LES RITA MITSOUKO — OUM KHALSOUM

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

LES RITA MITSOUKO — OUM KHALSOUM

Les Rita Mitsouko винил күйтабағының мұқабасы/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Жапондық атау жамылған француздық дуэт қайта құру кезінде «Не? Қайда? Қашан?» телеойынына шығып КСРО-ны таңғалдырды. Ол кезде дуэт вокалисті Катрин Ринженің белгілі бір уақытта порноактриса болғанын ешкім білген жоқ, көпшілік оның музыкаға берілген еңбекқорлығын бағалады. «Oum Khalsoum» — бұл Мысырдың ең көрнекті әншісі Ум Кульсумге арналған алғашқы альбомдағы ән (шын аты — Фатима Ибрахим әл-Сайед Әл-Бильтаджи, 1975 жылы қайтыс болды), оның контральтосы араб әлемінің «бас дауысы» деп аталды. Катрин Ринженің өзі (қазір ол 66-да), өкінішке қарай, Еуропаның да, тіпті Францияның да «бас дауысы» бола алған жоқ, оның серіктесі Фред Шишан екі мыңыншы жылдардың соңында қайтыс болды, аталмыш Les Rita Mitsouko тандемінің ғұмыры сол кезде үзілді.

Бірақ сол кезде дәл олардай ешкім ән салған емес, дауысының зарлы әрі асқақ қуатын сипаттауға Малларменің өлең жолдары дәл келеді: «Ол бір өзі сертке берік семсердей, бойыңдағы туа біткен үрейді, тұл дауылдың түнегін дыңылдаған көне үнімен ұрады».