Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Os Mutantes — «Тропикалия» қозғалысының, сондай-ақ жалпы бразилиялық рок музыканың ең үздік тобы болып саналады (топтағы ерекше дауысқа ие вокалист Рита Ли осы жылдың мамыр айында қайтыс болды).
Олардың 1968 жылғы дебюттік альбомының соңғы әні «Аве, Шыңғысхан» ессіз клавиштер мен арттан алға қарай жүретін таспа іспетті сол заманның бар арнайы құбылысын бойына сіңірген карнавалдық квазибитл психоделиялық ода саналады.
Атап өтерлігі, аранжировкасының ойнақылығына қарамастан, бұл ән шынымен ежелгі дала империясының қақ жүрегіне жасалған саяхатты еске салады, кезінде Dschinghis Khan іспетті КСРО-да танымал болған немістің жындысүрей би кештерінен гөрі мейлінше таң-тамаша естілетіні де рас.