БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

36. Mal Waldron — The stone garden of Ryoanji

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Мэл Валдрон /Christian DUCASSE/Gamma-Rapho via Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Өз кезеңінде Билли Холлидеймен бірге өнер көрсеткен Америкалық джаздың алпауыт-пианисті Мэл Уалдрон, Жапония жеріне алғаш рет 1970 жылы соғыстан кейін жарыққа шыққан жергілікті Swing Journal-дың шақыртуымен аяқ басқан болатын. Ақырында Жапонияға ғашық болған музыкант осы елде тұрақтап қалды. Ол екінші мәрте шаңырақ көтеріп, жапондық сылқымды жар етіп алды. Сосын тек аралда ғана жарыққа шыққан бірнеше күйтабақты жазды (айталық, Уалдронның мансап жолында жүзге жуық альбом шығарғанын ескерер болсақ, бұл айтарлықтай жомарттық саналмасы анық).

Әсіресе, музыкант Киотодағы тастан салынған бағымен айрықшаланатын Рёан-дзи деп аталатын дамыл тапқан айдаһар ғибадатханасынан қатты әсерленген. Тітпен ғибадатханаға арнап жеке композициясын шығарып, оны өз кезегінде, Харуки Муракамидің «Норвег орманы» романында суреттелген Dug деп аталатын клубта жаздырған. Осы бір екі музыкалық дәстүр тоғысында туған минималистік жауһар туындыны, жалпы алғанда, тастар бағындағы жапондық блюз десек те болады.