THIS HEAT – FALL OF SAIGON

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

THIS HEAT – FALL OF SAIGON

This Heat топ мүшелері. Гарет Уильямс, Чарльз Буллен және Чарльз Хэйвард

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

«Сайгонның күйреуі» This Heat (1979) тобының алғашқы альбомына кірген үрейлі ән, британиялық эксперименталды пост-панк жанрының барша мойындаған классикалық туындысы. Асқан шеберлікпен жазылған бұл сюрреалистік сюитаға арқау болған жайт 1975 жылы сәуірде Оңтүстік Вьетнамның астанасын коммунистік күштердің басып алуы. Әнде Америка елшілігінде қамауда қалған адамдардың мысық сойып жегені (мысықтың аты Сода), одан қалды елшінің жұбайының бауырын, тіпті елшілік ішіндегі жиһазды, телевизорды да жеп қойғаны айтылады. Шынымен осылай болғанын растайтын нақты тарихи деректер жоқ, сондықтан бұл әнді музыкалық галлюцинация деп санаймыз. Соңында мұқтаж жанды аман алып қалмақ ниеті бар әлдебір орыстардың жиынтық образы көрсетіледі, олар елшілік күзетшісін құтқарып алады. Музыка тұрғысынан талдасақ, бұл шығарма Тэтчер заманындағы ағылшын андеграундында гипноз әсерін қалдыратын бірден-бір туынды, осы ретте бұған тең келер жалғыз мысал еске оралып тұр, ол Psychic TV группасының «Terminus» әні.