БӘЛКІМ БІЗ ӘЛІ 2020 ЖЫЛЫ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН ШЫҒАРМЫЗ

Біздің дәуір қашан басталды?

Сандро Боттичелли. Исаның туалуы. 1473-1475/Columbia Museum of Art/Wikimedia commons

Бүкіл әлем діни сеніміне қарамай биыл қандай жыл екенін дөп басып айта алатын сияқты. Жылды Иисус Христос туған күннен бастайды, алайда көптеген елдерде дәстүрлі «Рождествоны» («Хритос туған күнінен бастап») бейтарап «б.д» («біздің дәуір») деген сөзге ауыстырды. Алайда бұған мән беріп қарасақ, барлығы әлдеқайда қиын екенін түсінеміз. 

Исаның туған күнінен жыл санау — салыстырмалы түрде кейіннен пайда болған. Оған дейін христиандар әлем жаратылғаннан бері жыл санаған (бұл дата нақты белгілі деп саналған), Юлий Цезарьдің күнтізбесін пайдаланған, консулiiконсул — Респбулика дәуіріндегі Римдегі тағайындалатын қызметтік атақ, жоғарғы әскери және азаматтық билікке иебойынша көне римдік санақпен жыл санауды жалғастырған немесе Римнің негізі қаланғанiб.з.д. 753 жылыңыздағы датадан бастаған.

Жыл санау үшін пайдаланылған консулдар тізімінің үзіндісі. б.д. 2-3 ғғ./Wikimedia Commons

Шығыстағы христиандар жылды «Диоклетиан дәуірінен» бастап санаған, бұл император Диоклетианiб.з.д. 248 және 305 жылдар аралығында Римді басқарған императортаққа отырған кезден басталатын күнтізбе. Бұл император христиандардың ата жауы, оларды қорлаушы, сондықтан бұл жүйенің екінші аты — «азап шегушілердің дәуірі».

6 ғасырда провинциялық, скифтік аймақтан шыққан, шамамен қазіргі Румыния жерінде тұрған Кіші Дионисий деген монах христиандарға жыл санауды өзінің ата жауынан бастауы дұрыс емес деп санап, Anno Domini, «Құдайдың жылы» деген жылсанақ жүйесін енгізген. «Қазір біздің Құтқарушымыздың жерлік сипат алғанына 525 жыл», – дейді Дионисий. Өкінішке қарай, ол бұндай нәтижеге қалай келгені туралы немесе ол рас есептеді ме, жоқ па екенін еш жерде ашып жазбаған. Тіпті одан да ешкім сұрап қарық қылмаған, ол ұсынған жылсанақ ұзақ уақыт бойы танымал бола қойған жоқ.

Равенна соборындағы Пасхалия (Пасха күнін есептеуге арналған кесте). 6 ғасыр. Дәл осындай кестені құрастыру кезінде Дионисий жаңа хронология жүйесін ұсынды/Alamy

Дионисий жылсанағы танымал ағылшын монахы, жазушы Мәртебелі Бед (673–735) өзінің «Англ халықтарының шіркеулік тарихы» деген кітабында атап өткен соң ғана жалпыға тарала бастады. Қазір бұл жүйені бүкіл әлем мойындаған, тіпті ішкі жүйесіне өз жылсанағы бар елдер де осы санақты қолданады. Бірақ бүкіләлемдік саяси мағынасында қытайлар, мұсылмандар, христиандар, атеистер, жапондар, еврейлер де бір мыңжылдықта өмір сүруге келіскен. Бұл бәріне ыңғайлы екені рас. Әлемде онсыз да хаос көп.

Катиб Мұхаммед Ма'руф Наили жасаған бұрама қағаз түріндегі күнтізбе-альманах. Б.д. 1224 жыл/Alamy

Әрине, бұл дата шартты түрде қойылған, себебі Исаның қашан туғанын дөп басып айтатын дереккөз жоқ. Одан бөлек Евангелияда бұған қарама-қайшы болатын деректер кездеседі.

Матфей Исаның Ұлы Иродтың билеген кезінде туғанын айтады. Ирод б.д.д. 4 жылы өлген. Лука болса Исаның халық санағы кезінде туғанын айтады (сол үшін отбасы мүшелері түгел Назареттен Марияның күйеуі Иосифтің туған жері Вифлеемге көшкен). Халық санағы — бұл тарихи оқиға, оны б.д.д. 6 жылы Римдік Квирин ұйымдастырған.

Көріп отырғанымыздай, бұл жердегі айырмашылық — кемі 10 жыл. Сондықтан біз өмір сүріп жатқан «біздің дәуірдің» нақты қашан басталғанын ешкім білмейді.

Матфей Інжілі - Эфиоп кітабі. Британ кітапханасы. 1700/Wikimedia Commons

Көшірілді