ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Э әрпі

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Эзоп

Антикалық дәуірдің аңызға айналған мысал жазушысы.

«Эзоптық» деп мақалада, кітапта немесе кез келген жария сөз сөйлеуде қабатталған ақиқаттарды атайды. Эзоптың нақты тарихи тұлға болып өмір сүргені жөніндегі мәселе әлі де күмән тудырады, әрі оған «эзоптық» деп аталған бес жүзден астам сюжеттер тиесілі деп санау дұрыс емес.

Қабылданған биографияға сәйкес, Эзоп шамамен б.з.д. 600 жылы өмір сүрген, белгісіз тектен шыққан құл болған: сұсты, қырсық, бүкір және сөйлеу қабілетінен айырылған. Бірақ бір Құдайдың қызметкері Эзопты емдеп, оны Грецияның ең өткір ойлы адамдарының біріне айналдырған.

Грек еңбегі «Эзоптың өмірбаянында» Эзоптың қалай бостандыққа шыққанын, ұзақ уақыт Вавилон патшасының сарайында тұрғанын және басқа да қызықты деректерді келтіреді. Бұл деректер Вавилон патшасының қажеттілігі кейбір мысалдардың шығыстық элементтерін және өмірін түсіндіру үшін болғанын айқындайды — сол уақытта Эзопқа көптеген кең таралған анекдоттар тиесілі еді. Әйтеуір, Эзоптың мысалдары мыңжылдар бойы Жерорта теңізі аймағында өте танымал болды, олар балаларды оқытуда Грецияда, Римде және эллиндік Мысырда қолданылды. Бұл моральдық және қызықты сюжеттер әлемнің барлық тілдеріне аударылды, Эзоп көптеген мәдениеттерге терең еніп кетті. Лафонтен Эзопты француз әдебиетінің маңызды тұлғасы ретінде құрметтеді; Крылов өз аудармаларымен орыс әдебиетін байытты; Ираннан Түркияға дейінгі сопы дәруіштер өздерін «Эзоптың мұрагерлері» деп атады, себебі олар өздерінің моральдық аңыздарын Эзоптың мысалдарына негіздеп жазды. 12 ғасырдың белгілі сопы ақыны Джалаладин Руми, мысалы, замандастары тарапынан «Екінші Эзоп» деген құрметті атқа ие болды.

Диего Веласкес. Эзоп. Шамамен 1638/ Прадо Ұлттық мұражайы, Мадрид/Wikimedia Commons

Диего Веласкес. Эзоп. Шамамен 1638/ Прадо Ұлттық мұражайы, Мадрид/Wikimedia Commons