Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Ұлан
Жеңіл атты әскер, көптеген елдерде осындай әскер болған. «Ұлан» сөзі түркілердің «оғлан» — жас жігіт, жасөспірім деген сөзінен шыққан.
Алтын ордада оғлан деп сұлтандарды айтқан. Әскерде олардың аты мықты, өздері жақсы сауыт киген соң еуропалықтар элиталы атты әскерін «ұлан» деп атай бастаған. Ұландар қылыш, шолақ найза мен тапаншамен қаруланып, көне моңғол бас киімі секілді ерекше бас киім киген. Ұландар 18 ғасырдан бастап 20 ғасырға дейін армияның маңызды бөлігі саналған, олар ресейлік, франциялық, италиялық және басқа да елдердің әскер қатарында болды. Әлі күнге дейін ұландар кей елдердің гвардия құрамына енеді, мысалы, Испания корольдік гвардиясының құрамында ұландар бар. Ал Қазақстанда «ұлан» сөзінің өзі «гвардия» деген мағынаға ие.