Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Жан-Люк Годардың «Қытай қызы» (1967) фильмі (оның басқа да фильмдері) Эйзенштейннің «аттракциондар монтажы» деген нақыл сөзіне сәйкес келеді. Керемет «Қытай қызының» орталық аттракционы, сөз жоқ, Мао, Джонсон, напалм және қағаздан жасалған жолбарыс туралы тамаша сатиралық үгіт өлең екені даусыз. Годардың орыс тіліндегі алғашқы ретроспективалары кезінде фильм ішінде кездесетін осы клипке (скопитон деген дұрысырақ) студенттер қатарынан бірнеше рет барып, сөздерін жаттаған. Ол кезде яғни 90-жылдардың басында әнді кімнің айтып жатқанын ешкім түсінбеген еді, басты шытырманның да себебі осында, ал оны кімнің орындап жатқанын анықтау да мүмкін болмады, кеңес дәуірінің мен деген франкофондарының өзі бұл мәселеде дәрменсіз болатын. Тек 2000-жылдардың ортасына қарай файл алмасу мүмкіндігі мен YouTube желісі дамыған сәтте ғана бұл жұмбақтың жауабы шешілді. 60-жылдарда ән шырқаған әншінің есімі — Клод Шанн, ол Les Phantomes және Les Champions бит-топтарының құрамында болған. Музыкалық поп-мәдениетте маоизмнің жасындай жарқ етуі сирек құбылыс емес, көбі Нино Феррерден бастап Chairman Mao әнін әуелетіп шырқайтын ескі солшыл Роберт Уайатты тілге тиек еткен еді. Бірақ контрбуржуазиялық Батыстың мәдени төңкеріске дейінгі және сол кездегі Қытайдың басқа да шектен шыққан тірліктеріне жөнсіз масаттануы дәл осы әнде мәңгілікке көрініс тапқан. Бірнеше жыл бұрын оны тіпті Джарвис Кокер озық орындап шықты, бірақ әсіре сезімге берілмеді.