БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

7. The sea and cake — Bombay

БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

Арчер Превитт мен Сэм Прекоп. 1996 жыл / Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Чикагоның аталмыш керемет пост-рок-командасы шығарған тұңғыш альбомға (1994) кірген ән. Бұл әнді өз жанрына тән қасиеттерге ие дегенімізбен (оны, жалпы алғанда, оңай жанр деуге келмейді), құлаққа жағымды, өте әуезді деп айтуға әбден болады. Мумбай қаласына арналған осы бір әдемі, әсерлі поп-мантра Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» атты романының жақында шыққан сериал түріндегі экранизациясына қосуға жарап-ақ тұр. Әттең, музыкалық редакторлардың өрісі тар ма, әйтеуір, бұл туынды олардың назарына ілікпеді.