АЛМАТЫ

«Медеуден» «Медеоға» дейін және кері қарай

АЛМАТЫ

Алексей Уткин. Қалалық пейзаж. Алматы

«Жақсы есім малдан артық» дейді қазақ мәтелі, бәлкім бұл тосын естілетін шығар, бірақ бүгінгі әңгіме орта ғасырлардағы Жібек жолындағы қала, Әмір Темірдің осы аумақта жүргізген экспансиясының стратегиялық бекетіне айналған, көшпелі халықтың қыстауы, казактардың берік бекінісі болған Алматы туралы. Оның дәл осы атауы өміршеңдігінің арқасында ғасырлармен үндесіп жатыр деуге болады, себебі ол талай-талай зілзаланы, тасқын суды, аумалы-төкпелі замандарды басынан өткеріп, бірнеше рет атауы ауыстырылған. Ол аз болса, бұл атау тіпті оған қала ретінде тоқтаусыз ағылып жататын адам нөпірі тоқтап қалғанда да өзгеріссіз қала берді, кейде түрлі себептер негіз болып, Ұлы моғолдар Империясының сарайларында, орта ғасырлық Еуропаның католиктер ғибадатханасында аталып жатты.

«Орыстар Іле Алатауы аумағына қоныстанған соң… бұрын, орта ғасырларда Алматы атанған қала орнына Верный бекінісінің іргесі қаланды, бұл «алмалы қала» дегенді білдіреді. Сол ірі сауда-саттық орталығы және көптеген халықтардың сауда керуендері жолындағы бекет ретінде белгілі болған, олардың арасында, Қытайға жол тартқан генуялық көпестер де болған»,iН. В. Сорокин. «В горах и долинах русского Тянь-Шаня». Исторический вестник, Том 24. СПб: 1886. деп жазады орыс ғалымы Николай Сорокин 1884 жылы Тянь-Шаньға жасаған сапары туралы. Дәл сол генуялық көпестер Қытайдан еліне кері қайтқанда, Еуропаға Алматы туралы, сол маңайдағы кішігірім несториан шіркеуінде сақтаулы тұрған Әулие Матфейдің мүрдесі туралы мәліметті жеткізіп отырған.

Біз сәулет өнерінің тарихшысы, «Алматы: 19551991 жылдардағы кеңес модернизмінің сәулет өнері» кітабының қосалқы авторы Анна Броновицкаяға Алматының архитектуралық эволюциясы туралы, ал Стэнфорд университетінің қазақ тілі оқытушысы, «Walking Almaty» және «Monumental Almaty» жобаларының қосалқы авторы Дэннис Кинге, жойылып кеткен қазақ топонимикасы мен байырғы алматылықтар турасында айтып беруін өтіндік.

Верный қаласы/ЦГА КФДЗ РК

Верный қаласы/ЦГА КФДЗ РК

Верный қаласы

Анна Броновицкая:

Танымал саяхатшы Петр Семеновтың зерттеулеріне сүйенсек, (кейін Семенов-Тянь-Шанский деп аталып кетті), ресейліктердің «Швейцарлық Альпіден де ғаламат өлке» атанған Іле Алатауын отарлауы қазақтармен арадағы қанды қырғыннан басталды, кейін бұл алауыздық қырғыздарға қарай ауысты. Сол замандағы Ресей номенклатурасы бір-бірмен туыс екі халықтың мәртебесін төмендетіп, «қырғыздар» және «қара-қырғыздар» (кейде «жабайы қырғыздар») деп атайтын. Сол сияқты, әйгілі саяхатшы Ресей қоныстары жайғаса салысымен, жергілікті қазақтардың казактар табынына тап беріп, айдап әкеткені, кейбір казактардың басы шабылып, өздерінің найзасына шаншылғаны, сол сияқты, ресейлік керуендерге шабуыл жасалып, ондағылардың тұтқындалғаны, кейін кейбір қазақтардың сөзіне қарағанда, Хиуаға құлдыққа сатылғаны туралы әңгімелейді.

Шамамен отыз жылдан кейін 1883 жылы Семенов мұндағы жағдайды мүлде басқаша суреттей бастайды: «Қазір Верный Орталық Азиядағы ең жақсы және ең гүлденген орыс қаласы екені сөзсіз, оның 17 мың тұрғыны бар, тастан қаланған екі қабатты жақсы үйлері көп, тастан соғылған әдемі, кең керуен сарайы, сәулеті әдемі екі шіркеуі бар. Бірақ Верныйдың сәнін келтіретін ең тамаша нәрсе орыс қоныстанушылары қаланың айналасына отырғызған әдемі бақтар».

Алғашында елді мекен Құлжа жолы мен Кіші Алматы өзенінің қиылысында орналасқан бекіністің маңында тұрғызылды. Бекіністің екі жағында Үлкен және Кіші Алматы станицалары пайда болды, онда Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірден ұйымдасқан түрде көшірілген казактар ​​мен шаруалар қоныстанды. Олар егіншілікпен, қолөнермен айналысып, әскери гарнизонды барлық қажетті заттармен қамтамасыз етті. Жаңа елді мекенге Ташкент пен татар көпестері ағылып келе бастады, олардың құрған сауда алаңдарынан Кіші Алматы өзенінің арғы жағында Татар қонысы пайда болды. Татар слободасы байыпсыз құрылды, бірақ екі станицаның өте қарапайым жүйелі жайғастыру сұлбасы болды, қазір ғимараттар толығымен өзгергенімен, ол қаланың жоспарынан әлі де білініп тұр. Екі станицаның да өз шіркеуі мен мектебі болды, ал Татар слободасында мектебі бар мешіт салынды. Қазақтар болса қалада тұрмай, көшіп-қонып жүрді және орыс қоныстанушыларының қысымымен суармалы жерлерден бірте-бірте дала мен тауға шегінді.

Верный қаласының жоспары / Wikipedia Commons

Верный қаласының жоспары / Wikipedia Commons

QALAM редакциясы:

Іле Алатауы маңайын орыстардың жаулап алуы және Верный бекінісінің іргетасы қаланған тұстағы тарихты зерттеуде — империялық үкіметтің аумақты отарлау барысында ешкімге тиесілі емес, бос жерлерді басып алуы және осы жерлермен айтарлықтай рухани байланысы бола қоймаған кейбір көшпелі элементтердің тауға қарай жылжығандағы негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Алайда байырғы халықты қыруар материалдық шығынға батырып, әлеуметтік-саяси құрылымына нұқсан келтірген және рухани өміріне қол сұққан жан түршігерлік басқыншылық халық жадында ешқашан өшпестей болып сақталып қалды және осының бәрі ата-тек жадысының топонимикасы мен фольклорында біржола орнығып, мәңгілік ізін қалдырды, тіпті Кеңес дәуірінде де Алматы мен оның маңайындағы елді мекендер тарихи атауын сақтап қалды. Осылайша жергілікті халық туған өлкелерінің атауын қазақша атымен атауға құмар болған, мәселен, орыс шығыстанушысы Николай Веселовский 1894 жылы біршама қазақша ән-жырларды жинап, топтама шығарады, сол басылымда Алматының атауы асқан сағынышпен, жүрек елжіретер аңсаумен ән-жырға қосылады:iН. Веселовский. Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском крае. СПб: 1894.

«Көз жасымды төгейін көлдетіп, айтайын өз жайымды…

Алматы деген өлкеме дінсіздер келді шұбырып.

Қапыда қалдық, Алматыдан айрылып,

Жайқалған раушаным, халқымның отыз мың сарайы».

Ермек Серкебаевтан бастап Батырхан Шүкеновке дейін «Гүл Алматым» деп шырқаған-ды.

Дәл осы шақта, аталмыш өлкенің байырғы тұрғындары — қазақтың Ұлы Жүзіне жататын тайпалары, шұрайлы жерінен айрылып, жан-жаққа тентіреп кетеді, осылайша теперіш көрген халықты отаршыл үкімет «басқыншыл және деструктивті элемент» деп санай бастайды. Орыстардың әскери географы Михаил Венюков «Алматы көшелерінде қырда қыдырып жүргендей» алшаң басқан қазақтардың «патриархалды әдепсіздігі» ұнамайтынын, болашақта қазақтардың өркениетке зор қадам жасауын көксеп, «көшпелі жыртқыштың өмірінен қойшының бейбіт тұрмысына ауысуын»i«Очерки Заилийского края и Причуйской страны». Записки Императорского русского географического общества. Книжка 4. СПб: 1861. қалайтынын жазады.

Дүнген базары / Wikipedia Commons

Дүнген базары / Wikipedia Commons

Дэннис Кин:

«Байырғы алматылық» деген атау уақыт өте келе Алматыда туғандар үшін зор мақтанышпен айтылатын таным маркеріне айналды. Сол сияқты «байырғы алматылық» болу қалада туып-өскендер мен ауылдан келгендерді айыра білу болып саналатын, себебі Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 30 жыл ішінде қала тұрғындарының саны екі есе өскен. Алайда көптеген отбасылардың тарихын мұқият талдайтын болсақ, «байырғы» тұрғындардың көбісінің бұл жерлермен тарихи байланысы жоқ. Кеңес кезінде Қазақстанның астанасы болған Алматыға (орысша Алма-Ата) басқа жақтардан түрлі халық өкілдері қоныс аударды, әсіресе, Сталин дәуірінде КСРО-ның еуропалық бөлігінен келген жұмысшылар мен инженерлік-техникалық кадрлар көшірілді, сол сияқты, кәрістер мен Кавказ халықтарының өкілдері, басқа да қуғынға ұшыраған ұлт өкілдері жер аударылды. Осылайша сырттан келген келімсектер мен жер аударылғандар қаланың «орыс тілділер» тобына қосылып, мәдени тұрмыс-салтына сіңісіп кетті де, олардың ұрпақтары өздерін «байырғы тұрғындармыз» дейтін болды, себебі дәл сол кезден бастап «жергілікті алматылықтар» ақырындап артқы шепке қарай ысырыла бастайды.

Қазан төңкерісінен кейінгі жаппай толқулар мен қуғын-сүргіннен кейін көптеген беделді отбасылар большевиктерді қолдамай, қазақ халқының тәуелсіздігі идеясын ұсынған Алаш-Орда қозғалысын жақтады, осының кесірінен олардың атына күйе жағылып, көптеген жылдар бойы кеңес тарихшылары елемей келді. 1930 жылдың басында жергілікті қазақтар тарихта «Ашаршылық» деген атаумен қалған жаппай аштық зардабынан тартып, қырылып қалды, тірі қалғандарды кеңес үкіметі күштеп мемлекеттік фермалар мен астана маңайындағы шаруашылыққа қоныстандарды. Қала ортасында тұрып қалған зиялы қауым өкілдері, оның ішінде, ақын-жазушылар мен ғалымдардың көпшілігі негізінен өздерінің зияткерлік мұрасымен танымал Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан келген Орта жүз тайпаларының өкілдерінен құралды. Әлбетте, көрнекті саяси тұлғалар, мәселен, Дінмұхамед Қонаев немесе Нұрсұлтан Назарбаевтар жергілікті жердің тумалары болатын, бірақ мұндағы қазақтар саны әлдеқайда азайып кеткен-ді, ал ескіден қалған зиялы отбасыларының өкілдері азып-тозып, тарих беттерінен біржола өшіп тынған.

Нағыз байырғы алматылықтардың шежіресін зерттей отырып, біз отарлау және трансформациялану алдындағы дәуірдің тарихын електен өткізу арқылы олардың сол заманды қалай қабылдағанын аңғара аламыз. Дәл осы жерде Ұлы жүз тайпалары, олардың көпшілігі албандар, дулаттар мен шапыраштылар Алатаудың биік шыңдарынан Іле өзенінің сағасында жатқан иен дала аралығында көшіп-қонып, тұрмыс кешкен. Бұл өлкелер тарихи орын ретінде аса ірі мәдени және географиялық аумақ саналатын — Жетісу өңіріне жатады (орысша Семиречье), сол сияқты «батырлар мен ақындар елі» саналады, мұнда талай қазақ жауынгерлері, ақындар мен музыканттар дүниеге келген. Осы ұлы тұлғалар мұрасының ізін 20 ғасырдағы урбанизацияның кесірінен жоғалып кетуге шақ қалған жергілікті топонимдер мен ескерткіштерден тауып алуға болады. Бұған Медеу де кіреді, бұл адамның өміртарихы әлеуметтік және саяси дүмпулер мен қайта жаңару дәуірінде жоғалып, ұмытылып кеткен, алайда модернизм ескерткішінің атауына айналса да, біржола өшпеді және қазіргі деколониализм дәуірінде біз ақыры осы нақты адам мен оның туған жеріне, ата-тегіне терең үңіле алатын жағдайға жеттік.

«Верный қаласы» / Wikipedia Commons

«Верный қаласы» / Wikipedia Commons

Анна Броновицкая:

1867 жылы Ресей империясының құрамында Семиреченская облысы (қаз. Жетісу) құрылып, Верныйда әкімшілік орталығы ретінде құрылыс салына бастады. Қаланы орналастыру комитеті 19 ғасырға тән тік төртбұрышты кварталдардан тұратын жоспарды әзірледі. Көшелер суару жүйесімен қосылды, яғни көшелердің бағыты жердің еңісімен анықталады. Көлденең ендік көшелер дәл дерлік шығыс-батыс бағытта, таудың «сөрелеріне» параллель созылып жатыр, ал бойлық меридиандар оңтүстіктен солтүстікке шамамен 4 градус бұрышпен түседі. Тік бұрышты кварталдардың негізгі төрт бағытқа бағдарлануы күтпеген жерден Алматыны Нью-Йоркпен жақындастырады, бірақ Манхэттенде «жоғары» және «төмен» белгілері солтүстік пен оңтүстіктің картадағы дәстүрлі солтүстік пен оңтүстіктің орналасуымен анықталса, Алматыда барлығы басқаша: жоғары дегеніміз рельефі бойынша биіктеу, оңтүстікте орналасқан таудың бағыты.

Ендік көшелердің жоғарғысында Кіші Алматы өзенімен жалғасатын бас арық салынған, одан су табиғи ағынмен қалған көшелердің шетімен салынған арықпен ағып жатты. Жақсы ойластырылған суару жүйесі және үй иелерін өзінің жер теліміне қарама-қарсы көшеге ағаш отырғызуға міндеттейтін ережелердің арқасында қала тез арада жасыл желекке айналды.

«Верный қаласының жоспары». 1912 жыл / Wikipedia Commons

«Верный қаласының жоспары». 1912 жыл / Wikipedia Commons

Ерте кезде қалыптасқан ерекшеліктер полицентрлік, ұзынша болып келген шағын кварталдардың төртбұрышты торы және жасыл желектің көптігі Алматының орталығына әлі де тән, бірақ 19 ғасырда салынған ғимараттар қазір жоқтың қасы. Бекіністің үйінді топырағы аумағындағы және станицалардағы ғимараттар ағаштан тұрғызылған болса, бекіністен батысқа қарай орналасқан «жаңа қаланы» кірпіштен салу туралы шешім қабылданды. 1887 жылы болған қатты жер сілкінісі барлық дерлік кірпіш үйлерді қиратып, көп адамның өмірін қиды. Осыдан кейін үйлерді қайтадан ағаштан салатын болды, бірақ 1910 жылы 9 балл жер сілкінісі олардың да көпшілігін бұзды. 1921 жылы таудан түскен сел қаланың едәуір бөлігін қайтадан қиратты. Кеңес дәуіріндегі қирандыдан кейін саусақпен санарлық ғимарат қана аман қалды. Олардың кейбіреуі қалпына келтіріліп, жаңа бояуы жарқырап тұр, бекіністің соңғы ағаш ғимараттары сияқты басқасы тозып, жойылып бара жатыр.

Верный дәуірінің ең көрнекті сәулет ескерткіші Вознесенский кафедралық соборы. Ол маңызды идеологиялық рөл атқаруға тиіс болған: «біздің Верный қаласындағы сән-салтанатты және көп адам сыятын Собор мұсылман өлкесінде орыстың атауы мен православие дінінің беделін сақтау үшін керек». Бұл міндет өзінің өзектілігін әлдеқашан жойды, бірақ бұдан ғимараттың қала орталығындағы қала құрылысы доминанттарының бірі және алматылықтар ұлтына, дініне қарамастан мақтан тұтатын инженерлік жетістік ғажайыптарының бірі ретіндегі құндылығы еш кеміп отырған жоқ. 1927 жылы Кеңес Одағы дәуірінде Құдайға құлшылық ету тоқтатылғаннан кейін қоңырау мұнарасына радиостанция антеннасы бекітіліп, ғимарат ішіне мұражай орналастырылды. Кейін онда концерт-көрме залы болды, ал 1995 жылдан бастап ғибадат жасау қайта жанданды.

«Верный қаласы. Кафедралы шіркеуі». 1914 жыл / ҚР ОМ КФДЖ

«Верный қаласы. Кафедралы шіркеуі». 1914 жыл / ҚР ОМ КФДЖ

19 ғасырдың аяғында құлшылық етуші 2000 адамға арналған ағаш шіркеуді жобалау оңай шаруа болған жоқ, тіпті ағаш шіркеулер бәрінен жиі кездесетін Ресейдің солтүстігінде де мұндай үлгілер болмаған. 1903 жылы бекітілген жобаны петерборлық сәулетші Константин Борисоглебский верныйлық инженер Андрей Зенковпен бірге әзірлеген. Ежелгі орыс дәуіріндегі ғимараттарға стильдендірілген, крест табанының астында 41 метр биіктікте көтерілген қоңырау мұнарасы бар бес күмбезді собор антисейсмикалық жаңартпалық шешімдерге толы, іргетасы темірбетон, Тянь-Шань шыршасы ағашынан жасалған құрылмалық элементтердің көптеген бекіткіштері металл және қоңырау мұнарасы шатырының астындағы амортизатор металдан жасалған. Бұл әдістердің тиімділігі 1910 жылы жер сілкінісі болғанда, ғимарат іс жүзінде зақымданбаған кезде расталды.

Верныйдың басты мұрасы қаланың жоспарлау құрылымы: қиылысқан көшелер торы, орталық бөліктің ең маңызды алаңдары, саябақтар, саяси өмірдің өзгерістерімен бірге жаңғырып отырды. Саудагерлерге арналған үйлердің орнында Орталық колхоз базары пайда болды, сол жерде 1975 жылдан бері қазіргі Көк базардың ғимараты да тұр. Торговая немесе Гостинодворская көшесінің атауы 1930 жылдары Горький, ал 1990 жылдары Жібек жолы деп өзгертілді, бірақ көшенің сауда жасап серуендейтін орын сипаты сақталған. Пушкин гүлзары, Азаттық үшін қаза тапқан жауынгерлер саябағы және 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақ деп те аталатын Қалалық бақ аумағына 1880 жылдары станица зираты кірді, ал 1918 жылы онда қисынды түрде кеңес өкіметі үшін қаза тапқан күрескерлер жерленді. Кейін дәл сол жерде Мәңгілік алау жағылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ескерткіш орнатылды.

1 / 2

1890-жылдары орманшы және бағбан Эдуард Баум абаттандырған тоғай кеңестік заманда демалыс аймағы ретінде дами берді. 1856 жылы ғалым-бағбан Григорий Криштопенко Кіші Алматы өзенінің аңғарында негізін қалаған қазынашылық бақ, жеміс-жидек және сәндік өсімдіктер тәлімбағы 1935 жылы Горький атындағы мәдениет саябағына айналды. Бұған қарама-қайшы жайт әкімшілік орталық қаланың құрылымындағы ең көп орын ауыстырған элемент болып шықты. Қалалық бақтың жанындағы генерал-губернатордың үйіне жақын жерде қалыптасып, 1920-жылдары қазіргі Астана алаңына, ал 1980-жылдары Республика алаңына көшті.

Генерал-губернатордың үйі. 1894 жыл / Wikipedia Commons

Генерал-губернатордың үйі. 1894 жыл / Wikipedia Commons

QALAM редакциясы:

Хронологияға сүйенетін болсақ, мұндағы мәтіндерде, әсіресе, кеңес дәуірінде және кейін шыққан орыс тілді басылымдардан біз Алматы туралы мынандай ап-айқын осындай ақиқатты оқып үйренгенбіз: «Аумақта кеңес өкіметі орнаған соң, 1854 жылы казактар Верный деп атаған қала Алма-Ата болып өзгерді». Бір қызығы, Азамат соғысы қызып жатқанда, жұмысшылар мен еңбекші тап үкіметі өздері жаратпайтын патшаға берілген казактар бекінісінің Верный деген атауын жергілікті халық тіліндегі әп-әдемі: «Алма-Ата»«алманың атасы» деген атауға ауыстырып бере салды. Дегенмен біз, өкінішке орай, көпшілікке белгісіз болып келген немесе жалған жорамалдарға негіз, түрлі аңыздарға арқау болған, қаланың атауына қатысты осы бір тарихи тұстарының бетпердесін ашамыз және оны өткенді шолу ретінде өткіземіз.

Біріншіден, 1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ата заңы қабылданған сәтте «Алма-Атаны» «Алматы» деп атау туралы өзгеріс енбеген. Дегенмен қалай болғанда да қаланың қазақша атауын ресми атауы ретінде бекітіп орысшаны қоса алғанда, өзге тілдерде де қазақша атауын да қалдырып глобусқа «Alma-Ata» емес «Almaty» деп жаза бастаған. Орыс тілді «Вечерняя Алма-Ата» газетi «Вечерняя Алматы» болып өзгертілді. Алматы қазақ тілінде ешқашан «Алма-Ата» деп аталған емес. 1991 жылы да бұлай аталған жоқ, тіпті 1921 жылы қала атауы «Верныйдан» өзгертілсе де «Алматы» қазақша «Алматы» болып қала берген. Жетісу облыстық революциялық комитетінің 1921 жылғы 3 ақпандағы бұйрығында: «Бұдан былай «Верный» қаласы еңбекші халық тілінде «Алма-Ата» қаласы деп аталады», деп жазылған. Мұнда еңбекші халық тілі деп орыс тілі айтылып тұр, сондықтан қазақ тіліндегі кез келген басылымды ашып қарасаңыз, тіпті идеологиялық «Қазақстан коммунисі» (Казахстанский коммунист) журналының өзінен «Қазақстан Компартиясы Алматы (Алма-Ата емес) облыстық комитеті» деген атауды көзіңіз шалады. Неліктен олар кенет «Алматы» Ташкентпен салыстырғанда советтік атаулар аз деп шешім шығарды және неліктен псевдоқазақша «Алма-Ата» — ол әйел есімді ата, ал бұл жағы түсініксіз. Қызығы, Әулие-атаның (қазіргі Тараз қаласы) дыбысталуына көңілдері толмағандықтан кейін оны тез арада Мирзоян деп өзгертті, ал ол атылып кеткеннен кейін қалаға Жамбыл есімін берді.

Екіншіден, Алматы қазақтар үшін ешқашан «Верный» болған емес. Кез келген энциклопедияны, географиялық анықтамалықтар мен төңкеріске дейінгі жолжазбаларды оқысаңыз: «Анықтап айтқанда, қазақтар оны Алматы деп атайды» немесе «байырғы халық Верный бекінісін Алматы деп біледі»iГеографическо-статистический словарь Российской империи. Том 1. СПб: 1862. дегенді кездестіресіз. «Бақша өсіру ісінің дамуы жергілікті халық Алматы, яғни Алмалы дегенді білдіретін Верный бекінісінде қазыналық бақ отырғызудан (1856 жж. ) бастау алды».iСельскохозяйственные и статистические сведения. Выпуск 2. СПб: 1885. Ал енді Семенов-Тянь-Шанскийді оқиықшы: «Көксуға сапарға шыққанда, мен Іле арқылы өтіп, тамыздың аяғында Іле Алатауы өлкесіне жеттім, бұл Верный бекінісі немесе Алматы қаласы, жергілікті халық оны осылай атайды, демек бұл Орталық Азиядағы ең шалғай жатқан елді мекен».iмекен»88Вестник Императорского русского географического общества. Часть 18. СПб: 1856..

Бұл жерде қаланың қос атауы бар сияқты естіледі, қысқа да нұсқа — орыстар оны Верный деген, қазақтар — Алматы деп атаған, бірақ бұл жаңсақ пікір. Орыстар көбінесе өздеріне жақын әрі тіліне жатық, идеологиялық жағынан дұрыс болса да, Верныйды Алматы деп атайтын. Мәселен, Орыс императоры географиялық қоғамына жазған хатында Семенов-Тянь-Шанский: «Алматы немесе Верный бекінісі» деп жазады, «Верный» энциклопедиялық сөздігінде жарияланған мақаласында Брокгауз бен Ефрон: «жергілікті халық пен орыстардың біршамасы Верныйды ескіше — Алматы деп атайды», деп жазады, ал «Түркістан өлкесі» әскери-статистикалық топтамасында дәл осыған ұқсас: «жергілікті халық пен көптеген орыстар Верныйды ескіше — Алматы деп атайды».

Тек қана «Алматы» емес, оның латын тіліндегі «Almaty» атты атауы көптеген еуропалық авторлар мен саяхатшылардың еңбегінде кездеседі. «Мен Ыстықкөл аумағында туып-өстім, ол Алматы қаласының маңайында орналасқан жер (dans les environs de la ville d'Almaty)», деп бастайды «Көк жалау» деп аталатын кітабын Леон Кахун (1877).

Сол сияқты Алматы туралы жазбалар орыстар жаулап алғанға дейін де кездеседі, мәселен, атақты саяхатшы Александр Гумбольдт 1929 жылы саяхат күнделігінде «Almatе» туралы жазады, бірақ жылнамалар мен кейбір жазбаларда оны «Алмату» деп моңғолшалайды, естеріңізде болса, «Бату» орыс тілінде «Батыйға» айналған. Сол сияқты Алматы атты атау Ұлы Моғолдар Империясының негізін қалаушы Захир ад-дин Мұхаммед Бабурдың «Бабур-намесінде» кездеседі, ал Мұхаммед Хайдар «Тарих-и Рашидиінде» Моғолстанның ең маңызды жерлерінің бірі, Әмір Темірдің өзі жаулап алған өлке «Алмату» деп жазады және осыдан кейін заманауи Алматының бұрынғы Верный бекінісінде, «орта ғасырларда Алматы қаласы орналасқан жерде болғанына» ешкім күмән келтірмейді,iкүмән келтірмейді1414 Н. В. Сорокин. «В горах и долинах русского Тянь-Шаня». Исторический вестник, Том 24. СПб: 1886. , себебі «қазіргі кездегі Верный қаласы Іле мен Шу өзендерінің арасында, Іле өзенінің сағасында, Алматы (Алмату) деп аталатын жерде тұрғызылғаны анық».iН. Н. Пантусов. «Фергана, по “Запискам” султана Бабера». Записки Императорского русского географического общества. Том 6. СПб: 1880. Ал ежелгі елді мекендердің қирандылары мен ескі арықтар туралы жергілікті халық та, келімсектер де жақсы білетін, орыс этнографы Николай Абрамов бұл туралы: «Алматыға көшіп келген орыстар, бекініс тұрғызу үшін Алматы өзенінің бойында қалып қойған диірмен тасын пайдаланған. Талғар ауданына кіре берісте ежелгі бекіністің қирандылары жатыр. Қырғыздар оны Тоқтамыш ханның дәуіріне тиесілі деп есептейді».iН. А. Абрамов. «Алматы или укрепление Верное, с его окрестностями». Записки Императорского русского географического общества. Том 1. СПб: 1867.

Медеу жолы / Wikipedia Commons

Медеу жолы / Wikipedia Commons

Дэннис Кин:

Алматы қаласының тарихын зерттеудің тағы бір тәсілі оның географиялық қайнаркөзіне үңілу. Бүгінде Алматының дәл ортасында тұрған кеңес дәуіріндегі ең көрнекті орындардың бірі Алтын Квадрат деген атаумен белгілі аудан Верный кезінен қалған патша дәуіріндегі бастапқы шегара сызығына азды-көпті сәйкес келеді. 19 ғасырдың 70-жылдары қаланың құрылыс жоспары Весновка мен Кіші Алматы арасында салынатын шегара гарнизонының үлгісіндей тік бұрыштар мен мінсіз тіке көшелерге негізделіп жасалыпты. Уақыт өте келе, келімсектер (оның ішінде, көпшілігі славяндар, сол сияқты, татарлар, ұйғырлар және дүнгендер) осы бір оқтай түзу көшелерді адамы ығы-жығы, әкімшілік орталыққа айналдырып жібереді.

Жергілікті қазақтар Верный қаласының тік бұрышты көшелерінен арырақта өмір сүреді. Арасында бақуат көшпелілілердің кейбіреуі, мәселен, жоғарыда аты аталған Медеу сияқты байлардың қалада үйі болған, бірақ көпшілігі тау мен дала арасында көшіп-қона жүріп, табындарын жаңа жайылымдарға айдап салу дәстүрін сақтап қалады. Көшпелілер қысқа қарай тұрақты баспанасына көшіп келетін болған, мұнда олар жеркепеге ұқсас (қаз. жер үй) үйлерден қыстақтарға бірігетін.

Конструктивистік Алматы

Анна Броновицкая:

1929 жылы астана Алматыға көшкенде, ол РКФСР құрамына енген Қазақ АКСР-нің астанасына айналды, осы кезде этникалық қазақтар қала тұрғындарының арасында азшылық болды. Қазақ халқының үлесі «жоспарлы отырықшыландыру» бағдарламасының нәтижесінде ғана, яғни дәстүрлі өмір салтын ұстану мүмкіндігінен айырылған көшпенділер аштыққа ұшырағанда қалаларда, соның ішінде Алматыға қоныс аударған кезде 1913 жылғы 6%-дан 1935 жылы 24%-ға дейін артты. Бірақ қала оларсыз да қарқынды өсе бастады: 1930 жылы Түркістан-Сібір темір жолы Алматыны Ташкент, Семей және Мәскеумен байланыстырды және осы кезден бастап оған КСРО жоспарлы экономикасының маңызды торабы рөлі берілді.

1929 жылдың басында қалада 55 000 адам тұрса, 1935 жылы бұл көрсеткіш 190 000 адамға жетті және олардың көпшілігі алыстан келген. 1930 жылы қалада жанталасқан құрылыс басталды, бірақ салынып жатқан үйлерге қарағанда халық саны тез өсті. 1931 жылы бір тұрғынға небәрі 3,1 шаршы метр тұрғын үй алаңы келген. Қаланың басшылығы лажсыздан қаланың шет аймақтарында стихиялық құрылыс салуға жол берді. Нәтижесінде Алматының елеулі аумағында «жеке сектор» қалыптасып, кеңестік кезең бойы сақталды. Бірақ сонымен қатар бірнеше ғана жылдың ішінде астана мәртебесіне лайық мықты конструктивистік сәулет қабаты пайда болды. Ол негізінен Мәскеуде жобаланған.

1932 жылы Алматы Мәскеудегі «Гипрогор» институтында әзірленген жаңа бас жоспарға ие болды. Бұл бас жоспар бойынша өнеркәсіпті Ташкент аллеясынан солтүстікке қарай жатқан жерде дамыту ұйғарылған, ал қаланың тұрғын үйлер орналасқан бөлігі негізінен сол құрылымды сақтап қалды. Қаланың негізгі осі бұрынғы Старокладбищенская көшесі болды, оның атауы 1930 жылы Вокзальная көшесі, 1933 жылы Сталин даңғылы (1961 жылдан Коммунистік, қазіргі Абылай хан даңғылы) деп өзгертілген. Бұл көше «Алма-Ата-2» жолаушылар вокзалынан басталып, 1928 жылы басты орынға айналған және соған сәйкес Қызыл алаң, содан кейін Ленин алаңы деп аталған бұрынғы Казак алаңының жанынан өтті. Верный кезінде ол казармалармен қоршалған плац-парад болды, ал 1930-жылдардың басынан бастап гүлзарлары бар саябаққа айналып, оның бойында конструктивизмнің аса ірі практигі әрі теоретигі Моисей Гинзбург өзінің бүкіл әлемге әйгілі Қаржы халық комиссариаты үйінің тең авторы Игнатий Милиниспен бірге жобалаған ең маңызды әкімшілік ғимараттар: Үкімет үйі (19271931) мен Түрксіб басқармасы (19281930) және бұрынғы Әскери собордың орнына салынған Байланыс үйі.

1 / 4

Өкінішке орай, бұл конструктивистік мұра негізінен бізге сиқы қатты бұзылған күйде жетті және көп нәрсесі толығымен жойылды. Өйткені 1930 жылдардың басында бүкілодақтық мәдени саясаттың өзгеруіне байланысты ол тез арада бағаланбайтын болды. 1950 жылы Алматының сәулет өнері туралы жарық көрген кітапта былай деп жазылған: «Бұл ғимараттардың барлығына [Үкімет үйі, Байланыс үйі, Түрксіб басқармасы] аскетизм мен жайдақтық элементтері тән; оларда орыс халқы мен шығыс республикаларының халықтары жақсы көретін сәулеттік пластика мен көркем декор мүлдем жоқ. Бұл ғимараттардың сәулетінде Кеңес Одағы халықтарының көркемдік дәстүрлеріне тән емес тысқы формализмнің сипаты бар». Түрксіб басқармасының ғимараты сонау 1930-жылдары классикаға бүркемеленіп, көркемдік тұтастығынан айырылды, ал қалған конструктивистік ғимараттар ұқыптылықпен қарауға лайық еместей көрініп, еш құрмет танытылмастан ағымдағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайта салынды. 1970-жылдары конструктивизм дүние жүзінде мойындалса да, бұл Алматының конструктивистік мұрасының тағдырына әліге дейін еш әсер еткен жоқ.

Ал, қазір Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы орналасқан бұрынғы Үкімет үйі — әлде де бастапқы қалпына келтіруге болатын бірінші дәрежелі конструктивизм ескерткіші. Моисей Гинзбург әзірлеген жобаның сапасын оның Иван Леонидов, Павел Блохин және басқа да ірі сәулетшілер қатысқан бүкілодақтық байқауда жеңіске жеткені айғақтайды.

Соцреалистік Алматы

Анна Броновицкая:

1930-жылдардың ортасынан бастап бүкіл кеңестік сәулет саласы бірден-бір дұрыс әдіс социалистік реализмді ұстануға тиіс болды. Егер әдебиетке, киноға немесе тіпті кескіндеме өнеріне қатысты алғанда мұның нені білдіретіні өмірді қаз-қалпында көрсету емес, оның социализм құру міндеттері аясында қалай болып көрінетінін реалистік бейнелеу керек екендігі азды-көпті түсінікті болса, сәулет өнеріндегі социалистік реализм жайындағы толассыз пікірталастан ақыр аяғында нақты тұжырым жасалған жоқ. Бірақ «классикалық мұраны сыни тұрғыда меңгеру» және «мазмұны бойынша социалистік, формасы бойынша ұлттық» деген жетекші формулалар пайда болды. Шын мәнінде бұл жаңа функцияларды классикалық композициялармен және оқиғаға сәйкес келетін сәндік элементтерді шебер үйлестіретін 19 ғасырдың екінші жартысындағы тарихшылдыққа қайта оралуды білдірді.

19301950 жылдардағы кеңестік сәулетті әдетте «сталиндік» деп атайды және көбіне-көп тоталитаризм үшін айыптайды. Бірақ интернационалдық заманауилықтан тарихи стилизацияға күрт бетбұрыс жасау жоғарғы жақтан талап етілгеніне күмән болмаса да, Алматының бұл кезеңдегі сәулеті мүлдем адамның еңсесін баспайды, қайта керісінше ол адамға арналған, өте жайлы болып көрінеді. Сейсмикалық қауіпке байланысты бұл негізінен үш-төрт қабатты, кейде бұрышында шағын мұнарасы бар үйлер. Бұл үйлер тарихи көшелер торының кварталдарын периметрімен айнала қоршап тұр, кейде алдыңғы аула «курдонер» жасау үшін қызыл сызықтан артқа шегінеді.

1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуына байланысты Алматының мәртебесі жоғарылады. Бір жылдан кейін КСРО Халшаркомының №1 Сәулет-жоспарлау шеберханасы әзірлеген жаңа бас жоспар қабылданды. Ол кварталдарды ірілендіруді талап ететін 1930-жылдардағы қала құрылысы теориясын ұстанды: бірқатар көше жаяу жүргіншілерге арналған бульварға айналды, квартал ішіндегі аумақтар тазартылып, көгалдандырылды және абаттандырылды. Су құбыры мен кәріз жүйесі толық іске қосылып, трамвай жүретін болды. Қаланың өсуі негізінен Весновка (Есентай) өзенінің батысына қарай жоспарланды. Алматының солтүстігіндегі тау бөктері демалыс аймағына бөлініп, онда санаторий мен демалыс үйлері салынды.

Гинзбург пен Милинистің жобасы бойынша салынған Үкімет үйі «үкімет ғимаратының арналу мақсатына мүлде сәйкес келмейтін» болып көріне бастағандықтан, Ленин алаңының арғы жағында жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды.iБ. Рубаненко, Г. Симонов және басқалар. Бұл Үкімет үйі Ленинградта жобаланды және қазақтың астанасы үшін тым монументалды және қатаң классикалық болып шықты. Масштабы бойынша ерекше болды, өйткені осынау маңызды ғимаратты салу үшін сейсмикалық төзімді қымбат құрылымдар пайдаланылды.

«Ұлттық форма» әдетте классикалық негізде салынған шығыстың жалпыланған сәндік мотивтерімен шектелді. Атап айтқанда, Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты осындай.iiСәулетшілер Н. Круглов, Н. Простаков, 1936–1941. Театрдың орналастырылуынан 19301950 жылдардағы қала құрылысы үшін маңызды ансамбль тұжырымдамасы жақсы көрінеді. «Іле Алатауының қарлы тауы мен төңірегіндегі жасыл желек фонында театрдың зор ауқымы анық көрінеді. Ғимараттың алдында тұрған биік емес стилобатқа апаратын, партерлік жасыл желекпен безендірілген кең баспалдақ, Сталин жолдастың монументалды мүсіні қойылған абаттандырылған алаң мұның бәрі қызықты, толыққанды ансамбль құрады».

Соғыстан кейінгі онжылдықтың бағдарламалық құрылысы 1946 жылы негізі қаланған Қазақ КСР Ғылым академиясыiСәулетшілер А. Щусев, Н. Простаков, 1948–1953. мен Самарқанда зерделеген медресе қасбеттерінің мотивтерімен және қазақтың ою-өрнегімен сәтті үйлестірді.

1 / 2

Соғыс жылдарында Алматы Ташкентпен бірге КСРО-ның еуропалық бөлігінің тұрғындары көп эвакуацияланған ірі орталыққа айналды. Қалада және оның маңында Бас жоспармен есептеспей, асығыстықпен ондаған кәсіпорын орналастырылды. Қазақ астанасы соғыстан кейінгі кезеңге инфрақұрылымдық проблемалардан және ауыр тұрғын үй дағдарысынан зардап шеккен қуатты өнеркәсіптік және интеллектуалдық орталық болып кірді. Эвакуацияланған адамдар кетсе де, халықтың өсуі тоқтаған жоқ: салынған зауыттар мен фабрикалар жұмыс күшін қажет етті. Сталин қайтыс болғаннан кейін Қазақстандағы үлкен ГУЛАГ лагерлерінен босатылған адамдар да Алматыдан пана тапты, саяси тұтқындардың көпшілігінің қайтып баратын жері болмады. 1954 жылы тың игеру науқаны басталғанда да қала тұрғындарының саны азайған жоқ, қайта керісінше олардың қатары көбейе түсті көптеген тың игеруші тың жерді жырту жұмысын орындағаннан кейін климаты жақсы қалада орнығуға ұмтылды. 1959 жылғы халық санағы бойынша Алматы халқының саны 456 000 адам болды, бұл соғысқа дейінгі 1939 жылғы көрсеткіштен (220 000) екі есе көп.

Қонаев кезіндегі Алматы

Анна Броновицкая:

1950-жылдардың ортасында кеңестік сәулет өнерінде тағы да бетбұрыс болды. Сталин қайтыс болғаннан кейін билік басына келген Никита Хрущев «сәулеттегі шамадан тысқарылықпен» күресті қолға алып, индустриалдық тұрғын үй салуды бастады. Басты мақсат әрбір кеңестік отбасын тез арада жеке пәтермен қамтамасыз ету болды, бірақ сонымен бірге сәулетшілерге халықаралық дамудың арнасына оралып, өткен дәуірдегі ғимараттардың стиліне ұқсатудан бас тартып, қайтадан заманауи сәулет өнерін жасауға мүмкіндік берілді. Қалаға енді соғысқа дейінгі түрлендіру емес, түбегейлі жаңа Бас жоспар қажет болды. 1960–1963 жылдары Ленгипрогор әзірлеген Бас жоспар бойынша 1980 жылға қарай халық санының 750 000-ға дейін өсуі және өнеркәсіп пен басқа қала құрушы факторлардың дамуын күрт шектеу қарастырылған.

Қаланың қалыптасқан құрылымын модернистік жолмен батыл қайта құруды көздейтін Ленинград жоспары ресми түрде бекітілді, бірақ іс жүзінде оған қасақылық жасалды. 1960-жылдардың ортасында жоспарлаушылар ең алдымен тәжірибелік мәселелерді шешумен: жаңа материалдар мен құрылыс әдістерін меңгеру, ғимараттарды үш қабаттан жоғары етіп салуға мүмкіндік беретін сейсмикалық төзімді құрылымдарды әзірлеу, ыстық климатта ауаны жасанды жолмен баптаусыз өмірді жеңілдететін жайғастыру жоспарын құрумен айналысты.

1967 жылы Медеу шатқалында селден қорғайтын бөгет салынып, сол кезде қалаға төніп тұрған қауіп-қатердің бірі жойылғандай болған кезде орталықты қайта құру жоспары бойынша бүкілодақтық конкурс өткізілді. Николай Рипинский басшылық еткен Алматыдағы Қазақтың қала құрылысын жобалау «Казгорстройпроект» институтының жоспарлаушылар тобы жеңіске жетті. Дәстүрлі кварталдар торын сақтауды, қала аумағын батыс бағытта кеңейтуді, Абай даңғылы бойындағы жергілікті орталықтар жүйесін дамытуды және Весновка өзені аңғарының бойымен демалыс аймағы бар жасыл дәліз қалыптастыруды көздейтін бұл жоба Алматыда жаңа құрылыс объектілерін орналастырудың негізіне айналды.

Таңдалған тәсілдеме жаңа ғимараттардың бұрыннан салынған құрылысқа үйлесімді қосылуын қамтамасыз етті: мысалы, Шевченко көшесінде 1960-жылдардың аяғында салынған ҒЗИ ғимараттары Ғылым академиясының бас ғимаратына қарама-қарсы Шоқан Уәлихановтың ескерткіші бар саябақтың сәнін келтірді. 1971 жылға қарай Мәскеу ОҒЗЖИ басқа жергілікті Алматы мемлекеттік қала жобалау институтымен (Алмаатагипрогор) бірлесіп, Рипинскийдің идеяларын дамытқан Алматы қаласының Бас жоспарының техникалық-экономикалық негіздерінің жобасын әзірледі.

«Гипрогор» ғимараты / Юрий Пальмин

«Гипрогор» ғимараты / Юрий Пальмин

1978 жылы бекітілген бұл жоспар бойынша жаңа ірі тұрғын үй аудандарының құрылысы салынды. 1994 жылға дейінгі перспективаға есептелген Бас жоспарда «Алматы-2» теміржол станциясынан солтүстіктен оңтүстікке қарай Іле Алатауының етегіне дейін созылып жатқан, шығысында Абай алаңынан сәл шығып кететін және батыс бағытта өсіп, қала маңындағы табиғи қожалықтардың жерін қосып алатын, қарқынды дамып жатқан орталығы бар қала салу көзделген.

Алматының сәулет өнері үшін 19601980-жылдар нағыз өркендеу кезеңі болды. Қалада көптеген жарқын ғимараттар пайда болды және олар енді осы жерде жобаланды, дегенмен ірі жобаларды әлі де Мәскеуде келісу керек болды.

Көп жағынан бұл 1960–1962 және 19641986-жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы ОК Бірінші хатшысы қызметінде болған Дінмұхамед Қонаевтың салиқалы саясатының арқасында мүмкін болды. 1972 жылы КСРО-ның 50 жылдығын атап өтудің арқасында әр республикаға көңіл бөлінді және астаналар арасында басқасына қоса сәулет саласында да өзіндік жарыс жүріп жатты. Алматының бақытына орай қазақ басшысының үлкен амбициясымен қатар, сәулет өнерінен де хабары болған, сондықтан ол жақсы жобаларды жүйелі түрде қолдайтын. Бұған қоса Қонаев 1964 жылы КОКП ОК Бас хатшысы болған Леонид Брежневтің жеке досы болған және мұны әдеттен тыс ерекше шешімдерді алға жылжыту және қажет болған жағдайда орталықтан қаржыландыру үшін пайдаланды.

Қонаев Алматыны заманауи интернационалдық қала ретінде тұрғызды, сонымен бірге оның билігінің ең маңызды міндеті республикадағы сыни этникалық және мәдени теңгерімсіздікті түзету болды: 1970 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан тұрғындарының арасында қазақтар небәрі 32% болған. Республиканың өзiнде сәулет бiлiмiн қайта құру жүрiп жатқан тұста қазақтың қабiлеттi ұл-қыздары Мәскеу мен Ленинградта оқып, алған бiлiмiн iс жүзіне асыру үшiн өз елiне қайта оралып жатты. Осы орайда олар бейресми көшбасшысы Николай Рипинский болған өте бай шығармашылық ортада жұмыс істеді. Ол авангард дәуірінде білім алды: 1931 жылы Киев инженерлік-құрылыс институтының сәулет бөлімін бітірді. 1949 жылы Рипинский космополитизм деген айыппен қуғын-сүргінге ұшырап, жазасын Қазақстанда өтеді. Ал 1954 жылы бостандыққа шыққаннан кейін Алматыда тұруға шешім қабылдады.

Қазіргі заманғы сәулетті қайта жасау қажеттілігі пайда болған кезде іс жүзінде жалғыз ол ғана мұны қалай жасау керектігін түсінген. Республикадағы бас жобалау институты Қазқаланың «Казгор» бас сәулетшісі болған Рипинский айналасына талантты жастарды жинады. 1960 жылы Мәскеуге кеңестік сәулет өнерінің шығармашылық бағыты туралы кеңесуге келген ол әріптестерін Қазақстанға жұмыс істеуге шақырды. «Қазақстанда бар болғаны 100 сәулетші бар. Бұл өте аз. Сәулетші жолдастарымды тағы да осы «тың өлкеге» шақырмасқа амалым жоқ. Келсеңіздер, өкінбейсіздер». Кейінірек Қонаев жіберген адамдар Мәскеу, Ленинград, Новосибирск, Одесса қалаларындағы сәулет жоғары оқу орындарының үздік түлектерін жұмысқа қабылдап, оларға Алматыда лайықты өмір сүруге қажетті жағдай жасауды және жобаларды ертерек іске асыру мүмкіндігін уәде етті.

Казгор / Юрий Пальмин

Казгор / Юрий Пальмин

Рипинский жинаған команда кеңестік Алматының басты символы — Ленин сарайын (қазіргі — Республика сарайы)iiН. Рипинский, Л. Ухоботов, Ю. Ратушный, В. Ким, В. Алле, А. Соколов, 1967–1970; қайта жөндеу — Т. Ералиев, 2010. салды. Ұзындығы 100 метр тік бұрышты ғимараттың үстінде қалықтап тұрған алтын шатыр жай ғана керемет әсерлі бейне емес. Ол ұстап тұрған қабырғалар емес, жеке тіректер және өзін көтеріп тұрған торлы құрылым негізгі залдың үстіндегі 76 метр аралықты жауып тұр. Сейсмикалық қауіпті аймақта 3000 адам сыятын, биіктігі 10 метр және оның үстіне қабырғалары әйнектен жасалған залды дәстүрлі әдістермен салу мүмкін емес еді. Сонымен қатар бұл анық қазақи ғимарат және бұл қандай да бір ою-өрнектің есебінен емес, төбесінің иілгендігінің арқасында жасалды. Онда қазақтың киіз үйінің есігінің пердесіне және қалпаққа (түркінің шеттері қисық киіз қалпағы) және Маңғышлақтың (Маңғыстау) көне ескерткіштеріне ұқсастық бар болып көрінді.

1 / 2

Өкінішке орай, кеңестік дәуірде Ленин атындағы Сарайдың баршаға белгілі болып таптаурынға айналуы тәуелсіз Қазақстанда оны қазіргі заманға лайықтауға деген құлшыныс туғызды, сөйтіп 2010 жылғы қайта жөнделген оның қазіргі көрінісіне көз жасынсыз қарай алмайсыз. Бірақ алматылық сәулетшілердің 1960–1980 жылдарда салынған, бірегейлігімен және әртүрлілігімен ерекшеленетін басқа да көптеген ғимараты сақталды. Олардың көпшілігі сол кезеңдегі Алматының негізгі қала құрылысы осі және сәулет витринасы болып табылатын Ленин даңғылы (қазіргі Достық) бойында тізіліп тұр. Республика сарайының жанында ұлттық ою-өрнектен бас тартылып, мүсінші Виктор Константиновтың эпикалық рельефтері таңдалған «Арман»iiА. Коржемпо, И. Слонов, В. Панин, 1964–1968. кинотеатры тұр. Оның аймақтық ерекшелігі — кинотеатрдың көшеге қарайтын сыртқы қабырғаларында терезе жоқ, ал ішінде жайлы шағын аула — ашық аспан астындағы жазғы фойе жасырынған. Сарайдың арғы жағында Алматыдағы көк тіреген бірінші зәулім ғимарат, 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйіiiЛ. Ухоботов, Ю. Ратушный, А. Анчугов және басқалар., 1972–1978. бой көтерді. Онда жер сілкінісіне төзімді құрылыс және сонымен бірге жарқын бейнелілік салтанат құрған. 1970-жылдардың аяғында қатаң геометрия сәннен шығып кеткен болатын, сондықтан сәулетшілер ғимаратқа алтын «тәж» кигізді. Кезінде мұндай ашықтан-ашық әшекейлеу тіпті жанжал тудырды, бірақ қазір қонақ үйдің бірден танылатын сұлбасы көз қуантады.

1 / 2

Сол жылдары 28 панфиловшы атындағы саябақтың жанынан Округтік офицерлер үйі (қазір — Қазақстан Республикасы Армиясының үйі)iiЮ. Ратушный, Т. Ералиев, О. Балыкбаев, 1972–1978. салынды. Бұл салтанатты ғимарат арқылы модернизмнен постмодернизмге қарай үлкен қадам жасалды. Сәулетшілер Карл Россидің Петерборда салған сән-салтанатты ғимараттарының көп бағаналы аркасы бар сыртқы сәулетінен де, интерьерінен де көрініс тапқан империялық ұлылығын өзінше түсіндіріп іске асырды. Әуе бомбалары түрінде жасалған люстралары және танк сауытына ұқсайтын галерея қоршауы бар үлкен үш жарықты (яғни, биіктігі үш қабат) фойе, сонымен қатар Офицерлер үйімен бір кешенде жобаланған Оперетта театрына қызмет етуге тиіс еді. Театр жобасы іске асырылмай қалды, сөйтіп бірегей сюрреалистік интерьер көпшілікке беймәлім болып қалды.

1 / 2

Ірі жарыстар өткізіліп, бірнеше рет әлемдік рекордтар орнатылған Медеу мұз стадионыiВ. Кацев, А. Кайнарбаев, И. Косогора, 1967–1972. Алматыны халықаралық деңгейде әйгілі етті. Жарыс кезінде 10000 көрерменге есептелген және әдеттегі күндері 2500 адам коньки тебетін жасанды мұзы бар жоғары технологиялы құрылыс нысаны табиғатпен тамаша үйлесім тапқан. Дегенмен ол толығымен табиғи емес. Стадионның тура үстінде селден қорғайтын ғаламат үлкен бөгет бар.iСәулетшілер Г. Шаповалов, Ю. Зинкевич, 1964–1967.

Ал 1963 жылдың жазында болған сел қазақ астанасы тұрғындарының сүйікті демалыс орны болған Есік көлін жойып жібергенде, шұғыл іс-қимыл жасау қажет екендігі анық болды. Бір жыл өткеннен кейін тауды бағыттап қопару әдісімен Медеу шатқалын жабу жобасы дайын болды. 1967 жылы осынау ерекше құрылыс туралы былай деп жазды: «Хеопстың 147 метрлік пирамидасын 100 000 құл тұтас бір ұрпақтың өміріне тең уақыт тұрғызды. Көлемі жағынан Хеопс пирамидасына жақындайтын Медеудегі бөгет бірнеше секундта жарылыстың нәтижесінде пайда болды». Алайда барлығын бірден біліп есептеу мүмкін болмаған соң суды ағызуға арналған сүзгілер бітеліп қалды, сөйтіп 1973 жылдың жазында мамандардың ерен күш-жігер салуының арқасында ғана телеқабылдағышқа толған су мен лайдың жаңадан ашылған стадионға және қалаға құлап ағуына жол берілмеді. Бірақ бастапқы қателіктер түзетіліп, содан бері қала селден сенімді қорғалған.

1 / 3

Дэннис Кин:

Ал енді «Медеоға» тоқтайық, анығын айтқанда, Медеу.

Алматы қаласын қоршап жатқан биік тау шыңының ұшар басында алматылықтардың мақтанышы мен көзайымына айналған — «Медеу» спорт кешені түр, ол әлемдегі ең биік мұз айдыны саналады. Осы бір табиғаты көз сүйсіндіретін ғаламат тау беткейінде орналасқан, социалиститік модернизм үлгісінде салынған алып әрі бірегей кешен 1972 жылы ашық аспан астында салтанатты түрде ашылды. «Медеу» бетон кешені — мұз айдынының айналасындағы 10 500 шаршы метр аумақты айнала қоршап жатқан бірнеше қонақ үй бөлмелерінен, көрермендер трибунасы мен оркестр эстрадасынан тұрады, бұл жер шындығында аңызға айналатындай заманауи техника жетістігін паш етеді, себебі айдынды қатыру үшін таудан аққан таза су ғана пайдаланылады және оның жылдамдыққа өте қатты әсер ететіні белгілі болды. Сондықтан «Медеу» «рекордтар фабрикасы» атанып кетті, ал конькимен жүгіру спортының жанкүйерлері саналатын намысқой Нидерланд елінен келген саяхатшылар чемпиондар айдынына қол тигізіп, тәу ету үшін арнайы ат басын бұрып келетіні бар.

Ал «Медеуден» отыз шақырым жерде, Іле ауданының солтүстік-батысына қарай орналасқан қазақтар әулетінің тағы бір зираты басқаша тауап ету орнына айналған. Бастарына орамал байлаған әйелдер осында жатқан ата-бабасының басына соғып, мұз айдынына аты берілген қазақ көшпелісі Медеу Пұсырманұлының құлпытасына дұға оқып, бата жасайды. Дәл осы әулет жайлауы (жазғы жайылым) «Медеу» кешенін салу үшін арнайы таңдалып алынды, ал оның қысқы жайылымы (қыстау) осындағы Үлкен Алматы өзенінің жағасында орналасқан. Бұл бір жағынан қызық, дегенмен, көптеген алматылықтар мұз айданының тарихы 19 ғасырдағы өмір сүрген жергілікті патриархпен тікелей байланысты екенін толық білмейді, олар «Медеуді» қысқы демалыс орны деп санайды. Алайда қалай дегенмен де дәл осы ескі зиратта жерленген атақты бай мен оның руластары Алматыда туып-өсіп, өмір бақи осында тұрған, демек, оларды нағыз алматылықтар деуге толық негіз бар, өмірбаяндары тарих бетінен өшіп кетсе де, тағдырдың қалауымен есімі осы мекеннің атауына айналып, біржола қалып қойды.

Бүгінде, әулет зираттары тәрізді тарихи орындардың мұрасын, сол сияқты, жергілікті көшпенділердің естеліктерін зерттей келе, Алматыдағы қазақтар қоныстанған ең ірі ауыл қазіргі кезде «Первомайский» деген атпен танымал ауданда шоғырланғаны анықталды. Бұл анықтама 21 ғасырдың алматылықтарын да таңғалдыруда. Қала маңындағы ең тыныш аудандандың бірі саналатын, еңбекшілер ынтымақтастағы халықаралық Күнінің құрметіне Первомайский аталған аудан ең бірінші өзінің «Первомайские пруды» деп аталатын тоғанымен танымал. Айналасына қалың қамыс өскен бұл тоғандар 19 ғасырда Үлкен Алматы өзенін бөгеу әдісімен салынған, патша дәуірінде ол осы жерге жақын маңайда Орыс православ қауымдастығының көмегімен бой көтерген баспана құрметіне «Приютские озера» деп аталыпты. Бүгінде «Первомайский» масасымен және суда шаңғы тебу орталықтарымен танымал, алайда Алматының бір шетінде жатқандықтан, қалалықтарды қатты қызықтыра қоймайтын аудан.

Дегенмен, осыған қарамастан, 19 ғасырда Первомайский Алматы көшпелілері үшін аса маңызды елді мекен болып саналған. Мәселен, Медеу Пұсырманұлының нақты мекенжайы Первомайскийдің қасындағы №3 ауыл саналатын, қазір ол Жәпек ауылы деп аталады. Медеудің ұлы Жайшыбек Жәпек ауылынан бастап, Жетіген ауылына дейінгі аралықта арық пен суаратын арналар салып, осы маңайдың дамуына зор үлес қосқан жан, ал оның туысқандары Жәпек ауылында ауданы 15 гектар жерге тоғай егіп, алма бағын отырғызған. Дулат руының Бопай тегінен шыққан Медеу және оның отбасы әулетінің зираты қазіргі Жәпек және Түймебаев ауылдарының арасындағы учаскеде жатыр.

Осы тұстан батысқа қарай үш шақырым жердегі бұрын халық «Комсомол» деп атайтын №2 ауылда 19 ғасырдың тағы бір танымал тұлғасы, Дулат руының Қашқарау тегінен шыққан тағы бір алматылық — Ыбрайым Жайнақов (1883–1947) тұрған, ол Қазақстанның автомониясы үшін күрескен Алаш Орда қозғалысының аса беделді жергілікті жетекшісі болған, сол сияқты, мұнда оның әкесі Баба-Қашқарау болысының болысы — Жайнақ Қараталов (1816–1905) өмір сүрген. Бұл ру ұрпақтан ұрпаққа Қордай өзенінің бойынан бастап (қырғыз шегарасында) Қапалға дейінгі (Жоңғар Алатауына жақын) аралықта көшіп-қонып, өмір сүрген, алайда 19 ғасырдың екінші жартысында олардың дәстүрлі көшпелі маршрутын орыс келімсектері кесіп тастайды, сондықтан олар «Первомайскийге» келіп, біржола тұрақтап қалуға мәжбүр болады. Тарихи жазбалардан білгеніміз, 1882 жылы Жайнақ Қараталов осында алты ер адам, төрт әйелден тұратын басқа үш отбасымен бірге көшіп келеді де 15 түйе, 100 жылқы, 5 сиыр және 1000 қой ұстап отырады.

Жайнақ Қараталов пен Медеу Пұсырманұлы сияқты бақуат көшпелілер Первомайский тоғанының маңайын мекендеп тұрып, бала-шағасын қазақ балалары үшін ашылған алғашқы империялық мектепке оқуға жібереді, сонымен, мұнда Жайнақтың ұлы Ыбрайым, сол сияқты, Алаш қозғалысының белсендісі Төлембай Дүйсебайұлы (1884–1937) білім алған. Бір кездері осы адамдар, сол кездегі Алматының ең беделді, аса құдіретті тұрғындары болған, бірақ олардың тағдыры талауға түсіп, кеңес тарихы ғылымдарының Алаш қозғалысына деген кереғар көзқарасының кесірінен ұмытылып кетті, енді олардың есімдері тек жергілікті этникалық шежірешілерге ғана мәлім, дегенмен бір кезде олар жергілікті жердің ақсүйектері саналып, Верный қаласының экономикалық және әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарған.

Алматы

«Байкен» мешіті / Alamy

«Байкен» мешіті / Alamy

Анна Броновицкая:

1991 жылы қала тәуелсіз Қазақстанның астанасына айналып, 1997 жылға дейін мәртебесін сақтап тұрды, ал 1993 жылы қаланың байырғы атауы Алматы ресми түрде бекітіліп, басқа тілдерге де ортақ деп танылды. 1970 iЮ. Туманян, Р. Хульфин, Л. Блинова, А. Қапанов және басқалар. жылдары салынған Жаңа алаң ансамблінің мәртебесі төмендеді: кеңестік заманның соңғы онжылдығында Қазақ КСР Компартиясының ОК орналасқан ғимаратқа Әкімдік көшті.

Алматы Қазақстанның аса ірі қаласы (1991 жылы халқының саны бір миллионнан сәл асса, қазір екі миллионнан астам), ең маңызды ғылыми және мәдени орталық болып қала береді, бірақ үкіметтің Астанаға көшуі қаланы дамыту мен абаттандыруға әлдеқайда қарапайым бюджет қарастырылатынын білдіреді. Соның салдарынан әзірге Алматыда жарқын заманауи сәулет нысандары көп салынған жоқ. Әлбетте, әйгілі американдық SOM сәулет бюросы жобалаған және өте жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес тұрғызылған көп функционалды Esentai Park кешені ерекше көзге түседі.

2011 жылы метрополитеннің бірінші кезегінің іске қосылуы да жетістік. Сонымен қатар тау «сөрелерінде» ғимарат санының өсуінің нашар бақылануы, ойластырылмай құрылыс салынуы және бұған қоса автокөлік санының күрт өсуі күрделі экологиялық проблемаларға әкеп соқты, мұнымен қатар қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мәселесі де әзірге шешімін таппай отыр.

Әкімдік ғимараты / Юрий Пальмин

Әкімдік ғимараты / Юрий Пальмин

Астанадан айырмашылығы — Алматының мықтылығы оның өзін-өзі тарихи қала деп тануында, өйткені оның өткені салыстырмалы түрде алғанда аса тереңде жатпаса да, өте құнды. Кеңестік кезеңде салынған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары бірнеше рет сәтсіз аяқталғаннан кейін соңғы жылдары бұл мұраға ұқыптылықпен қараудың мысалдары пайда болды. Айталық, 1967 жылы салынған модернистік «Алматы» қонақ үйіiИ. Картаси, В. Чиркин, А. Коссов, Н. Рипинский. 2017 жылы британдық Chapman Taylor бюросының жобасы бойынша көп өзгеріссіз жаңартылды. 2019 жылы Алматы телеорталығын реконструкциялау жобасының қоғам тарапынан қызу талқылануы нәтижесінде шығыс ертегісіндегі сиқырлы қобдишаға ұқсайтын ғимараттың сыртқы келбетін іс жүзінде өзгертпеген шешім қабылданды.

1 / 3

Дэннис Кин:

Дей тұрғанмен, Алматы мен оның маңайындағы кішігірім қалалар патша және кеңес дәуірінде талай-талай рет өзгеріске ұшырап отырды, бұл үрдіс қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың зиялылар қауымы «Первомайский» маңайында қыстаса, Верныйда оқып, саудамен айналысты, ал жаз мерзімін Алатау бөктерінде өткізетін болған. Шатқалға аты берілген Медеу сияқты, аса сыйлы әрі бақуат көшпелілердің есімі бөктерлердегі мекендердің атын белгілеу үшін пайдаланынып келді. Кейін олардың көбісі патша үкіметі мен кеңес дәуірінде орыс топонимдеріне ауысты, солардың кейбірі әлі күнге дейін сақталып қалған. Осы мекендердің ежелгі атауларын анықтау үшін біз осы маңда туып-өсіп, бірнеше ғасыр бойы ғұмыр кешкен жергілікті алматылықтар туралы көбірек ақпарат білуіміз керек.

Бір жағынан, алматылықтар мен саяхатшылар арасында аса танымал болған жорық маршруты Көк-Жайлау (қаз. Көк Жайлау — көк түсті жазғы жайылым) бір қарағанда, отаршылдық дәуіріне дейін пайда болғанға ұқсайды, дегенмен Үлкен Алматы орман шаруашылығының инспекторы Марат Әлішевтің айтуынша, бұл атау өткен ғасырдың 80-жылдарында пайда болған. Әлішовтың ата-бабалары бір кезде Первомайскийде қыстап, жазын Алатау үстіртінде өткізген, осы бір көркіне көз тоймайтын жайылым «Теріс Бұтақсай» деп аталады, 1930-жылдары жүргізілген ұжымдастыру саясатына дейін бұл аңғар киіз үйлер толы болған және Әлішовтер отбасының таудағы соңғы тұрағына айналды. Осындағы тау шоқыларының бірнешеуі оның ата-бабаларының есімдерімен аталады, бірақ бүгінде оны тек жергілікті малшылар ғана біледі, мәселен, Тобылғысай, Мейрамсай немесе Мұздыбайсай (қаз. сай — өзен мен бұлақ ағатын тар жыралар) шатқалдары... Қазіргі кезде орысша Батарейка деп аталатын кішігірім өзен бір кезде Беделбайсай деп аталатын, ол Медеудің немере ағасы болатын, ал Беделбай маңындағы тоғайдың сарқырамасына дейін алып баратын танымал Бутаковка маршруты Медеудің тағы бір туысы Бөгенбайдың есімімен аталатын.

Дегенмен Бутаковка өзінің бұрынғы атауын сақтап қалды, ал Алматыдағы тағы бір танымал өзен Весновка — тағы бір танымал көшпенді Есентайтың құрметіне ресми түрде ауыстырылды, сол сияқты, оның есімі орталыққа жақын жатқан айтулы сауда орталығы және тұрғын үй кешеніне берілген.

Кейбір атаулар сақталып қалған, мәселен, кеңес кезіндегі Ерменсай деп аталатын саяжайлар ауданы өзгерген жоқ, қазір мұнда алматылық бай-бағландар жекежайлар салып жатыр. Сол сияқты тартысы көп атаулар да бар, мәселен, «Алешкин мост» — ол Алма-Арасан ыстық су көздерімен танымал болған, Іле Алатауы ұлттық саяжайының Өтпелі шатқалында орналасқан. Халық арасында көп таралған аңыз бойынша, оның атауы 1987 жылы осында суға батып, қаза болған саяхатшы Алексей Молчановтың құрметіне қойылған, алайда әуесқой альпинистер бұл шатқал 1970 жылдан бері «Алешканың көпірі» деп аталып келеді дейді, ал Марат Әлішевтің айтуынша, ол әкесінің арғы бабасының атымен «Әліш көпірі» деп аталатын көрінеді.

Кейбір адамдар бұрынғы географиялық атауларды қайта қалпына келтіру ісін жаратпайды, бұл аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерден алаңдатады деп есептейді. Дегенмен, ескілікті, төл атауларды зерттеу өзіміздің арғы тарихымызды, бұл маңайда тұрған халық туралы деректерді қайта қалпына келтіруге, олардың негізінен келімсектер мен олардың ұрпақтары жазған осы өлке тарихындағы рөлін анықтауға көмектеседі. Ата-тек топонимдерін зерттеу, сол сияқты, осы маңайға қалың тоғай отырғызып, аты берілген Беделбай Күзембайұлы сияқты жергілікті алматылықтарға көрсетілген сияқты зор құрмет болып саналады. Ежелгі тарихи географиялық атауларды қалпына келтіру — бір кезде киелі әрі қасиетті саналған жерлерді мәңгі есте сақтаудың бірден-бір жолы, бір жағынан бұл дәл бүгінгі күні Жер-Анамен терең байланысын жоғалтып, өздері өмір сүретін өлкеге немқұрайлы қарайтын адамдарға сабақ болар еді.

Әлбетте, қазіргі замандағы Қазақстан қалаларының көптеген көкейтесті мәселелер, оның ішінде — жаппай құрылысқа көшу, жол шетіндегі қоқыс, өндірістік қалдықтармен қоршаған ортаны ластау және ретсіз инфрақұрылым адамдардың Жермен эмоционалды байланысын жоғалтып алудан туындаған. Ұжымдастыру кезеңінде жүргізілген саясат кесірінен көптеген қазақтар өзінің туған жері мен дәстүрлі өмір салтынан шеттеп қалды, сондықтан қалалықтардың қоршаған ортамен тарихи байланысын жоғалтып алған бірнеше ұрпағы дүниеге келді.

Әрине, енді шегінетін жол жоқ. Қазақстанда жерге қарай қозғалу үрдісі жоқ, жайлауға жаппай көшу біржола тоқтаған, қалалықтар пәтерін сатып, киіз үйлерге барып тұрмайды. Қазір біздің қолымызда бар қазына — осы мекендерді есте тұтып, төл тарихымыздың өткен-кеткенін ұмытпауға тырысу. Топонимдердің маңыздылығы да сонда, себебі біз әр жолы «Медеу» деген сайын, өмірде шын болған адамның атын атаймыз және осы естеліктерді сақтап, қолдай отырып, қайнаркөзінен ажырап қалған халықты туған жерімен қайта байланыстырып, жоғалтып алған түп-тамырына жан бітіруге ат салысамыз.