БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

39. Momus — I was a Maoist intellectual

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Ник Карри(Momus)/Wikimedia commons

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Сазгер сексенінші жылдардың соңында Момус деген лақап атпен «Мен музыка индустриясындағы маоистік интеллектуалмын», – деп шырқады (шотландиялық Ник Керри, ол ежелгі мазақ құдайының атын бүркеншік аты қылды). Бұл көрнекті музыка иронигі, кейінгі қырық жылдағы талғампаз әрі ұтымды туындылардың авторың жұмыстарынан әрдайым эротикалық және зиянсыз арандатушылық байқалады (алайда Момус бір-екі рет қиындыққа тап болды, айталық, транссексуал композитор Венди Карлос өзін қорлады деп айыптап, 22 миллион доллар талап еткені бар, бірақ сот онысын қабылдамады).

Осы маоистік өзін-өзі аттестаттауға және басқа мәдени революцияға келетін болсақ, Момус күлдіргінің есіміне деген адалдығынан айныған жоқ. Музыкалық тұрғыдан бұл Леонард Коэн немесе Фил Окстың классикалық айналмалы балладаға жақын туындыларына пародия болғандай. Тақырыптық тұрғыдан алғанда, интеллектуалдығына күмән жоқ, бірақ маоизмге бірдеңесі үйлесіңкіремейтіндей. Себебі Момус әрдайым Жапониямен тығыз байланыста болды, ал Қытайда бір рет болса да болды ма екен деген сұрақ туындап отыр.