БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

37. Cake — I bombed Korea

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

CAKE/Bob Berg/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Қосарлы сигналдың қас шебері, Калифорниялық Cake тобының әншісі Джон МакКриді — өз кезегінде, тоқсаныншы жылдардағы инди-роктағы ең мықты саркастикалық дауыстың иегері десек жаңылыспаймыз. Аталған топ әліге дейін сахнада жүр, дегенмен рухы мен шығу жолына байланысты тоқсаныншы жылдардың өнімі. Айталық топтың ең үздік әні «Фрэнк Синатра», сондай-ақ «I will survive» (Тірі қаламын) деп аталатын диско-феминистік-ұранға жасаған теңдессіз каверлері дәл сол тоқсаныншы жылдары жарыққа шықты. Аталған тоқсаныншы жылдары топ Корей соғысына қырық жыл өткен соң, мәтінінде «Мен Кореяның әр түн сайын бомбаладым» деген сөздер жиі қайталанатын арандатушы кекесін әнін шығарды. Мұндай саяси сатиралар, жалпы алғанда америкалық рок-н-ролл дәстүрінде белең алған үрдіс, мәселен, Fugs тобының алпысыншы жылдары нағыз хитке айналған «CIA Man» әні сөзімізге дәлел бола алды. Сондай-ақ аталған туынды Кеңестік «Фантом» деп аталатын халықтық-көше әнін (тиісінше, Вьетнам соғысы туралы) де еске түсіреді. 2005 жылы қарлыққан даусымен айрықшаланатын израильдік әнші Зеев Тен «I bombed Korea» әнін ирвит тіліне аударып, Корея сөзін Сидон мен Бейрутке өзгертті. Әннің осы бір нұсқасы 1982 жылы орын алған Ливан соғысына арналған «Вальс с Баширом» (Баширмен вальс; 2008 ж.) деп аталатын мультфильмде шырқалған да болатын.