ULTRAVOX - HIROSHIMA MON AMOUR

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бір жаңа толқын классикасы енді бір жаңа толқын классикасына сілтеме жасайды. Синти-поп жанрының алғашқы британдық үлгісі (1977) соғыстан кейінгі жылдары Хиросимада өткен француз актрисасы мен жапон сәулетшісінің махаббаты туралы Ален Рене таспалаған (оның да аты «Хиросима, махаббатым менің») француз фильміне (1959) негізделген. Рене өз фильмі иірімдей тартып әкететінін айтқан, сол сияқты Ultravox әні де өткен өмірді, күз айларын, көлдер мен раушан гүлдерінің жұпары аңқыған беймарал күйге бөлейді.

Айтпақшы, мұның бәрі жапондық Roland TR-77 маркалы драм-машинада да ойналды. Бір қызығы, алпысыншы жылдары дәл осындай атаумен поляк әнін Анна Герман шырқапты.

Көшірілді