бір жазалау экспедициясы 3 мың көтерілісшінің жойылғаны туралы хабарлады.iА.В. Ганин, "Последняя экспедиция императорской России: Русская армия на подавлении Туркестанского мятежа, 1916–1917 гг.," — Русский сборник: Исследования по истории России 19–20 вв., под ред. О.Р. Айрапетова и др.. (Москва: Модест Корелов, 2008), 198. Алайда қанша тырысқанымен көтерілісшілер әскерін бұратала жойып, өлім соққы бере алмады. Арғындардан тұратын көтерілісшілер ақыры берілгеніне қарамастан, қыпшақ көтерілісшілер күресуін тоқтатпады. Тіркелген мәліметтерге қарасақ, Ақпан төңкерісі қарсаңында Абдулғафар Жанбосынов ағасы Сәдіманды Бұхараға қару-жарақ сатып алуға жіберген екен.i«Телеграмма командующего Казанского военного округа А. Г. Сандецкого начальнику генерального штаба П. И. Аверьянову о расположении отрядов восставших, руководимых Амангельды Имановым, и о волнениях на копях Атбасарского акционерного общества» — Пясковский, Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сборник документов, 624. Ақпан төңкерісі туралы хабар ақыры қыпшақ көтерілісшілерін де қаруларын тастауға мәжбүр етті. Десек те, Торғайдағы көтеріліс ешқашан күшпен басылған емес. Ол патша үкіметі құлағаннан кейін бірте-бірте өздігінен сейілді.

Ал Жетісудағы көтеріліс қазанға дейін аяусыз түрде басылды. Бұл өлкеге ​​жіберілген жазалаушы отрядтардың саны Торғай отрядтарына қарағанда едәуір көп болды — оның құрамында 35 рота, 24 казак атты әскер эскадроны, 240 атты барлаушы және түрлі қоныстық жасақтар болды. Олар 16 далалық зеңбірек пен 47 пулеметпен жабдықталған болатын.iУсенбаев, 1916: Героические и трагические страницы, 41. Жазалау экспедициясының Жетісудағы шабуылдарының елеулі ауқымы негізінен Пржевальск уезінде (қазіргі Қырғызстанның Ыстықкөл облысы) шоғырланған отырықшы ауылдарға жасалған шабуылдардың сипатына ұқсас болса керек. Верненск, Жаркент және Лепсі аудандарындағы толқулардың саны аз болса да, жазалаушы күштер жергілікті халықты жаппай қырып-жояды.

Қазіргі таңда мұрағат құжаттарының жоқтығынан Жетісу мен Торғайдағы жазалау экспедицияларының қанша қазақты өлтіргенін нақты анықтау қиын. Қырғыз тарихшысы Жеңіш Жүнушалиевтің айтуынша көтеріліс кезіндегі жазалаушы отрядтарға қарсы қақтығыстарда және одан кейінгі Қытайға жаппай қоныс аудару кезінде Жетісу қазақтарының 16 мыңға жуығы қаза тапқан. Торғайға жіберілген жазалау экспедициясы мүшелерінің бірі әйелі бар, баласы бар 6 мыңнан астам қазақты қырғандарын айтып мақтаныпты деседі. Аштықтан, суықтан және аурудан бұдан да көп адам қырылған. Мұнысы аз болғандай билік қазақтардың жылқысының 50%-ын, түйесінің 55%-ын, ірі қарасының 39%-ын және қой-ешкісінің 58%-ын конфискациялап, тартып алған екен.iSmele, "The "Russian" Civil Wars, 1916-1926: Ten Years That Shook the World," 20.

Мыңдаған көшпенді халық сарбаздар мен казактардың қолынан қаза тапса, одан да көбі қашу үстінде өлді деп айтуға болады. Қазақтардың Жетісудан Қытайға қашуы зор қасірет пен айрылыстың салдарынан болғаны анық.

164 мыңнан 250 мыңға дейін қазақ пен қырғыз Шығыс Түркістанда пана табады. Қытайда 164 мың босқынның жартысынан астамы, яғни 83 мыңы қаза тапқан.

Демографиялық статистика Жетісу облысына қарасты үш қазақ ауданындағы байырғы халық санының айтарлықтай азайғанын көрсетеді. 1917 жылдың қаңтарына қарай Верненск және Лепсинск уездеріндегі қазақ халқы екі есеге жуық азайды. Вернен ауданында 4 347 шаруашылықтың 1 932-сі, ал Лепсі ауданында 7 071-дің 3 442-сі жоққа ұшырады. Дегенмен халық шығынының ең көп мөлшері Жаркент ауданында байқалады: 17 096 үй шаруашылығының 12 718-і қоныс аударып кеткен.iАсфендиаров, Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане, 104.

164 мыңнан 250 мыңға дейін қазақ пен қырғыз Шығыс Түркістанда пана табады.iҚойгелдиев, Жетісу — Ыстықкөл қасіреті. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1916–1920 жж. 1916–1920 жж., 5. Smele, "The "Russian" Civil Wars, 1916-1926: Ten Years That Shook the World." Аман қалғанымен, босқындардың қиындықтары осымен бітпеді. Көбі малынан айырылады. Жазалаушы жасақтар тонаған адам саны бұдан да көп болған — олар қашқан көшпенділерді құнды дүние-мүлкінен айырып, малдарын тартып алған. Жергілікті тұрғындар жазалаушы жасақтар мен қарулы қоныстанушылар топтарының тонауынан қашып жатқан көшпенділер мүлкінің төрттен үшінен айырылды деп есептейді.i«Заявление в Президиум ТурЦИКа от семиреченских делегатов, 27 января 1920 года» — М. К. Койгельдиев, ред. Қазақ Ұлт-Азаттық Қозғалысы (Алматы: Открытая библиотека Казахстана, 2011), 190. Көп ұзамай қашып құтылғандар аштық пен аурудан қырыла бастайды. Тынышпаевтың есебі бойынша Қытайда 164 мың босқынның жартысынан астамы, яғни 83 мыңы қаза тапқан.iҚойгелдиев, Ыстықкөл қасіреті. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1916–1920 жж., 5. Көбі аман қалу үшін балалары мен жас әйелдерін сатуға мәжбүр болған. Жетісудың 4 мыңға жуық әйелі мен баласы Шығыс Түркістанға сатылған.i«Заявление в Президиум ТурЦИКа от семиреченских делегатов, 27 января 1920 года» — Койгельдиев, Қазақ Ұлт-Азаттық Қозғалысы, 191. Жергілікті халық босқындардың «киім-кешегі де, малы да жоқ» болғанын айтқан. i«Заявление в Президиум ТурЦИКа от семиреченских делегатов, 27 января 1920 года» в ibid., 190.

Павел Лейбин. Тауға көшу. 1913 жыл/"Фольбаум альбомы"

Павел Лейбин. Тауға көшу. 1913 жыл/"Фольбаум альбомы"

Жетісуда қалғандардың да қайғысы азайған емес. Ұлттың бәрі тең болады деген уәдеге қарамастан, Ақпан төңкерісі онсыз да зардап шегіп отырған халықтың жағдайын еш жеңілдетпеді. Пішпек уезі қырғыздары мен қазақтарының Уақытша үкіметке жолдаған үндеуінде отаршылдар мен байырғы халық арасындағы қарым-қатынас былайша суреттелді: «Орыс шаруалары... қырғыздарды өлтіреміз деп қорқытуда. Уезде ешқандай құқығымыз жоқ, бізді қорғайтын да ешкім жоқ» iЦГВИА РФ ф. 400, Азиатская часть, д. 42, l. 84–85 — Давид Байданский, История беженцев-киргизов (1916–1927 годы) (Бишкек 2006), 81. . Уақытша үкіметтегі мұсылман депутаттардың баяндамасы жергілікті тұрғындардың «қырғыздар қуғындалып, аштықтан қиналып жатыр» деген сөздерін растайды.i«Телеграмма Мусульманского Совета Туркестанского края Временному Правительству и Исполнительному Комитету Совета солдатских депутатов о бедственном положении "киргиз", 30 июня 1917 г.", РГВИА ф. 400, оп. 1, д. 4639, l. 110

Халықтың көтерілістен кейін бастан кешкен қасіреттері халық әндерінде, өлеңдерде, әңгімелерде көрініс тапты. Олардың ішінде көтеріліс кезінде жазылған және соңғы кезде Димаш Құдайберген орындап жүрген «Самалтау» әні ерекше көзге түседі. Еңбекке мәжбүрлеп жұмылдырылған жастың дауысымен орындалатын бұл ән сарбаздың болашағы мен оның қарт ата-анасының амандығы туралы уайымын жеткізеді. Ән қасіретке ұшыраған «қайран елдің» қайғылы тағдыры туралы жүрекжарды жоқтау ретінде қабылданады. 1916 жылғы оқиғаны терең түсінуге септігін тигізген тағы бір шығарма — атақты Сартбай ақынның «Тар заман» поэмасы. Өлеңде «қазақты күйретіп, халыққа зорлық көрсеткен — патша» деп айтылған. Ресей императорын ақын Иса Байзақов та сынап, Николай II-ні қазақ халқының қанын сорған сүлікке теңейді. Ақын «Елім менің, жауыз саған не қылмады?» – деп, олар (патша жасақтары) «қызыңнан қатын, шаңырағыңнан отын жасап», «елді қан жылатты» деп, күйзелген.iМ.Қозыбаев,, ред. Қаһарлы 1916 жыл (Құжаттар мен материалдар жинағы)) (Алматы: Қазақстан, 1998 ж.), 219.

Қырғыз - 1916 жылғы көтеріліске қатысушы / AKИpress

Қырғыз - 1916 жылғы көтеріліске қатысушы / AKИpress

Көтеріліс Азамат соғысының динамикасын қалай айқындады?

Көтеріліс аяусыз басып-жаншылғанымен, патша үкіметі жеңді деп есептеу қате. Жазалаушы жасақтардың әрекеті қазақтардың қоныс аударушыларға деген жек көрінішін одан әрі өршіктіріп, отаршылдарды да өздерін ұзақ уақыт бойы қоршауда болғандай сезіндірді. Сонымен қатар маңызды ресурстар майданға емес, көтерілісті басуға жұмсалғандықтан, Мемлекеттік Дума орталық үкіметті қатал сынға алды. Еңбекке жұмылдырудың өзі де сәтті болды деп айту қиын. Түркістаннан жинауға жоспарланған 480 000 адамның орнына 123 205 адам, яғни жоспарланған санның төрттен бір бөлігі ғана әкелінді. iП. А. Ковалев, Тыловые рабочие Туркистана в годы Первой мировой войны: (1916 – май 1917 гг.) (Ташкент: Госиздат Узбекской ССР, 1957 г.), 82. Торғай облысы да жоспарлаған көрсеткіштеріне жете алмай, 36 000 жұмысшының 10 175-ін ғана жіберген. iГанин, "Последняя полуденная экспедиция Императорской России: Русская армия на подавлении туркестанского мятежа 1916–1917 гг", 204.

Тағы бір маңызды жайт — бұл көтеріліс негізінен Азаматтық соғыстың динамикасын белгілеп, жергілікті халық пен қоныс аударған отырықшы шаруаларды бір-бірінен қатты алшақтатты. Көшпенділер Азаматтық соғысты 1916 жылы басталған қайшылықтың жалғасы ретінде қарастырады. Қоныс аударушылар да Азаматтық соғысты жергілікті халықтың жері мен ресурстары үшін күресі ретінде көрді. Колонистердің көтерілістен кейінгі қарулануы қоныс аударушыларға өздерінің үстемдігін біраз уақыт ұстауға және Азаматтық соғыстан аз шығынмен шығуын мүмкін етті. Ахмет Байтұрсыновтың Азаматтық соғысты «зорлық, тонау, қиянат және ерекше қатал диктаторлық билік» деп сипаттауын түсінуге болады.iАхмет Байтурсынов, "Революция и киргизы", Жизнь национальностей, № 25 (37) (1919 г.): 1.

Көтеріліс пен одан кейінгі Азаматтық соғыс, бір жағынан, қазақтардың басын біріктіріп, жергілікті интеллигенцияға олар өкілдік етуге ұмтылған жергілікті қауымдастықтармен берік байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Көтерілістен кейін Алаш Орданың көптеген мүшелері жұмылдырылғандар мен билік арасында аудармашы және делдал қызметін атқарды. Олар келіссөздер жүргізіп, өлкенің еңбекші мұсылмандары атынан Петроград үкіметіне жүгініп отырды. Жапондық тарихшы, Алаш Орданы зерттеуші Томохико Уяманың айтуынша, бұл қызметтері оларды жергілікті еңбекшілер үшін «маңызды да атақты» етті.iTomohiko Uyama, "Two Attempts at Building a Qazaq State: The Revolt of 1916 and the Alash Movement," in Islam in Politics in Russia and Central Asia (Early Eighteenth to Late Twentieth Centuries), ed. Stephane A. Dudoigne and Hisao Komatsu (Abingdon, New York: Routledge, 2009), 94.

Алаш Орда қайраткерлерінің жер мәселесін көтерілістің маңызды факторларының бірі деп есептеп, оны саяси бағдарламаның өзекті мәселелерінің біріне айналдырғаны да өте маңызды. iОб ответе казахской интеллигенции на аграрную колонизацию степи см. Alexander Morrison, "Russian Settler Colonialism," in The Routledge Handbook of the History of Settler Colonialism, ed. Edward Cavanagh and Lorenzo Veracini (London and New York: Routledge, 2016), 323–25 Партия өзінің саяси бағдарламасында Дала өлкесі мен Түркістанды отарлауды тоқтатуды, көшпенділерге тең жер құқығы мен саяси өкілдік беруді талап етті. Азаматтық соғыс пен Қазақ даласындағы билік үшін қанды күрес кезінде бұл талаптар жергілікті халыққа ұлттық автономия беру туралы үндеулерге ұласты. iСостоявшийся в апреле 1917 года объединенный киргизско-казахский съезд принял резолюцию, требующую закрытия области для заселения из других регионов. ЦГА РУз ф. 1044, оп. 1, д. 5, л. 2–3 — Будянский, История беженцев-киргизов (1916–1927 годы), 88–89. Бір зерттеушінің пікірінше, сайып келгенде «1916 жылғы көтеріліс Ресейдің өзінде революцияның алғышартына айналып, Ресейдің Орта Азиядағы күштер арақатынасын жеделдетті».iSokol, The Revolt of 1916 in Russian Central Asia, 13.

1 / 2

Аминат Чокобаева

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ