БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

11. Holger Сzukai – Persian love

БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

Хольгер Шукай. Лондон, 1974 ж. қаңтар/Майкл Путланд/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Can — квази-экспериментал неміс рок тобы әрқашан Шығыспен өте қуатты байланыс орнатты. Мәселен, олардың вокалисі жапондық Дамо Судзуки еді және альбомдарының атауында түрікшеге әртүрлі сілтемелер де келтірілетін. Алайда олардың бұрынғы вокалисі Хольгер Шукайдың Movies альбомындағы «Парсы махаббаты» әні өз алдына бір төбе ерекше құбылыс. Шукай қысқа толқынды радиолардан түсіріп алған иран әндерінің үзінділерін өз қолымен бір-біріне жалғай отырып (атап айтқанда, әйгілі әнші Марзиенің дауысы анық естіледі) заманауи сэмплиңнің негізін қалады. Бұл әдісті кейінірек Келндегі бірқатар студиялық сессияларға қатысқан Брайан Ино барынша қолданды.

Persian Love — сексенінші жылдарды бүр жарған world music жанрының дамуындағы күрделі де байыпты қадам.