5 САУСАҚ

Қазақ асханасының ең маңызды тұғырының бірі, әрине, бесбармақ екені сөзсіз

5 САУСАҚ

Бесбармақ/Alamy

Физиктер кейде сыртқы бақылаушы бір атомның көмегімен осы атом пайда болған Әлемнің құрылымын түсіне ала ма деп дауласқанды ұнатады.

Жауабы шамамен бір атомның көмегімен бәрін болмаса да, көп дүниені аңғаруға болады.

Дәл осындай талас бесбармақтың ауылын да айналып өткен жоқ. Бір тамшы судан әлемнің бейнесін көре алатыныңыз сияқты, көшпелі халықтың ұлттық тағамынан да халықтың тұрмыс-салтын көре аламыз. Сондықтан да оның төңірегінде болып жатқан дау-дамай толастамайды. Кейде тіпті жанжалға да ұласып жатады. Атауы да маза бермейді.