Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Морриссидің бенгалдар туралы әніне орай біз өткен шығарылымдарда сөз қозғаған Винни Рейли — музыканы өзгеше түсінетін музыканттар мойындайтын бірегей манчестерлік гитарист саналады. Сексенінші жылдардың басында өнер көрсетіп бастаған оның Durutti Column тобы формалды және хронологиялық тұрғыда пост-панк пен жаңа толқынға жатады, бірақ олар іс жүзінде дәл осындай жалғыз топ. Олардың стилі мен жүйкесі, өте қысқаша және өрескел түрде айтқанда эксперименталды рок пен заманауи классикаға теңдей жақын келетін негізінен аспаптық гитара скетчтері мен минималистік бесік жырлары.
Тургеневте «Кілемге құлаған гитараның ішектерінің үн қатуы» деген мәтін кездеседі, міне Винни Райли шамамен дәл осылай ойнайды.
«Болливуд» — бұл кейін шыққан альбомдағы туынды, бірақ онда вокал бар. Бұл The Durutti Column-дің классикалық кезеңі үшін сирек болатын құбылыс, бірақ онда әдеттегідей қайталанбас перне драйвы бар, қала берді үнділік әуезден хабар береді.
Айтпақшы, топқа өз атын берген Дуррути колоннасы — бұл Испаниядағы азамат соғысы кезіндегі анархистік құрылым, ал кеңестік-венгриялық «Алиас Лукач» (1976) фильмінде олардың жетекшісі Буэнавентура Дуррутиді білдіреді. Оның рөлін тағы бір таңғаларлық шығыс ізін меңзейтін грузин Вахтанг Кикабидзе сомдаған еді.