БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

45. Pauline Anna Strom — Bonsai Terrace

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Полина Анна Стром/Aubrey Tennenbaum​ ©All rights reserved

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Полина Анна Стром (1946–2020) — сексенінші жылдары бірқатар көрнекті аспаптық альбомдар жазған, электронды музыка жанрының өкілі, америкалық зағип сазгер. Оның туындылары 2017 жылы белсенді түрде қайта шығарыла бастады, сондай-ақ мақтау-мадаққа да бөленді. Ол композиторлық жұмысын доғарып, синтезаторларын сатты да, өзіне Қасиетті Паула деген атты жамылып, рейки әдісімен емшілікке бет бұрды. Бізге оның әуелие-емшілік жолында көрсеткен нәтижелері беймәлім, бірақ Қасиетті Пауланың музыкалық эскиздерінің емдік әсері бары сөзсіз. Қалай десек те, Bonsai Terrace — сананы тазартатын жапондық сарындағы этюд.