Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Мәуереннаһр
Араб тілінде Орталық Азияны солай атайды.
Бұл атау 7–8 ғасырларда араб жаулаушыларына байланысты пайда болды және бұл сөз Джейхунның (Әмударияның) оң жағалауындағы аймақтарды білдіретін. Мәуереннаһр аймағына қазіргі Қазақстанның оңтүстігі, Өзбекстанның барлық дерлік жері және Тәжікстанның бір бөлігі кірді. Еуропада бұл аймақ көбіне «Трансоксиана» деп аталған, бұл «Окс өзенінің арғы жағында» дегенді білдіреді (Әмударияның антикалық атауы).