DEVO - MONGOLOID

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

DEVO - MONGOLOID

Ашық дереккөзден алынған

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Жаңа толқынның басты америкалық арт-пранкерлері және Дэвид Боуидың сүйікті тобы 77-жылы қазіргі заманда саяси тұрғыдан алғанда өте орынсыз көрінуі бек мүмкін әйгілі синглды жарыққа шығарады. Кейбір радиостанциялар бір жағынан моңғолоид нәсілді адамдардың көңілін елең еткізетін, екінші жағынан Даун синдромына шалдыққан жандардың шымбайына бататын (mongoloid сөзі сол жылдардың тіл қолданысында осы синдромға шалдыққан адамдарға қатысты қолданылатын) әнді эфирге шығарудан бас тартты. Шындығында, Devo (топтың атауы да осыдан туған) де-эволюция теориясының жақтастары әрі қиялдан жасалған СубГений шіркеуінің тараптастары ретінде ешкімді оғаш сөзбен балағаттау ниетін көздемеген еді, тек кезекті рет тірі адамды нәсілдік немесе медициналық тұрғыда белгілі бір шектеуге ұшырататын қалыптасқан дүниелерді мысқылдауға талпынды. Mongoloid — жоғары дәрежедегі жүрек қылын шертетін, гуманистік туынды. Джон Леннонның мас күйінде дәл осы әнді шырқауы да тегін емес болар.