БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

59. Murray Head – One Night In Bangkok

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Аллан Уоррен. Мюррей Хэд. 1972/Wikimedia Commons

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бұл айдарда біз кең таралған және теңдессіз нөмірлерді жариялауға тырысқанымызбен, әр кезеңнің хиттері мен халық әндерінен айналып өте алмасымыз анық. Атап айтқанда, 1984 жылы «Шахмат» спорттық мюзикліне арналған «Абба» тобының мүшелері жазған бұл әнсіз 80-жылдарды елестету мүмкін емес еді. Тағы бір нәрсе, сіз орындаушы атын білмеуіңіз немесе ұмытып қалған болуыңыз мүмкін, ол «Жексенбі, қарғыс атқан жексенбі» (1971) деген шу шығарған фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған британдық актер Мюррей Хед.

Бұл әндегі оның лирикалық қаһарманның бар есіл-дерті шахмат матчына дайындалу болып, Бангкоктың көрнекі жерлері, яғни ұйқыдағы Будданың мүсіні де, Сомерсет Моэем (бір кездегі Таиланд туризімін танытушы) жатқан қонақ үйдің сьют нөмірі де, трансвеститтер де, бишілер ойнақ салған барлар ба қызықтырмады. Таиландтың тиісті мекемелері еуропалық авторлардың композицияға өздерінің ұлттық құндылықтарын араластырып, ал буддизм мен қызыл шамдарды қорлағаны үшін елде әнге тыйым салынды. Осылайша қазіргі Париж Олимпиадасындағы дау-дамай музыка және спорт кәсіпорнының күпірлік әрекеті ретінде танылуы бірінші рет емес.