АЛЕН ДЕЛОНДЫ ЕСКЕ АЛУ

Ален Делон жұлдызын жаққан елеулі 10 фильм

АЛЕН ДЕЛОНДЫ ЕСКЕ АЛУ

Ален Делон «Жарық күнде» фильмінің түсірілімнде. 1960/Alamy

Ален Делонның артында біршама фильм қалды. Ортанқол детектив хикаялардан бастап Микеланджело Антониони (Күн тұтылу «L'eclisse») мен Жан-Люк Годардың (Жаңа толқын) шедеврлеріне де түсті. Ол тіпті кеңестік кинода да («Тегеран-43») бой көрсетті, «Traitement De Choc» (Тоқпен емдеу) фильміне тыр жалаңаш түскені де бар, клоун тұмсығын тағып алып, қызыл парикпен (Полицай сөзі «Parole de flic») аренаны айналып ойнақ салды, Казановадан Рамон Меркадерге дейінгі тарихи тұлғалардың бейнесін сәтті сомдап шықты. Qalam редакциясы үшін актердің мол мұрасынан он фильмді ғана таңдап алу оңайға соқпады. Мұндағы фильмдерсіз Делон тұлғасын тану мүмкін емес.

Мазмұны

«Plein Soleil» (1960), (Жарық күнде)

Режиссер Рене Клемент Делонға дарынды Рипли мырза туралы танымал оқиғаның экранизациясында басты рөлді сеніп тапсырды. Сөйтіп, оның жұлдызын жақты. Ален Делонның сол кездегі қалыңдығы Роми Шнайдер оны «Тоғышар мачо» деп мазақ еткен және бұл фильмдегі сері бейнесі жұрт есінде мәңгіге сақталып қалды.

1 / 2

«Rocco e i suoi fratelli» (1960), (Рокко және оның бауырлары)

Француз Рене Клемент дарынды жас Делонға жанрлық киноның техникасын үйретсе, италиялық Лучино Висконти оны хас ақсүйектік киноматрафқа жетеледі. Сентиментал боксшы Рокко рөлі оның сұлулығына асқақ өнердің өшпес таңбасын басты.

1 / 2

«Il Gattopardo» (1963), (Қабылан)

Бұл — жоғалып бара жатқан тектілік туралы тарихи эпопея, онда Висконти бұл жолы Делонға Роккодағыдай қарапайым кісінің емес, италиялық ақсүйек ұрпағының рөлін сеніп тапсырды. Сицилия палаццосы кезіндегі теңізші Делон лашықтарда жүргендей шынайы көрінді.

1 / 2

«Le Samouraï» (1967), (Самурай)

Делон Жан-Пьер Мелвиллдің бірнеше фильмдеріне түсті және оның барлық рөлдері шетінен шедевр болып шықты. Дегенмен Делонның елес киллер секілденген рөлді сомдаған алғашқы бірлескен жұмысы әлі күнге дейін теңдесі жоқ туынды.

1 / 2

«Les Aventuriers» (1967), (Шытырман оқиға іздегендер)

Делонның көптеген шытырман оқиғалы фильмдерге түскені және қару-жарақтың сан түрін (қылыш, бөшке, ​​тіпті винил пластинкасындағы граната) қолданғандықтан, бұл жанрда бір ғана позицияны таңдау қиын. Бәлкім, «Les Aventuriers» (Шытырман оқиға іздегендер) фильмі айрықша ностальгиямен ерекшеленеді (мүмкін, фильмнің кеңестік кинопракаты кінәлі бұған): махаббат үшбұрышы, Жеңіс аркасының астындағы ұшамыз деп тыраштану әрекеттері, қазына іздеу және сақал-мұрты келіскен Делон ұшқыш рөлінде, беліне белдік байлап африкалық би билеп, шетен шөлмектен шарап ішкен көріністер тағы бар.

1 / 2

«La Piscine» (1969), (Бассейн)

Жак Деренің фильмі Мишель Леграндтың музыкасына сәйкес Сан-Тропедегі жазғы трагедияны бұзған әдепсіз сұлу адамдардан тұрады. Бірақ Роми Шнайдер, Морис Ронет және Джейн Биркин сияқты дене-тұрқы мінсіз жаралған адамдардың фонында Делонның бейберекет бет-әлпетінің өзі сұлу көрініп, ерекшелене алды.

1 / 3

«La Prima notte di quiete» (1972), (Тыным тапқан алғашқы түн)

Валерио Дзурлинидің тамаша фильмі, Аленнің тамаша рөлі. Делон мұнда ақ плащ киген француз полиция комиссары емес, түйежүн пальто жамылған италиялық филология профессорының рөлін сомдайды және ол өзінің студентіне ғашық болып, қайғылы финалға қарай бет алады. Делон әрқашан фильмде сұлулармен серік болды, мысалға Мирей Дарктан Энн Париллаға дейін айтуға болады. Бірақ оның стандарттары бойынша жергілікті әріптес әртіс қыздар фантастикалық бет контурымен ерекшеленеді (студент, париждік орыс қыздың рөлін Соня Петровна есімді актриса сомдады).

«Deux Hommes Dans La Ville» (1973), (Қаладағы екеу)

Бұл фильмде Делон баспаханада қызмет ететін, бұрын сотталып келген банк тонаушысының рөлін сомдайды. Жасыл халат жамылып алып, джаз тыңдайды және қалыпты өмірге оралғасы келеді, бірақ бұған гангстерлер де, полицейлер де мұрша бермейді. Фильмнің финалында гильотина астындағы Делонның тақыр басы көрініс табады, бұл бейне бір Францияның екі символының қорқынышты қосылған түрі секілді.

«Monsieur Klein» (1976), (Кляйн мырза)

Делонның бүкіл мансабындағы ең күрделі және маңызды рөлі осы шығар, сірә. Джозеф Лоузи таспалаған фильмде ол 1942 жылы қазаға ұшыраған еврейлерден өнер туындыларын сатып алып, қауіпті егізі бар екені анықталғанға дейін мүлдем бейқам өмір сүрген бай антиквариат дилерінің рөлін сомдайды.

1 / 2

«Notre Histoire» (1984), (Біздің тарих)

Бертран Блиенің бұл абсурдтық фантасмагориясында Делонға үнемі тек сыра сіміріп, өң мен түстің арасында адасқан мазасыз маскүнемнің тосын рөлі бұйырған. Көзінің асты ісініп тұратын әлпетінің арқасында және құдды бір экранның ар жағынан сыраның күлімсі исі мүңкіп тұрғандай әсерді сездіріп, шебер сомдаған рөлі үшін Делон «Сезар» сыйлығын иеленді.

1 / 2