БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

12. Nino Nardini and Roger Roger — Malaysia

БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

"Nino Nardini and Roger Roger - Jungle Obsession" альбомның мұқабасы

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Нино Нардини лақап атына ие кітапхана музыкасы мен аңғал электрониканың француздық классигі және Roger Roger есімді француз композиторы мен дирижері (Ол Эдит Пиаф үшін де ән жазған, радио, кино және телеқойылымдарды дыбыстаған) бір кездері «экзотика» стилінде бірлескен альбом шығарды. Бұл 1971 жыл еді, джунглидің жоғалған жұмағын әнге қосып, Мартин Денни мен Артур Лайман сияқты жандар арқылы танылған аталған стиль әуезді утопиялық ретро ретінде қабылданды. Малайзияда өндіріс дамып, жергілікті Жаңа экономикалық саясат кезеңі басталды. Осылайша онымен аттас туындыны жергілікті мангр джунглиіне арналған буколикалық реквием деп санауға болады.