Биыл Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО құрамындағы одақтас республика болып қайта құрылғанына 90 жыл толады. 1936 жылғы 5 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің екі мың жылдық тарихындағы аса маңызды саяси-құқықтық белес әрі Қазақстанның болашақ тәуелсіздігіне негіз қалаған тарихи оқиға. Алайда бұл тағдыршешті өзгерістің алғышарты 1920 жылдардың басында, Орталық Азияда ұлттық-аумақтық межелеу жүргізілген тұста-ақ қалыптаса бастаған еді. Сол кездің өзінде қазақ қайраткерлері Қазақстанға одақтас республика мәртебесін беруді талап етті.
Тарихшы Сәбит Шілдебай арнайы Qalam үшін жазған мақаласында ұлттық мемлекеттілікті жақтаушылар мен кеңестік орталықтандыру саясатын қолдаушылар арасындағы тартысты, сондай-ақ жарияланған федеративтік құқықтар мен партиялық-мемлекеттік өктемдіктің іс жүзіндегі тетіктері арасындағы қайшылықты талдайды.
Совет одағын құрудың тарихи алғышарттары
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін бұрынғы Ресей империясының шет аймақтарында ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын жүзеге асыруға бағытталған қозғалыстар едәуір жанданды. Олардың саяси талаптары ұлттық-мәдени және аумақтық автономия алудан бастап дербес мемлекет құруға дейінгі мәселелерді қамтыды. Большевиктер үкіметі 1917 жылғы 15 қарашада (ескі күнтізбемен 2 қараша) қабылдаған «Ресей халықтары құқықтарының декларациясында» халықтардың теңдігі мен егемендігі, сондай-ақ олардың өзін-өзі билеп, бөлініп шығуға және тәуелсіз мемлекеттер құруға құқығы жарияланды. Алайда бұл декларация қабылданғанға дейін-ақ өріс алған ұлттық қозғалыстардың барысы революцияның, Бірінші дүниежүзілік соғыстың және бұрынғы империялық құрылымдар ыдырауының ықпалымен айқындалды.
«Ресей халықтары құқықтарының декларациясы». 1917 жылғы 15 қарашадағы құжаттан үзінді / Wikimedia Commons
1922 жылы жаңа мемлекеттік бірлестіктің жобасын әзірлеу барысында Владимир Ленин мен Иосиф Сталин арасындағы түбегейлі пікір қайшылықтары байқалды. Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Сталин тәуелсіз кеңестік республикалардың Ресей кеңестік федеративтік социалистік республикасы (РКФСР) құрамына автономиялық республикалар құқығында кіруін көздейтін «автономияландыру» деп аталатын жобаны ұсындыi
Ленин бұл үлгіге қарсы шығып, кеңестік республикалардың бірігуін формалды теңқұқықтылық қағидаттары негізінде рәсімдеу қажет деп есептеді. 1922 жылғы қыркүйекте ол РКФСР басқа кеңестік республикалармен тең негізде кіруге тиіс болатын жаңа одақтық мемлекет — «Еуропа және Азия Советтік Республикаларының Одағын» құруды ұсындыi
КСРО-ның құрылуы және оның алғашқы Конституциясы
1922 жылы 30 желтоқсанда осы мақсатта өткізілген Кеңестердің бүкілодақтық І съезінде Ресей КФСР, Украина КСР, Беларусь КСР және Закавказье КФСР өкілдері КСРО-ны құру туралы декларация мен Одақтық шартқа қол қойдыi
Степан Дудник. «Кеңестердің Бүкілодақтық I съезінде КСРО-ны құру туралы шартқа қол қою». 1953 жыл / Wikimedia Commons
Ленин КСРО-ны бүкіләлемдік біртұтас социалистік мемлекеттің бастамасы ретінде бағалап, революция өрістеген сайын бұл одаққа жаңа кеңестік социалистік республикалар қосылып отырады деп есептеді. Шартқа РКФСР үшін қол қойған 24 өкілетті өкілдің бірі — Кеңестік Қазақ республикасының (1925 жылға дейін республика орыс тілінде Қырғыз республикасы аталып келді) басшысы Сейітқали Меңдешев болдыi
1924 жылғы 31 қаңтарда КСРО Кеңестерінің II съезі елдің алғашқы Конституциясын бірауыздан қабылдап, КСРО-ның біртұтас мемлекет ретінде құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді аяқтадыi
Қазақ АКСР-інің алғашқы Конституциялық құжаттары
Қазақ АКСР-інің мемлекеттік құрылым ретінде даму барысында екі конституциялық құжат қабылданды. Оның біріншісі — Қырғыз (Қазақ) Кеңестерінің Құрылтай съезінің 1920 жылғы 6 қазанда көпшілік делегаттар қабылдағанi
Ал екіншісі — 1918 жылғы РКФСР Конституциясының негізінде 1920–1923 жылдары дайындалып, 1924 жылдың 4–10 қаңтарындағы Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің төртінші съезінде қабылданғанi
«Шығыс елдерінің езгідегі еңбекшілерінің социализм жолындағы күресте дүниежүзі жұмысшыларымен бірлігі жасасын!» Советтік үгіт плакаты / Wikimedia Commons
Осыған байланысты 1924 жылғы 29 қаңтарда РКФСР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдандыi
Жоғарыда қарастырылған Конституциялық құжат пен Конституция жобасы негізінде Қазақстанда құрылған мемлекеттік басқару аппараты Коммунистік партияның Қазақ бюросына тікелей бағынышты болды. Ал Ресей коммунистік большевиктер партиясы (РК(б)П) Қырғыз (Қазақ) облыстық бюросы орталықтың тікелей ұлт аймақтарындағы саясатын жүзеге асырушы саяси ұйым болды. Сонымен қатар ҚАКСР мемлекеттік билік органдары да РКФСР мемлекеттік органдарына тікелей бағынышты болды. Бұл бағыныштылық Қазаткомның 1920 жылдың 17 қарашасындағы РКФСР декреттерін орындау тәртібі туралы қаулысындаi
Онда «РСФСР орталық кеңестік билігінің жұмыс барысына және оның жекелеген салаларына қатысты декреттері ҚКСР аумағында да орындалуға тиісті»i
Ташкент үшін күрес
Ұлттық межелеу кезінде, 1924 жылғы 12 маусымдағы қаулы бойынша, қазақ халқынан саны аз өзбектер мен түрікмендерге одақтық республика мәртебесі берілдіi
РК(б)П ОК Саяси бюросының мұндай саясатына наразы болған «түркістандық» қазақ қайраткерлері одақтас республика мәртебесіне табандылықпен ұмтыла бастады.
1924 жылы 26–28 қыркүйек аралығында өткенi
«ҚКСР-дің КСРО құрамына шарттық негізде кіруі туралы мәселе дұрыс қойылып отыр. Бұған саяси негіздер бар»i
Межелеу мәселесіне қатысты жарыссөз 28 қыркүйекте жалғасып, Қожанов пен Меңдешев қорытынды сөздерін айтты. Меңдешев:
«Түркістандықтардың, егер астана Орынбордан көшірілмеген жағдайда, тағы бір ҚКСР құру туралы ұсынысына келсек, бұл саяси тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да мүлдем дұрыс емес, сондықтан оны да қабылдамау керек. Олардың тағы бір ұсынысы — ҚКСР өзінің жаңа шекараларында КСРО құрамына шарттық негізде кіруге тиіс. Мен мұны қолдаймын, оның үстіне саяси тұрғыдан алғанда, бұл — Шығысқа, Қытайға қарай жасалған бір қадам, өйткені онда қырғыздар тұрады»i
Нәтижесінде Меңдешевтің баяндамасына орай қабылданған қарарда:
«ҚКСР өзінің жаңа шекараларында аумағының едәуір кеңдігі, халық саны, сондай-ақ экономикалық және саяси маңызы (Қытаймен шектесіп орналасуы) жағынан Орта Азиядағы басқа ұлттық республикалардан ешбір кем түспейді және солармен тең дәрежеде тәуелсіз республика ретінде КСРО құрамына шарттық негізде кіруге тиіс деп есептелсін»i
Көп ұзамай, 1924 жылдың 29–30 қыркүйегінде өткен IV сайланған Қазаткомның III сессиясында Жүргенев жасағанi
«ҚКСР өзінің жаңа шекараларындағы аумағының едәуір кеңдігі, халық саны, сондай-ақ экономикалық және саяси маңызы (Қытаймен шектесіп орналасуы) жағынан Орта Азиядағы басқа ұлттық республикалардан ешбір кем түспейді және олармен тең дәрежеде тәуелсіз республика ретінде шарттық негізде КСРО құрамына кіруге тиіс деп есептелсін»i
Бұл кезде РК(б)П ОК Саяси бюросы Ташкентті Өзбекстанға беруді қолдағандықтан, Жүргенев Шымкентті Қазақстан астанасы етуді ұсынды. Алайда сессия алдымен Ташкентті Қазақстанға беруді сұрап, мәселе шешілмесе, астананы шұғыл түрде Шымкентке көшіру туралы қаулы қабылдадыi
Дегенмен қазақ қайраткерлерінің Ташкентті астана етіп, Қазақ АКСР-ін одақтас республикаға айналдыру бастамасы РК(б)П ОК Саяси бюросы тарапынан қолдау таппады. Осындай жағдайда 1924 жылы 6 қазанда Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенев, Сейітқали Меңдешев, Ізмұхан Құрамысов, Әлиасқар Әлібеков, Санжар Асфендияров сияқты қазақ қайраткері қол қойған «Орта Азиядағы ұлттық межелеуге байланысты Қырғызстан (Қазақстан) туралы» деп аталған хат РК(б)П ОК-не жіберілдіi
Қазақ қайраткерлері: одақтық мәртебе жолындағы тайталас
Қазақ қайраткерлері Қазақстан мәртебесін Өзбекстан және Түрікменстанмен теңестіруді саяси қажеттілік деп санап, 26 тамыздағы пленумда бұл ұсыныстың бір ауыздан қолдау тапқанын атап өтті. Бұл хатта былай көрсетілген:
«ҚКСР-ді КСРО құрамына тікелей кіретін тәуелсіз республика деп жариялау болуға тиіс», сондай-ақ «қырғыздарға қатысты ұлттық межелеу олардың құқықтық мәртебесін кеңейтумен, саяси маңызын арттырумен және Қырғызстанның мәдени әрі экономикалық өрлеуі үшін қолайлы жағдайлар жасаумен аяқталуға тиіс»i
Сонымен бірге ұлттық партия Орталық Комитетін құру қажеттігі айтылды.
Алайда қазақ қайраткерлерінің одақтас республика мәртебесін алу талабы Орталық билік тарапынан қолдау таппады. РК(б)П ОК Саяси бюросының 1924 жылғы 11 қазандағы қаулысында:
«Ташкент қаласын Өзбек Республикасына беру туралы Саяси бюроның бұрынғы қаулысы күшінде қалдырылсын» деп бекітілді. Ал ҚКСР-дің КСРО құрамына шарттық негізде кіруіне қарсылық білдірілмегенімен, «бұл шешімді іс жүзінде жүзеге асыруды [...] кейінге қалдыру қажет» деп танылды. Сонымен қатар мәселені одан әрі талқылауға тыйым салынып, «Қырғыз ұйымының атауын Қырғыз Коммунистік партиясы деп өзгертуді орынсыз» деп есептедіi
Осылайша, одақтық мәртебе алу жолындағы талпыныс аяқсыз қалды. 1924 жылы 14 қазанда тағы бір маңызды оқиға болды. БОАК-тің XI шақырылымының II сессиясы Түркістан АКСР-ін қайта құру туралы қаулы қабылдады. Оған сәйкес, Түркістан құрамындағы қазақ жерлері Қазақ АКСР-іне қосылғанымен, республика РКФСР құрамындағы автономиялық мәртебесін сақтап қалдыi
РК(б)П Орталық Комитетінің 1924 жылғы 11 қазандағы қаулысынан көрінетіндей, Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін одақтас республикаға айналдыру туралы мәселе Орталық Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезеңінде-ақ қарастырылған. Алайда бұл шешімді іс жүзінде жүзеге асыру кейінге қалдырылған едіi
Тұрар Рысқұлов / Wikimedia Commons
Бұл кезеңде орталық билік пен автономиялық республикалар арасындағы қатынастар өткір саяси пікірталастардың алаңына айналды. 1926 жылғы 12–14 қарашада Мәскеуде Тұрар Рысқұлов пен Санжар Асфендияров қатысқан, тарихта «Рысқұлов кеңесі» аталған мәжіліс өтті. Онда автономиялардың заң жүзіндегі құқықтары мен іс жүзіндегі орталықтандырылған басқару арасындағы қайшылықтар талқыланды. Мысалы, Дағыстан өкілі Нажмудин Самурский:
«АКСР-лердің кеңестік мекемелерде өз мүдделерін қорғай алмауы олардың РКФСР құрамынан шығып, кеңестік республикалар мәртебесіне өтуге ұмтылысын туғызады» деп атап өттіi
Өз кезегінде, Рысқұлов орталық халық комиссариаттарының автономиялық республикалардағы тиісті органдарды бағындыруға ұмтылысын сынға алды. Оның пікірінше, мұндай саясат автономиялық республикалардың дербестігін одан әрі шектеу қаупін туғызған. Осыған байланысты ол автономия өкілдерінің ұстанымын Сталинге жеткізіп, БК(б)П ОК жанынан ұлттық мәселе бойынша бесінші кеңес шақыруды ұсындыi
Келтірілген деректер 1920 жылдардың ортасында ұлттық автономиялардың құқықтарын кеңейту және мәртебесін өзгерту мәселесі қызу талқыланғанын көрсетеді. Алайда Қазақ АКСР 1936 жылы ғана одақтас республика мәртебесін алды. Кеңестік тарихнамада бұл өзгеріс қазақ жерлерінің біріктірілуімен, ауылдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістермен, таптық қатынастардың жойылуымен және индустрияландыру жетістіктерімен түсіндірілді.
Одақтас республика болып қайта құрылу
1935 жылғы 1 ақпанда БК(б)П ОК пленумы КСРО Конституциясын елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге сәйкестендіру туралы шешім қабылдады. Негізгі мақсат сайлау жүйесін демократияландыру және социалистік құрылыстың нәтижелерін заң жүзінде бекіту болдыi
Вячеслав Молотов — Кеңес дәуіріндегі мемлекет және саясат қайраткері / ТАСС / Wikimedia Commons
Сталин 1935 жылғы 26 қыркүйекте Конституцияда партияның болашақ мақсаттары емес, «осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәрселер ғана қамтылуға тиіс» екенін атап өттіi
Жаңа Конституция жобасындағы маңызды өзгерістердің бірі Қазақ АКСР мен Қырғыз АКСР мәртебесін одақтас республика деңгейіне көтеру болды. Бұл өзге автономиялардың да осындай мәртебе алуға ұмтылысын күшейтті. Олар одақтық мәртебені республикалардың шаруашылық және мәдени даму деңгейімен байланыстыруды ұсындыi
«Татар Республикасы автономиялы күйінде қалуда, ал Қазақ Республикасы одақтық республикаға айналуда. Бірақ бұл Қазақ Республикасының мәдени немесе шаруашылық даму дәрежесі жағынан Татар Республикасынан жоғары тұрғанын білдірмейді» деп түсіндірдіi
Ол автономиялық республиканың одақтас республика мәртебесін алуы үшін үш негізгі шартты атады. Біріншіден, республика КСРО шекарасында орналасып, шет мемлекетпен шектесуі тиіс. Бұл оның КСРО құрамынан шығу құқығын іс жүзінде жүзеге асыруына мүмкіндік беруі керекi
Тақырыпқа орай
СТАЛИН ҰЛТТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚЫСПАҚҚА АЛДЫ
Қазақ КСРО ғылым академиясына қарсы жазылған арыз-шағымдар тарихы
Осы талаптар негізінде 1936 жылғы 5 желтоқсанда қабылданған КСРО Конституциясы бойынша Қазақстан РКФСР құрамынан шығарылып, Қазақ КСР ретінде КСРО құрамындағы одақтас республика мәртебесіне ие болдыi
Қазақ КСР Конституциясы қалай қабылданды?
Қазақ КСР Конституциясын әзірлеу жұмысы 1936 жылы 12 маусымда КСРО Конституциясының жаңа жобасы жарияланғаннан кейін басталды. Көп ұзамай 20 маусымда БК(б)П Қазөлкекомының хатшысы Левон Мирзоянның төрағалығымен Ораз Исаев, Құлымбетов, Жангелдин және басқа да қайраткерлер кірген 39 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылдыi
1937 жылғы 3 ақпанда Конституция жобасы ҚАКСР ОАК Президиумында талқыланды. Мирзоян Мәскеудегі комиссия жобаны бірқатар түзетулермен мақұлдағанын хабарлады. Жаңа Конституцияда «Қазақ КСР бюджеті» деп аталатын маңызды тараудың бар екені, қазақтың астанасы, мемлекеттік туы мен гербі бекітілетіні айтылды. Талқылауға Құлымбетов, Исаев, Жүргенев, Ораз Жандосов сияқты жауапты тұлғалар қатысып, жекелеген баптарды нақтыладыi
Левон Мирзоян әріптестерімен бірге. 1935 жыл / Wikimedia Commons
1937 жылғы 21–26 наурызда Алматыда 792 делегат қатысқан Кеңестердің төтенше X съезі өттіi
Осылайша, 1936 жылғы 5 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің одақтас республикаға айналуы және 1937 жылы 26 наурызда оның алғашқы Конституциясының қабылдануы Қазақстан мемлекеттілігінің құқықтық тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезең болды. Қазақ АКСР-інен бастау алған ұлттық аумақтық тұтастық пен Қазақ КСР-інің мемлекеттік құрылымы 1991 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына тарихи және аумақтық негіз қалады. Бұл тарихи сабақтастық 1991 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған Алматы декларациясында да көрініс тапты.