NORMIL HAWAIIANS - YELLOW RAIN

Батыстан шығысқа қарай: дыбыс географиясы

Normil Hawaiians / Ашық дереккөзден алынған

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Pink Floyd Брежнев Ауғанстанды басып алды деп ән шырқаған Final cut (1983) альбомының шығуына бір жыл қалғанда өкінішке орай, үлкен танымалдыққа ие болмаған кезекті Normal Hawaiians атты топ (бірақ бұл топты қауымдастық деп атаған дұрысырақ болады). Кеңес Одағының Ауғанстанға басып кіруіне орай ән арнаудан қалыс қалмады. Валерий Ободзинскийдің «Сары жаңбыр» атты сол заманда танылған романтикалық эстрадалық әнінен гөрі Normil Hawaiians пост-панктердің Yellow rain әнінде КСРО кезінде Вьетнам мен Кампучияда қолданып, енді Ауғанстанға да енгізе бастаған саңырауқұлақ токсиндеріне негізделген химиялық қару туралы қауесеттерді арқау қылады. 1981 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Александр Хейг бұл айыптауды ресми түрде алға тартса, Кеңес тарабы оны тұнып тұрған өтірік деді, ал биолог Мэтью Мезельсон тәуелсіз тергеу кезінде аралардың тіршілік ету белсенділігі іздерін химиялық қарумен шатастырған деген болжам ұсынды. Оның химиялық қару екендігі ақыры нақты дәлелденбеді, бірақ Normil Hawaiians әні соғыстың сары тұманына тұмшаланған сезім әсерін беретіні рас.

Көшірілді