БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

34. Isobel Campbell - The National Bird Of India

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Изобель Кэмпбелл/Marc Broussely/Redferns/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Изобель Кэмпбелл — ән әлеміндегі жолын BELLE & Sebastian тобында бастаған шотландтық талантты виолончелист. Ол Марк Ланеганмен бірлескен дуэт жазып танымал болды (осы жүздік тізімнің 29-шығарылымы) және осы күнге дейін керемет анық әрі сапалы пластинкалар жазып шығарды. Бұл әндегі «Үндістанның ұлттық құсы» — Оңтүстік Үндінің соғыс құдайы Муруган мінген тауыс құсы. Бірақ Кэмпбелл шырқаған тауыс құсы достық асыра бағаланып, мейірім көнерген тастанды әлемнің бойтұмары ретінде көрініс тапқан, қысқасы, Алексей Хвостенко жырлағандай, «Шаттық құсы жырақтарға кетті ұшып».