БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

62. Beth Gibbons – Rewind

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

PORTISHEAD, GLASTONBURY FESTIVAL, 1995/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бір қарағанда, бұл айдарда тек бұрынғы уақыттың әндерін дәріптеп жатқандай көрінуіміз мүмкін — олай болса мұны түзейміз. Міне, мысалы, осы жылы ғана шыққан альбомның тамаша бір әнін ұсынамыз. Оны тоқсандардың басты дауысының бірі, Portishead тобының вокалисі Бет Гиббонс орындайды. Ол үздіккен үнімен жалғыз өзі осы бір үміті үзілген жанның тәтті мазасыз күйін жеткізе алған. Қазір оның жасы 59-да, осы композициясында ол таяу шығыстық әуеннің мотивімен, босқындар арасында адасып қалғандай ән салады. «Rewind» –— табиғиғаттың соңы келгенін алдын ала сездіретін апат-ән. Адамзаттың ақырзаманды жақындатқаны сонша, уақытты кері айналдыруға жасалған кез келген әрекеттің ендігі еш мәні жоқ. Тек кларнеттің үздіге шыққан үнінің құмды дауылдың әуеніндей болып құлақ тұнғанын тыңдаудан басқа шара жоқ.